Ата-аналар белсенділерімен жұмыс
Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конферснңиясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, енбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.
Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланы жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.
Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен лекцияларда үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.
Әңгімелер мен лекциялардың мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сая баяндалуы қажет. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын тандау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.
Тәрбие жұмыстарыныңғ осындай басты мәселерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, лекциялар оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |