2-тақырып. Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін әсері
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір-бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар, оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен байытады, топырақты қилармен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырады (насекомдар, кейбір құстар) және өсімдіктердің бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі.
Жер бетінде суда өмір сүретін хайуанаттар адам баласына тамақ, бағалы аң терілерін және тағы басқа да шикізаттар береді. Бүгінде дүние жүзі халықтарының жартысында жуығына белоктқ заттар жетіспейді. Оның ішінде хайуанаттардан алынатын белокты заттардың жетіспеуі 3 млн тоннаға жетеді. Бұл 15 млн тонна ет деген сөз.Сондықтан да мал шаруашылығын ғана дамытып қоймай, сонымен қатар балық және аңшылық шаруашылықтарын жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы бар. Оны Қазақстан мысалынан айқын көруге болады.
Біздің елімізде табиғат байлықтарының бірі- жануарлар дүниесі.Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүтқоректілердің 175 түрі тіршілік ететінін атсақ жеткілікті. Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молаюына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң-құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтай өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр. Бұл ретте Қазақстан аң терісін дайындау жөгінен барлық республикалар ішінен екінші орын алады.Республикамызда тек соңғы бес жылда 16,5 миллион сомға аңдардыңбағалы терілері дайындалып, мемлеектке өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстанда бір миллион 350 мыңға жуық ақбөкен ауланып, одан 23-25 тонна ет, 35-40 тоннадай дәрі жасалатын мүйіз өндірілді. Тек ақбөкен аулаудан алынған өнімдерді өткізуден мемлекетке 23,5-24 миллион сом ақша түсті.
Біздің елде дәмді еті және құнды терісі үшін аңдардың 60-тан астам түрі ауланады. Олардың ішіндегі бастылары- ақ тиін,сусар, бұлғын, ондатра,суыр, дала күзені, түлкі, зорман,ақбөкен, елік т.б. Халқымыздың өскелең тілегі- аңшылық шаруашылығы мен бұл саладағы ғылыми институттар алдында терісі аса құнды аңдар қорын молайтуға шаралар қолдануды міндеттейді. Мамандар жануарлар сиректеу қоныстанған ормандарға жасыл кілем жамылған өзен-көлднрге аңдардың жаңа түрлерін жерсіндіру мәселесімен шұғылдана бастады.Америкадан әкелінген ондатра, су күзені сияқты аңдарды елімізге тарату үлкен табыспен аяқталды.
Сонымен қатар, Қазақстанда аса құнды кейбір аңдарды фермаларда өсіру кең етек жайып келеді.Қазір де күміс қара түлкі, көгілдір түлкі (песец), су күзені және сазө камшаты қолда бағылады. Аң фермалары мемлекетке үлкен табыс береді.
Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін әсері. Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кету немесе нкінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың барысында климат жағдайының, ландшафттың өзгеруінен және өзара тіршілік үшін күрестің нәтижесінде пайда болған құбылыс. Д. Фишердің (1976)есебі бойынша Жер бетінде адамдар пайда болғанға дейін құстардың тіршілік ету ұзақтығы шамамен 2 млн жыл, сүтқоректілер дің өмірі- шамамен 600 мың жыл болған. Әрине, адам көптеген түрлердің жойылып кетуіне себепкер болған бұл процесті де тездетті. Бұл әсер бұдан 250 мың жыл бұрын басталған. Бұлардың бірінші құрбаны ең ірі жануарлар болған Европада осыдан 100 мың жыл бұрын адамдар көптеген жануарлардың, орман пілінің, алып бұғының, жүнді мүйізтұмсықтың мамнттың құрып кетуіне тікелей қатынасты. Солтүстік Америкада шамамен 3 мың жыл бұрын адамдардың қатысуымен мастодонт, алып лама, үлкен ләйлік және т.б. хайуанаттар құрып кетті.
Қазіргі адамның жер бетінде өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл болған. Ол мал өсірумен және егіншІлікпен осыдан тек 10 мың жыл шамасында ғана шұғылдана бастаған. Сондықтан да калған 30 мың жьгл бойына тамак пен киімнің кәзі тек аңшылық қана колды. Европада шөппен коректенетін ең ірі аңдар — мамонттар, альш буғылар қырьглып біткеннен кейін, олармен қоректенетін — үңгір арыстаны, үңгір аюы да жойылып кетті.
Жануарлардың белгілі бір турі эволюцияның дамуында бір ландшафтка я болмаса өсімдіктщ бір түрлсрінің арасында тіршілік етуге бейімделеді. Мысалы, (қырғауыл, қопалы қамыс арасында және тікенекті бұталардың ішініде тіршілік етеді. Сол сиякты шөл және шөлейт аймақтың сәні — қарақүйрықты да айтуға болады. Ауыл шаруашылығының және баска салалардың жедел дамуына байланысты жануарлар саны жылдан жылға азаюда.
Бұрын Қазақстанды мекендеген жабайы түйе, жабайы сиыр, жолбарыс, солтүстік бүғысы, қүлан сияқты аңарды бүл күндері кездестіру қиын. Оған мынадай деректі мысал келтіруге болады. Кейінгі 2000 жыл ішінде жер бетінен жануарлардьщ 110 түрі жойылып кетті. Енді осы кұрып кеткен жануарларды уакыт өлшемімен салыстырып, қай кезеңде калай өткендігін айта кетейік. 110 турдің уштен бірі (38) XVIII ғасыр ішінде қүрып кетіпті, келесі үштен бірі (36) тек бір ғасырда рана жойылып кеткен. Ал қалған бірі (36) соңғы елу жыл ішінде кұрьш отыр. Мұның өзі бүкіл дүние жүзінде халықтың өсуімен бірге, бұрын болып кермеген қуатгы техниканың күшінен жанурлардыд тұракты мекендерінің халық шаруашылығына қажетті салаларға игеруіне байланысты.
Жер бетінде хайуанаттар турлерінің жойылып кетуін 1600 жылдан бсрі нақтылы деректермен дәлелдер тіркеп келеді. Сол уақыттан бері Халықаралық табиғатты қорғау одағынын деректері бойынша (МСОП) Жср бетінен кұстың 94 турі (1,09%) және сүтқорек лердің 63 түрі (3,48%) құрып кеткен. Д. Фишердің (1978) мәліметі бойынша осылардың ішінен қустардың 86%-і, сүтқоректілердің 75% адамдардың тікелей қызметінің нәтижесінде жойылған.
Адамдардың шаруашылық қызметі жануарлар дүниесіне кушті әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде хайуанаттардың біреулерінің саны өседі, екіншілерінің саны азаяды, ал үшіншілсрі тіпті жойылып та кетеді.
Адамдардың жануарларға тигізетін әсерін тікелеі және жанама деп екіге бөлуге болады.
Тікелей әсер етуге жануарларды қуалау, қурту жою және бір жерден екінші жерге көшіру жатады жануарлардың ішінде көбірек азап шегетіндер кәсіпті маңызы үшін ауланатындары, оларды терісі, еті, майы т. б. шикізаттар алу үшін аулайды. Нәтижесінде олар дың саны азаяды, тіпті кейбір түрлері жойылып та кетеді.
Жануарларды есепсіз қалай болса солай аулауды нәтижесінде саны курт азайып кеткгнін әңгіме қылған да Африканы мысалға алады. Африкаға ең бірінш европалықтар келгенде Оңтустік Африканың ірі жануарларын атып ала бастаған. Соның нәтижесінде XIX ғасырдьң аяғында XX ғасырда пілдер, муйізтумсықтар, буйволдар т. б. күрып кетуге жақын қалғаан. Сондай қауіпті жағдай Шырыс және Орталық каның пілдеріне, мүйізтумсықтарына туран. Онда сайын 4—5 мың піл мен мыңға тарта мүйІзтумсықтарДІ атьш өлтіреді.
Ауыл шаруашылық және орман өсімдіктерінің зиянкестерімен күресте басқа облыстың жерлерінен жануарларды әкеліп тарату кеңінен колданылып жүр. Осылай алып келген аңдар, кейде зиянды әрекетімен көзге туседі. Мысалы, Антильск аралына кеміргіштермен күресу үшін мангуст деген жыртқыш аңды әкеліп жіберген. Біраз уақыттан кейін ол жерде ұялайтын қустардың жумыртқаларын немесе балапанын зиянын тигізсе, екішіден қутыру ауруының таралуна| себепші болған. Көпшілік елдерде аңдар қорын молайтудың ен бір тиімді жолы хайуанаттардың жаңа өкілдерін әкелу болып табылады. Жаңа Зеландияда жануарлар дүниесі өте аз, сондықтан Европадан, Азиядан, Австралиядан, Америкадан құстың 31 түрін, сүтқоректілердің 34 түрін, балықтардың бірнеше түрія әкелініп. жіберілген. Олардың бәрі де сол жерге жақсы көндігіп кеткен.
Транспорттың дамуына байланысты көзделмеген кездейсоқ жануарлардың жер шарыньщ әр турлі аудандарына таралуьна мүмкіншілік беріп отыр. Мысалы, АҚШ аэропортында 10 жылдьщ аралығында самолет ішінен 50 мың насекомның залалды турін тапқан. Кейінгі 2—3 жыл ішінде теміржол транспортымен Алматыға бірінші рет егеуқұйрық келді. Адамдардьң жануарларға тікелей әсеріне арам шептер мен ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресте химиялық заттардан өлетін жануарларды да жатқызуға болады. Химиялық заттармен жумыс істегенде көп-жардайда адамдарға пайдасы кәп жануарлар өлімге ұшырайды. Сол сияқты өндіріс қалдықтарын, улы заттарды ағын суларға жіберу арқылы баралы балықтарды, су жануарларын уландырып өлтіру де жатады.
Адамдардыд жануарларға тигізетіы жанама эсері техникалық прогреске тікелей байланысты. Өзендерде тоғандардың салынуы, ағаштарды кесу, тың жерлерді жырту, батпақты кептіру, қалаларды, жолдарды салу, ауаны, топырақты, суды ластау т. б. Міне жоғарыда айтылғандардын бәрі кәдімгі табиғи ландшафты және жануарлардың тіршілік жағдайын өзгертеді.
Жануарлардың кейбір турлері өзгерген ортаға бейімделіп саны көбейіп, жан-жаққа тарала береді. Көгершіндер, қала торғайы, ала қарра және тағы басқалары.
Қаланың өсуі жануарлар өмірін түбірімен өзгертеді, көптеген ірі сүтқоректілер құрып кетеді.
Адам шаруашылыры қызметініқ әсерінен өзіндік ерекше жануарлары бар жаңа антропогенді ландшафтар пайда болды. Қейбір жануарлар сол антропогенді ландшафтардан өздеріне қолайлы жағдай тапқан. Мысалы, үй және дала торғайы, ауыл және қала карлығаштары, ақтумсық қарғаны, қара қарғаны, кептерді, егеуқұйрықты, насекомдардын кейбір түрлерін тек кана сол жерлерден кездестіресің. Антропогенді ландшафтың , жануарлары түр жағынан санаулы ғана болғанымен, сан жағынан өте көп.
Негізгі әдебиеттер: [1-5] (35-98)
Қосымша әдебиеттер: [1-2] (179-195)
Достарыңызбен бөлісу: |