Сыныпқа мінездеме



Дата23.06.2023
өлшемі30.5 Kb.
#475323
сыныпқа мінездеме


Сыныпқа мінездеме

Қарағанды облысы Осакаровка ауданы Қарағайлы ауылының №5 жалпы білім бередін мектебінің 6А сыныбына 2022– 2023 оқу жылының басында 11-оқушы қабылданды. Оның «7 » - қыз, «4 » - ұл.

Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді.
Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Сынып жетекшісі Шайхапас У. Балалармен қарым-қатысасы өте жақсы. Балаларды әр дайым береке бірлікке шақырып, өз тәрбиесін беріп отыр.
ФкИС-26 тобының студент: Хоной Айтуған


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет