Сыныпқа биология пәні бойынша ашық сабақ Тақырыбы: Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі



жүктеу 75.29 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі75.29 Kb.
Ақтоғай ауданы. Еңбекші орта мектебі

8-сыныпқа биология пәні бойынша ашық сабақ



Тақырыбы:Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі.

Химия-биология пәні мұғалімі: Атейхан К

2014-2015 оқу жылы

Биология. 8- сынып



Сабақ тақырыбы: Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі.

Көрсетілім:Белгісіз заттардың иісін анықтау тәсілдері.



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуімен таныстыру

Дамытушылығы: Сонымен қатар оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру. Оқулықтағы мәтінмен суретпен,тірек-сызбалармен жұмыс жасауды дамыту;

Тәрбиелігі:Адамгершілікке, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайд. Тірек-сызбалар. Суреттер.

Сабақ әдісі:
— көрсетілім

- графикалық және биологиялық диктант


— жеке және топтық жұмыс
— қосымша әдебиеттермен жұмыс
— мақал-мәтел сайысы

- тірек-сызба немесе ассоциация


Көрнекіліктер:
слайдтар
— қазақтың мақал – мәтелдері және нақыл сөздері

Сабақтың ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда»

  Сабақты бағалау парағы арқылы бағаланып отырылады



Оқушының аты-жөні

Графикалық диктант

Қосымша ақпарат

(сезім мүшелері)



Мақал-мәтел сайысы

Ассоциация немесе тірек сызба

Биологиялық диктант

4 жол өлең

Қорытынды баға











































































Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

1-слайд 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,сабақта жақсы көңіл-күй қалыптастыру.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

3-слайд.1.Графикалық диктант көмегімен өтілген тақырыптарды тексеру.

«иә»- - «жоқ»-^ белгісімен көрсетеді.

  1. Сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері –рецептор

  2. Анализатор деген ұғымды енгізген ғалым- Сеченов

  3. Адам көзбен сыртқы ақпараттардың -80-90%-дан астамын алады

  4. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік-қарашық

  5. Көздің қосымша мүшесі-сары дақ

  6. Есту мүшесі –құлақ

  7. Төс, балғашық, үзеңгі есту сүйекшелері ортаңғы құлақта орналасқан.

  8. Қатты айғай немесе жарылыс дыбыс жарғағына еш зиян келтірмейді

  9. Тері сезім мүшесіне жатады.

  10. А дәрумені жетіспесе көз ауырады.

Жауабы;



1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Бағалау: оқушылар бір-бірін тексеріп бағалау парағына жазып отырады

10-9 дұрыс-«5», 8-дұрыс –«4» , 5-7 дұрыс-«3»

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.


Алдымен оқушылардың сезім мүшелері туралы тақырыпқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында көздерін байлап «Кім сезгіш» ойынын ойнаймыз.
Алдарына ащы құрт, тәтті конфет, ерлер мен әйелдер әтірлері және түрлі заттар беріледі. Оқушылар қысқа уақыт ішінде, көздері жабулы күйінде әр затты сипап сезу, иіскеп сезу және дәм сезу мүшелері арқылы заттардың атауларын табулары қажет. Осылайша кімнің сезгіш екендігін анықтаймыз.

Көрсетілім бойынша сабақ тақырыбын анықтау



Слайдтар арқылы
Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Анализаторлардың қ ы р т ы с бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.

2. Сөз кезегін сезім мүшелеріне берейік. (көз бен құлақ өткен сабақтарда, қалған сезім мүшелері) (интерактивті тақтада слайдтар көрсетіледі)



Тепе-теңдік мүшесі көру мүшесінен кейін дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтайтын мүше-кіреберіс (вестибула) анализаторы. Жердің өзіне тарту күшінен дененің шынығуында, еңбек етуінде және дене жаттығуында кіреберіс анализаторының маңызы зор. Барлық рецепторлар ішінде кіреберіс мүшесі-адам ұрығында ең алғашқы өсіп жетілетін рецептор.

Кіреберіс мүшесі ішкі құлақта орналасқан, өте күрделі құрылысты аппарат. Ол құлақтың шыға беріс бөлімінен және үш доға қуысынан құрылған



Тері сезімі
Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Сондықтан сыртқы ортада жүретін өзгерістерді ең алдымен тері сезінеді, ақпаратты қабылдайды. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауыруды қабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп. 1см - де, шамамен 100 рецептор бар.

Ауырсыну — бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы. Ауырсыну сезіміне адам үйренбейді. Ал температура өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жылуды бір рецепторлар, ал суыкты басқа рецепторлар қабылдайды. мұндай рецепторлар саусақ, тіл ұшында, бетте және ерінде көп орналаскан.


Сипап сезу  бұл тері сезімі және оны арнайы рецеп­торлар жасайды. Олар саусак, тіл ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралған жүйке ұштары болып табылады. Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондыктан біраздан кейін киімнің тигенін сезінбей қаламыз. Көзді жұмып затты ұстағанда, біз оның пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын анықтай аламыз. Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезім-талдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшық ет сезімі аймағына бағытталады.


Бұлшық ет сезімі
Адам үшін бұлшық ет, буын сезімі өте маңызды. Бұлшық ет сезімінсіз бірде - бір үйлесімді қимыл жасай алмаймыз. Пионинода ойнаушы, скрипкашы, хирург, жүргізуші сияқты мамандық иелерінде бұлшық ет сезімі маңызды рөл атқарады. Бұлшық еттегі сезім арқылы біз нәрсенің салмағын, көлемін анықтаймыз.


Дәм сезу мүшесі.
Тамақты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді.
Тіл ұшы - тәтті нәрсеге,
Орталық артқы бөлігі - ащы,
Алдыңғы және бүйір бөліктері - тұзды,
Бүйір шеті - қышқылды сезеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді. Қышқыл, ащы, тәтті, тұзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады. Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей қалған кезде, тамақтың дәмі өзгереді.

Иіс сезу мүшесі

Адам үшін иіс маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, тамақтың ашып кеткендігі туралы хабар береді. Мұрын қуысында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл пішіні түйреуіш тәрізді, кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал. Хош иісті заттың 1грамының 10млн - нан бір бөлігі адамның қабылдауына жеткілікті.

Қорытынды. Жеке адамдардың өзара әрекеті барлық анализаторлардан сигнал түсетін ми қыртысында жүреді. Барлық анализатордың өзара әрекеті толыққанды тіршіліктің, еңбек іс - әрекетінің міндеті.

3. Сезім мүшелері туралы кім көп мақал-мәтел біледі.

ІҮ. Физминутка. Оқушылардың көздерін жауып дыбыстарды анықтау (слайдтар; су тамшысы, машина дыбысы, табиғат аясында т.б)

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Биологиялық диктант.
И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген --------- негізгі үш:---------,---------- және ----------- буынынан тұрады.
------------ - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.
Жауаптары:
И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген анализатор негізгі үш:
рецепторлар, жүйке жолдары және ми орталығы буынынан тұрады.
Сезімтал мүшелер - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.

2. тірек-сызба (топпен жұмыс). Сезім жүйесі (оқушылар берілген плакатқа сезім мүшелері бойынша алғанын мәліметтерін кестеге немесе тірек-сызбаға түсіру)

ҮІ. Сабақты қорытындылау. 4 жол өлең құрастыру



Құлақпен естіп, көзбен көреміз

Мұрынмен иіс, тілмен дәмін анықтап

Бұлшықет бағдар, терімен сипап сеземіз

Тағы бар мүше вестибула аталған

Тепе-теңдігін ағзаның мәңгі сақтаған

ҮІІ. Үйге тапсырма: Сезім мүшелерінің өзара байланысын көрсетіп өз ойларын қосымша ақпараттармен толықтырып ой-толғаныс жазу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет