Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті


-4-5- тақырып. Ерекше қорғалатын территориялар. Қорықтар



бет18/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

3-4-5- тақырып. Ерекше қорғалатын территориялар. Қорықтар

1.Алматы


2.Ақсу-Жабағылы

3. Барсакелмес

4. Наурызым

5. Қорғалжын

6. Марқакөл

7. Үстірт

8. Батыс Алтай

9. Алакөл

10. Қаратау

Дүние жүзінің қорықтар территориясында қорғау тәртібі, атқаратын қызметі, негізгі бағыты әр елде әртүрлі. Сондықтан қорғайтын территориясының маңызына қарай оларды қорықтар, заказниктер, резерваттар ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөлген КСРО-да табиғатты қорғаудың формасы заказниктер мен қорықтар, ал шет елдерде—ұлттық парктер мен резерваттар.

ҚСРО мемлекеттік жоспарлау және ғылым мен техника жөніндегі КСРО мемлекеттік комитет бекіткен 1981 жылғы 27 сәуірде «Мемлекеттік қорықтар—табиғат ескерткіштері, ботаникалық бақ пен дендрологиялық парктер, зоологиялық парктер, заказниктер мен табиғат ұлттық парктер туралы негізгі ережелері заң жүзінде қорғалатын әрбір территорияның ережесіндегі ерекшеліктерін анықтайды және бекітеді. Алғаш Россияда қорықтар ұйымдастыру бастамасы В. В. Докучаевтан басталады. Ол топырақты дұрыс пайдалану үшін (адам қызметі жүрмеген) адам аяғы баспаған жерде ғана зерттеп білу керек деп атап көрсетті. Ол қорықтардың эталондық маңызын тәжірибе жүзінде дәлелдеуді және мұндай эталондарды дүрыс пайдалану үшін кез келген ландшафтьщ өсімдіктері мен жануарларынан да ұйымдастыру қажет деп біледі.

Табиғи ландшафты қорғау үшін, біздің планетамыздағы генофондыны сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғи лабораториясына айналған қорықтар территориясының маңызы өте зор. Сол сияқты туризм жақсы дамыған біздің елде, дүние жүзінде кµз тартатын жердің бірі де сол қорықтар. 1983 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша дүние жүзінің 124 елінде 4 млн км2 жер көлемін алып жатқан 2600-ден артық ірі қорықтар территориясы бар. Дүние жүзінде ењ үлкені қорық — Гренланд ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 миллион гектар.

Табиғат эталоны деп, табиғи, адам қызметімен бұзылмаған, белгілі бір географиялық аймақтың қасиеті бар жерлерді айтады. Қорықтар өз міндеттерін дұрыс атқару үшін, сол жерге тән табиғи жағдайлары болу керек. Қорықтарды ұйымдастыру кезінде, адам қызметінің әрекеті әлі тие қоймаған жердің аумағын алады. Бірінші кезекте құрып кету қаупі төніп тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады. Қорықтардың табиғат эталондарын қорғауда ардың негізгі маңызды қасиеті, қорық территориясын-ағы өзгерістер адам қызметінің қатынасынсыз өзімен өзі жүруі. Сондықтан көптеген қорықтар егер антропо-ндік ландшафтардың ортасында орналасса, өнеркәсіп пен құрылыс, ауыл шаруашылық жұмыстарының әсері тимеуі үшін қорық өзінше 2 километрлік қорғаныс зонасын жасайды. Қейбір жағдайда қорықтар табиғаттыц ерекше бір құбылысын қорғайды, мысалы Камчаткадағы гейзерлер (уникальные заповедники). Кейде қорықты ұйымдастыруға сол жерде кездесетін (сирек) минералды қазба орындары да себепші болады (Ильменский заповедник).

Қорық — ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсімдіктің, жануарлардың түрлерін және өлі табиғаттың бөлшектерін жеке объектілері мен құбылыстарын сақтауға µте қолайлы. Қорықтардьщ тағы бір ерекшелігі өсімдіктер мен жануарлардьщ генофондысын сақтайды. Соньщ нәтижесінде биогеоценоздың қасиеті мен құрылысы жайында хабар беріп отырады. Қорық территориясындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қорық маңындағы жерлерге тарап отыруы да өте маңызды iс.

Жануарлардьщ бағалы түрлерінің, аз да болса өсімдіктердің кұрьп, қиын жағдайда болуы, оларды қайткен күнде де сақтау қажеттілігі ҚСРО-ның алғашқы жылдарында қорықтар ұйымдастыруға мәжбүр етті. Көптеген кеңес қорықтары шьн мағынасында осы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылды. Байкал қорығы — бұлғынды, Қазақстанда Барсакелмес қорығы — құланды, Қорғалжын қорығы — қоқиқазды сақтап, көбейту үшін т. б. Өсімдіктердің жеке түрлерін сақтап қалу үшін Пицунд қорығы, Галичья тауы қорығы т. б. ұйымдастырылды. Қорық жерінде саны белгілі дәрежеде кебейген қорғалған жануарлардың түрі басқа көршілес жерлерге (көшеді) таралады.

Мысалы, Воронеж қорығы құрылғанда бірнеше жұп кәмшат болған. 60 жыл өткенен кейін сол қорықтың жерінен ҚСРО-ның 70 облысына шамамен 5 мың кәмшат таратылған.

Біздің елімізде қорықтар µзінін, правосымен, қызметкерлерімен мемлекеттік ғылыми мекеме. Қорықтар жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол ғылыми жұмыстарды қорықтың ғылыми қызметкерлері, сол сияқты басқа мекемелердің, жоғары оқу орындары ның ғалымдары, аспиранттары мен студенттері жүргізеді. Қорық қызметкерлері мен басқа мекемелерді мамандарының бірігіп ғыльми жұмысты жургізуле қорықтың табиғи кешенінің жоғарғы дәрежесінде өтуін себебін тигізеді.

ҚСРО-да (1980) жалпы жер көлемі 13 миллион гектардан артық 143 қорық бар. Барлық қорық Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ұйымдастырылды десе де болады.

Республикамыз табиғи ресурстарға аса бай. Жоғарғы сатылы өсімдіктерді 5000-нан астам, аңның 175, құстың 488, бауырымен жорғалаушылардың 49, қосмекенділердін 12 түрі, балықтың 104 түрі кездесетін біздің өлке дарқан байлықтарының молдығымен мақтана алады. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын, өз-өзінен өне беретін дүние емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде аялай қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек Сондай шаралардың бірі —«Жер жаннаты» деп аталатын небір тамаша өңірлерді қорыққа айналдыру, «Табиғи ескерткіші» деп жариялау болып табылады.

Бұл салада біздің республикамызда соңғы жылдары біраз жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Қазақстан Жоғарғы Қеңесінің 1962 жылы табиғатты корғау туралы заңы шықты. Мұнда табиғи территорияны қорғаудың бірнеше категориялары атап көрсетілген. Олар қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштері. Осы уақытқа дейін заказниктер мен табиғат ескерткіште-рінің ережесі жасальш, бекітілді

(1969 ж.). Сондай-ақ 1972 жылы Қазақстан Мемлекеттік қорықтарының ережесі де шықты. Бұл құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудағы мақсат пен міндеттер, қорғау режимдері айқын көрсетілген. Сол сияқты республикамыздағы қорықтардьщ жүмысын жақсарта беру мәселесіне үнемі көңіл бөлініп отырады. Оған Қазақстан Министрлер Кеңесінің соңғы жылдары шығарған бірнеше қаулылары дәлел. Мәселен, 1968 жылы шілденің 9-дағы № 404 «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1969 жылы қаңтардың 24-дегі №38 «Қорғалжын мемлекеттік қорығы туралы», 1974 жылы тамыздың 24-дегі № 445 «Қазақстан мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 жылы шілденің 12-дегі № 319 «Қазақстанда қорықтар жұмыстарын кақсарту туралы» қаулылар бұған аян. Бұл шаралар-дың өңіріміздегі қорықтардың шаруашылық ғылыми кұмыстарын жақсартуда ролі зор болды. Онда республика қорықтарында қол жеткен табыстары аталып көрсетіліп, орын алып отырған кемшіліктерді жою шарала-ш анықталды.

Қазір Қазақстан территориясында көлемі 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық (Алматы, Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл және Үстірт), кµлемі 5,4 миллион гектар жері бар 50-дей аңшылық заказниктері, көлемі 5,6 млн гектардай 42 зоологиялық және 18 (217 мың га) ботаникалық объектілер қорғалатын заказниктер, 3 табиғат ескерткіші бар. Бұл қорықтарда, бұрын даламызда мекендеген, соңғы кезде саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек өсімдік түрлері қорғалады. Сондай-ақ қорықтар өзінің сұлу табиғи керінісі, онда өсетін агаш түрлерінің ерекшеліктерімен де бағалы. Қорықтардың кейбіреуі табиғат қорғаудың халықаралық одағы жанындағы ЮНЕСКО ұйымының құрамына енген.

Орта Азия мен Қазақстан µңірінде арнаулы қорыққа айналдырылған орындар көне дәуірлерден бастап болғандығына дәлел боларлық дәйекті мәліметтерді аңыз-әңгімелерден, нақыл сөздерден, жер-су аттарынан және тарихи жазба деректерден көптеп кездестіреміз. Мәселен, Сәтімбеков Рысбайдың зерттеулеріне қарағанда, оныншы ғасырда Бұхара жерінде Шамсабад қорығы болғандығын, оның айналасы топырақ дуалмен қоршалып, ішінде көптеген жабайы жануарлардың ұсталғандығын Орта азиялық тарихшы Мұхаммет Наршахи баяндайды. Ал, Қазақстан жерінде қорыққа айналдырылған орындар одан да ерте замандарда болған. Оған дәлелді атақты тарихшы В. В. Бартольд еңбектерінен кездестіреміз. VI—VII ғасырларда Жетісу жерін мекен еткен үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, саяси салкын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жайылмайтындығын, мезгілсіз аң ауламайтындығын жазды. Жетінші ғасырда Шығыстан шыққан жиһангез Сюан Цзань Талас өңірінде болып, Бинюй «Мың бұлақ» _ деген жердін, табиғат єсемдігі мен хан қорығындағы мүйізді бүғылардыњ, кептігін жазады. Сол сияқты Талас жазығында «Құлан қамалған», «Кұлан қорық» деген жерлер бар. Олардьщ айнала шеті топырақ дуалдармен қоршалған. 1897 жылы археолог В. Каллаур «Құлан қорық» деген жерде болып, қорықтан қалған дуал іздерін, төңірегіндегі елді-қоныс орындарын ањғарған. Бұл .алқапта құландардың болғандығына дәлел боларлық атаулар көп-ақ («Құлан тау», «Құлан су», «Құлан асуы» ,«Бала құлан» және т. б.)

XVIII ғасырда кейбір шұрайлы жерлер мен жануарлардьщ түрлерін қорғау жөнінде бірнеше үкімдер шықты. I Петр кезінде еменді тоғай мен шоқ, қарағайлы ормандар қамқорлыкка алынды. Москва түбіндегі Измайлов орманы қорық деп жарияланды. Санкт-Петербург губерниясында бұланды атпау туралы үкім жарық көрді. 1722 жылы арнаулы нұсқауда өзен жағаларында су тазалығын сақтау жерлерін қ±ру белгіленді.1763 жылы І-ші наурыздыњ І-нен шілденің 29-на дейін ањ аулауга тыйым салған, ал 1835 жылы балықтар уылдырық шашатын өзен-көлдерді қорғау мен оларды қорыққа айналдыру зањдары шықты. Жалпы алғанда Петрдің табиғатты, әсіресе орманды, қорғау жөнінде үкімдері көп болды. Бірақ сол заманда бұл маңызды заңдармен санасушылар өте аз болды. Табиғат байлықтарын талан-таражға салу күшейе түсті. Орманда жаппай ағаштарды кесу, заңсыз аң-құс аулау кең етек алды.

Елде табиғатты қорғау жөнідегі кең қозғалыс 1908- 1915 жылдары басталды. 1912 жылы Орыстың Географиялың қоғамы табиғат қорғаудың түрақты комиссиясын ұйымдастырды. Осы комиссияның мүшесі С. В. Завадский 1915 жылы «Қорықтар туралы ереженің» жобасын дайындады. Ғыльм Академиясының талап етуі бойынша 1912 жылы Грузияда Лагодехи қорығының құрылуы табиғат ресурстарын қорғауды талап еткен әуесқойлар жемісінің еңбегі деп білу керек. Дегенмен, патшалық Россия кезінде көрікті орындар мен саны азайған хайу наттарды қорғайтын шын мәніндегі қорықтар болған жоқ.

Қорықтар ұйымдастырудың мәні мынада: 1) қорық үшін адамның қолы әлі тие қоймаған табиғаттьщ тамаша жерлері бөлінеді; 2) онда баска да табиғат кешендерім» бірге сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдіктер қорғалатын болады; 3) қорықтар табиғи географиялық аймақтардың үлгісі (эталоны) қызметін атқаруға тиіс; 4) ондағы табиғи процестер өз заңдылығымен жүруге тиіс; 5) ең алдымен жойылып кету қаупі туып ұрған табиғи орындар қорық деп жарияланды. Сөйтіп, қорық — табиғаттың сол бұрынғы қаз қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі, соның үлгі-ошақтарын салу үшін ғана емес, сол сияқты олар — бальқтардың тіршілік ететін мекендері және таза ауыз суының нағыз көзі. Академик И.П.Бородин: «Табиғат қазыналары, мысалы, Рафаэль суреттері сияқты тамашалар: оларды құрту оңай, бірақ қалпына келтіру қиын»,— деп атап көрсетті. Бізді қоршаған ортаның талай әсем көріністері бірнеше мыңдаған жылдардан бері ақын өлеңіне, композиторлардың музыкасына арқау болып келеді. Ревояюцияның жалынды жаршысы Максим Горький: «Мені қаңғыбастықтан құтқарған табиғат» десе, орыстың атақты ғалымы В. В. Докучаев: «Біздің топырағымыз алтыннан да қымбат» деген болатын.

Туған жер табиғаты — халқымыздың ұлттық мақтанышы. Елінен алыс жүрген адамдардың «Қайран айдын көлім», «Қалың орманым», «Кең қонысым, жайлауым» деп туып-өскен жерін сағынуы онымен жаны да, әні де бір екендігін байқатады.

Біз табиғатты халық үшін, қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін қорғаймыз. Табиғат— адамның бүгінгі тіршілік етіп отырған және мәњгілік тіршілік ете беретін ортасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет