Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі



бет6/22
Дата28.11.2023
өлшемі456 Kb.
#484731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Сынып жетекші материалдар

Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырьш өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері мектеп басшылары және сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар жанұялық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады. Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру.
Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын еске алып, тұрған жерлеріне барып жиналыстар өткізуге де болады. Ол үшін алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардыц ата-аналарымсн өткізілетін жппалыстарды мектеп ұжымы жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы лекциялар оқиды. әңгімелср өткізеді. Мұндай жиналыстар ата аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс. Мұғалімдер басшылығымен оқушылар – көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында көрсетеді.
Ата-аналар комитеті
Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы - ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және "қиыни балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар кұрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге баскарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көшпілік жұмысы т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет