Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім:
|
ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
|
Педагогтің Т.А.Ә.
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар
саны:
|
Қатыспағандар
саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Адам табиғат перзенті»
|
Сабақтың мақсаты
|
1. Балалардың табиғат туралы түсінігін анықтау. Жанды, жансыз болуын дәлелдету.
2. Табиғаттың адам өмірі үшін өте қажет екенін оқушылардың өз пікірлері арқылы
шешім шығарту, адам өмірі үшін өте қажет екенін оқушылардың өз пікірлері
арқылы шешім шығарту, дүниетанымын кеңейту.
3. Оқушыларды табиғатты сүюге қорғауға, қастерлей білуге тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезең
/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының
әркеті
|
Ресурстар
|
01.
|
Табиғат адам үшін жаралыпты. Бар қызық табиғаттан таралыпты – деп ұлы ақынымыз С. Торайғыров жырлағандай, табиғат пен адам әрқашанда егіз. Олар бір — бірімен тығыз байланысты. Бүгін сіздер «Табиғат және біз» атты білімпаздар бәйгесінде табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдеріңізді сарапқа саласыздар.
Тапқыр, білгір дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Сүйсең туған жеріңді,
Табиғат сөзіне анықтамалар беріп, табиғаттың адам өміріндегі маңызын көрсетіп, «Табиғат» тақырыбына кластер құрастыру.
2 — бөлім “Кім жүйрік?” ойыны.
Сайысқа 24 оқушы түгел қатысады. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешеді. Берілген 10 жұмбақтың жауабын дұрыс шешкен 10 оқушы 2 — ші турға өтеді.
Жұмбақ айтам сіздерге,
Жауабын айт, білсеңіз.
Тура тапқан адамға,
Әділ баға береміз.
Жұмбақтар шешу
1. Шаруасы әр саласы, 12 баласы,
Бәйтеректей атасы бар.
Әр баласының отыздан серігі,
Өзіне лайықты көрігі бар. (Жыл он екі ай)
2. Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім тықыр кілем. (Жер мен ай)
3. Жүк тасиды – есек емес,
Мүйізі бар, кесел емес. (Ұлу)
4. Аппақ болып балбырайды,
Жап — жасыл болып салбырайды,
Қып — қызыл боп құлайды. (Алма)
5. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
6. Көлігі жоқ көшеді,
Өзін кезбе деседі. (Бұлт)
7. Аяқ оны басады,
Ауыз оны асады. (Жүзім)
8. Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)
9. 12 айдың біреуі менің атымда
Деп жар салып жүреді. (Көкек)
10. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз)
11. Инебел, қалқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырысқа)
12. Қанаты бар тышқан
Қараңғыда ұшқан. (Жарғанат)
13. Есек құлақты, мысық аяқты,
Түйе ерінді, ешкі құйрықты. (Қоян)
14. Ат басты, арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі, бөкен санды. (Шегіртке)
15. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)
16. Күндіз бар, түнде жоқ,
Түнде бар, күндіз жоқ. (Күн мен ай)
3 — бөлім “Білгенге маржан”.
4 — бөлім “Ойлан, тап!” сайысы
“Ойлан, тап!” сайысында ойыншылар бір — бірінің дайындаған бас — қатырғыларын шешеді.
Таланты талмай ұшар қанаттының.
Әлди әуен, әлемі — өнер оты
Шарпып өтсін лебімен қанаттының.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |