Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті


- тақырып. Құрып бара жатқан және аз кездесетін жануарларды қорғау



бет31/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

10- тақырып. Құрып бара жатқан және аз кездесетін жануарларды қорғау

Саны өте аз қалғандықтан құрыпкетуге жақын тұрған жануарлар ерекше қорғауға алынуды қажет етеді. СНГ одағында саны таусылуға жақын тұрғындарға негізінен кәсіпьік жануарлар жатады.Бұрын біраз жылдар бұрын қазіргі аз кездеседі деп жүрген жануарларымыз көп тараған және саны да жеткілікті болатын. Патшалық Россия кезінде аяусыз аулаудың әсерінен көптеген түрлер жойылу алдында ғана тұрды.Октябрь революциясынан кейін барлық саны аз хайуанаттар қорғауға алынып,аулауға тиым салынды.Олардың саны көп және жақсы сақталған жерлерінде қорықтар ұйымдастырылды.Сөйтіп өзен құндызы,бұлғын,жұпар тышқан /выхухоль/ құлан сияқты хайуанаттар қамқорлыққа алынды.Жануарларды қорғаудың негізгі міндеті,олардытіршілік ететін жерлерінде қолайлы жағдай туғызу санын көбейтіп, қайтадан кәсіптік жануарлардың қатарына енгізі болып табылады.

Бұл мақсатты орындауға болатындығын Совет Одағының тәжірибесі көрсетіп отыр. Мысалға,зубр,құндыдар,бұлғындар,бұландар,ақбөткендер.қарқара/ цапля/ Октябрь революциясына дейін саны жағынан құрып кетуге жақын тұрған хайуанаттар болатын.Революциядан кейін адам қамқорлығына алынған бұл хайуанаттар құрып кету қаупінен құтылды,көпшілігі кәсіптік хайуанаттардың қатарынан орын алды.Мысалы, бұрын аз деп есептелген ақбөкен қазір Қазақстанда жыл сайын тонналап ет және бағалы мүйіз беріп отырғаны жоғарында айтылды.

Осылай Қазақстан бойынша қайтадан қалпына келе бастаған жануардың бірі құлан. Көп жыл бойы Арал теңізінің ортасындағы Барсакелмес корында қорғауға алынып,бағып күтілген құланың саны көбейіп,күні кешк ғана Алматы,Талдықорған облыстарында бостандыққа жіберілді.Түркмениядағы Бадхыз қорығына бүгінгі күні мыңға жуық құлан тіршілік етіп,көбейіп келеді.Қүлан бұрынғы кезде Волга өзенінен Алтайға дейінгі жазық далада,Орталық және бағалы терісі үшін көп ауланған құлан тек адамның көмегімен ғана құрудан аман қалды.

Уссурий жолбарысы.Бұрын Қиыр Шығыс тайгасында көп кездескен.Көптеп атудың әсерінен СНГ-де жүзге жетпейтін ғана,Корея түбегі мен Маньчжурияда бұдан да аз жолбарыс қалған.Бізде жолбарысы қорғауға алынған және аулауға тыймыр салынған.Тек зоопарктер үшін ғана ұстауға рұқсат етіледі,қазір саны 150-ге жетті.

Ақ аю.Бұрын Арктикада өте көп тараған жануар болатын.Бұл да адамдардың көптеп аулауынан саны өте азайып кеткен.Совет Одағының Арктика бөлігінде 1957 жылы аулауға тыйым салынып,Врангель аралында арнайы заказник құрылды.Саны 22 мыңға жетіп қалды. Калан немесе теңіз камшатты /морская выдра/.Бұрын Тынық мұхитының солтүстік аралдарында көп мөлшерде тіршілік еткен.Мұны жүні әдемі терісі үшін бұрын кәсіптік мақсатта көптеп ауланған.XVIII ҒАСЫРДА КАМШАТ ТЕРІСІ МЫҢДАП ДАЙЫНДАЛҒАН. Осының әсерінен XIX ғасырда түгілген жақын құрып кеткен.Совет Одағында өте аз мөлшерде Командор және Куриль аралдарында ғана сақталып қалды.1924 жылы Совет Одағында камшат аулауға тыйым салынған кезде бар болған 350-і қалған еді.Қорғауға алудың арқасында саны жеті мыңға жетіп отыр.

Ақ тырна/стерх,белый журавль/- өте аз кездесетін құс.Таралу ареал өте тар,ол Совет Одағында оқшауланған екі колониядан тұрады.Оның бірі- Солтүстік Шығыс Якутиядағы Яно- Индигир тундрасында болса,екіншісі – Батыс Сібірдегі Обь өзенінің төменгі жағы.Яно-Индегирде 300-350 жұбы бар. Қазақстанда бұл құс тек маусымдық ұшу кезінде ғана болды.Аздап Ембі,Торғай өзендерінің, Арал теңізінің жағаларынан көктем уақытында кейбір жылдары байқалады.

Қара тырна/ черный журавль-мольк/- өте аз кездесетін және аз зерттелген құс.Аздап Орталық және Шығыс Сібірде кездеседі.Бұрын Батыс Сібірде ұя салған,қазір Шығыс Сібірдің кейбір жерлерінде ғана сақталған.Мұның құрып бара жатқан құс екені талассыз.Қыстайтын жеріЖапонияда 2800-дей қара тырна бар көрінеді.

Біздегі өте аз және ерекше қорғауға алынған жануарларға:жұпар тышқан/выхухоль/, морж,теңіз мысығы/морской котик/,ибис/ тырна-құтан/,қысқа казарка/казарка белощекая/,жабайы қытай қазы/гульсухоное/,қабыршақты крохоль/чешуйчатый крохоль,реликт шағала/реликторовая чайка/,тибет шожасы/ тибетская саджа/ т.б. жатады.

Өте аз кездесетін және құрып кету қаупі бар жануар түрлеріне кейінгі кезде қаупі бар жануар түрлеріне кейінгі кезде табиғат қорғаудың Халықаралық одағы назар аударып, Халықаралық Қызыл кітапқа енгізе бастады.Қызыл кітапқа ену – төніп келе жатқан қауіптің дабылы деген сөз.1972 жылға дейін халықаралық Қызыл кітапқа 292 сүт қоректілер,341 құс,199 бауырымен жорғалаушылар,36 қос мекенділердің түрлері енгізілді.1978 жылы жарық көрген СНГ Қызыл кітабына 43 сүт қоректілер,44 құстар,21 бауырымен жорғалаушылар,8 қос мекенділер енген.

Қазақстан территориясында тіршілік етіп, құрып кеткен жануарларға мысал ретінде – жабайы жылқыны / лошадь Прживальского/ алуға болады.Бір кездерге жабайы жылқы Қазақстан территориясында көп таралған.Бұдан соң адамдардың кырып- жоюынан таралу ареалы және саны күрт кеміп,ақырында құрып кетті.Осы кезде бұл жылқы Орталық Монголияның еслсіз жерлерінде ғана сақталып қалды.Сол жерден бұл тұяқты жануарды алғаш тапқан атақты саяхатшы Н.М. Пржевальский болғандықтан саяхатшының атымен аталады.Пржевальский жылқысы көптеген үй жылқыларының түпкі атасы болғандықтан бұл бағалы аңның тағдыры дүние жүзі ғалымдарын алаңдатып отыр.1957 жылы Парижде жабайы тұяқтыларға арналған коллоквиум болды.Ол коллоквиум Қытай Ғылым академиясынан және Монголия Ғылым комитетіне дүние жүзілік мәні бар,Пржевальский жылқысын қорғауға алуды сұрап,тілек білдірді.Ал 1959 жылы Прагада Пржевальский жылқысын арналған қорғауға алуды сұрап, тілек білдірді. Ал 1959 жылы Прагада Пржевальский жылқысына арналған симпозиум құрған арнайы комитет тағы да Қытай және Монголия үкіметіне иез арада осы жылқыны қорғауды ұйымдастыру жөнінде тіліе білдіреді.

Бұл жылқының ғалымдарды аалаңдатуының жөні бар еді. Осы ғасырдың 40 жылдары Монголияда көптеген табындары болса, 1959-1960 жылдары бүкіл Монголия екі ғана табыны сақталып қалды, оның бірінде 14,екіншісінде бар болғаны 6 жылқы қалған. Бұлай азаюына негізгі себеп болған жылқы ішетін судың аздығы болды.ал судың азаюы әрине адамның әрекетіне байланысты. Сосын бұл жылқы өте қорқақ , адам жақын жерде жоламайды.Пржевальский жылқысын бүгінгі күкні сақтап қалу өте қиындап кетті.Бірақ үміт бар,Аскания-Нова қорығында бірнеше таза қанды және будандары тіршілік етеді.

Бұрын Қазақстанда тіршілік етіп, құрып кеткен жануарларға жабайы қос өркешті түйе де жатады.

Кейбір ғалымдар осы ғасырдың басында Қазақстан жерінен қызыл қасқырды байқаған. Мысалы,отызыншы жылдары Жоңгар Алатауынан жылына 2-3 қызыл қасқырдың терісі алынған/ Слудский,193/.Жалғыздан Марқакөлдің ,Зайсан қаласының оңтүстігінде,Талас Алатауында байқалған/ Кузнецов,1948,Огнев,1931,Палаков 1914/.Қырғыстан мен Қазақстанның шекарасындағы Қарабалта өзенінің маңынан қызыл қасқырдың бірі атып алынған.Көп ғалымдар бұл қасқырдың өте аздығын көрсетеді.Өткен ғасырда бұл хайуан тарбағатайда әжептәуір көп болған,Кейінгі жылдары қызыл қасқырды көрген адам жоқ.Тек адам болмайтын түкпірлерде бірді-екілі сақталуы мүмкін.Өте аздығынан қызыл қасқыр СНг Қызыл кітабына еді.

Қазақстанда өте аз кездесетін бағалы хайуан- көк суыр / сурок Меразбара/.Көк суыр Бадам,Угам,Сайрам өзендерінің аайырында 400 км/кв жерде,теңіз бетінен 2000 метр биіктікте тіршілік етеді.Бадам аймағында 1961,1962жылдары 1 км/кв жерде шамамен 30 суыр кездескен.Угам өзенінің маңындағы Семізсаз,Үшқаратал сайлары,Сайрам өзенінің жоғарғы жағы көк суырға әжептәуір бай болған.1944- 1946 жылдары 1 км/кв жерге 60-120 судырдан келген.Ал 1962 жылы азайып,сондай көлемдегі жерде 50 суыр келген.1962 жылы азайып, сондай көлемдегі жерде 50 суырды уалауға тыйым салынғанымен 1972 жылға дейін,браконьерлерді былай қойғанда Ленгер,Георгиев дайындай мекемелерінің өзі аулауды жағастыра берді.Қазір көк суыр өте азайып ,қорғап қалуды қажет етіп отыр.

Совет Одағынан тыс жерлерде кездесетін,құрып кету бар жануарларға пржевальски йжылқысы мен қос өркешті түйеден басқа мына хайуанаттар жатады:тақ мүйізді Азия мүйізтұмсығы/Индия/,Цейлон пілі /Шри-Ланка/,Азия арысианы/Аравия/,Тасман қалталы қасқыры/ Тасмания/,шиншила /Оңтүстік Америка/,эскимос кроншнебі/Солтүстік америка/,ақ тұмсық тоқылдақ/ Оңтүстік Америка /,гаттерия/Жаңа Зеландия/ т.б.



Негізгі әдебиеттер: [1-5] (128-135, 298-331)

Қосымша әдебиеттер: [1-2] (86-97, 112-169)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет