Сынып сағаты «Үнемі оқитын адам табысты адам»


Білімдіге дүние жарық. Білім



бет2/2
Дата19.01.2024
өлшемі169.99 Kb.
#489451
1   2
Коспекты «Ұстаз! Сіздің алдыңызда»

Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.

Ақырын жүріп,анық бас,


Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы

Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.


Адольф Дистервег

…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.


Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани.

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек


В. Маяковский.

Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.


В.О.Ключевский.

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі


Ы.Алтынсарин

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады


Абай Құнанбайұлы

Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.


К.Д.Ушинский

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.


Александр Македонский

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі


К.Д.Ушинский

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,


Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.


Сенека.



  1. Ән: «Ұстазыма» Балалар бірге ән салады

  2. «Ұстаз – ұлы есім» ұстаздарға арналған өлең шумақтары

1-оқушы. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған


Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

2-оқушы. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!


Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

3-оқушы. Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,


Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

4-оқушы. Жалын атып, от боп, бірге жанасың,


Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың

5-оқушы. Мұғалімді анамдай жақсы көрем,


Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

6-оқушы. Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,


Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар



  1. Қорытынды. Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

М –мейірімді Ұ— ұлағатты Ғ-ғазиз А-ақылды Л— лайықты І-іскер М— маман




Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет