11- тақырып. Шаруашылық мәні бар және аз кездесетін өсімдіктерді қорғау
Жер шары өсімдіктер дүниесі өте бай және олар алуан түрлі.Планетамызда 500 мың өсімдіктің түрі белгілі,оның ішінде 300 мыңы жоғарғы сатыдығы өсімдіктер.Бұлардың ішінде 2500 жоғарғы сатыдағы және 20 мың спорлы өсімдіктер адам баласының күнделікті тұрмысында пайдаланылады.
Еліміздің тундралары мен тайгаларында,жазықтары мен шөлдерінде,құмдары мен тауларында құрылысы,пайдасы жағынан да алуан түрлі өсімдіктер өседі.17500 жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің біразы шипалық шикізат болса,кейбіреулері малдың азақтаранаң құрамына кіреді,үшіншілері- жеміс-жидекті, егістік өсімдіктердің ататегі ретінде генетикалық қор болып табылады.Алайда бұл мақсаттарға бар болғаны 250 түр ғана пайдйланылады.арнайы немесе жанама жасалған адам әрекетінің ықпалына көбіне лсы өсімдіктер ұшырайды.Сондықтан да,табиғатты қорғау жұмысында осы өсімдіктерге баса назар аудару қажет.Сондай- ақ кейбір аудандардың өсімдік дүниесінің әлі толық зерттелмегенін де естен шығаруға болмайды.Ғалымдардың деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы үшін,қазіргі кезде 600 жабайы өсімдікке назар аударылып отыр.Көгалдандыру жұмысы үшін көптеген жабайы өсетін,әсем өсімдіктерді пайдаланудың болашағы зор.Бұадан көретініміз жабайы өсімдіктер адам пайдаланылатын өсімдіктер тізімін толыстыра түседі деген сөз.
ТМД қорықтарында барлық өсімдік түрлерінің 30 процент қорғауға алынған. Сол өсімдіктерді қорықтан тыс жерлерде де қорғауды ойластыру керек.Бұл мәселе қорықтарда қорғауға алынған өсімдіктердің генетикалық қорын болашақтағы селекциялық мақсатта пайдалану қажеттілігінен шығып отыр.Мысалы,Орта Азияның өзінде селекциялық жұмысқа жарайтын 300-ден аса жабайы өсімдік түрі бар.Қазақстан,Батыс Сібір,Кавказ, жазықтары болашағы үміт күттірітін жабайы өсімдіктерге бай.Ал Қиыр Шығыс көптеген жеміс- жидекті,жаңғақты,дәнді дақылдардың,жүзімдердің,мал азықты өсімдіктердің лтаны болып табалады.Бұл жұмыстар Н И Вавиловтың екпелі өсімдіктердің шығуының ботаника- географиялық орталығы жөніндегі зерттеулері арқылы анақталғанына баса назар аударамыз.Ондақтағы ботаникалық заказниктер мен қорықтардың аз кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді зерттеп,сақтап және көбейту жұмысының мәні зор.Мысалы,женьшень өсімдігі Қиыр Шығыстағы «Кедровая падь»қорығында қорғалады.Астрахань қорығында өте аз кездесетін лотос өсімдігі бар.
Сымбатты майқарағай жер шарында тек қана Қиыр Шығыстағы Кропац қорығында,Эльдар қарағайы тек Закавказьедегі Турпанчай қорығында ғана өседі.Карелиядағы жиырмадан астам ботаникалық заказник тек қана аз кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктердің тұқымын жинаумен айналасады.ТМД жүзден астам ботаникалық бақтар бар.Көптеген мамандар ол бақтардың ірілері екпелі өсімдіктердің коллекциялық участкілерін жасап,оларды сақтап қана қоймай,көбейту жұмысымен айналасуы тиіс деген ой ұсынады.
Өсімдіктердің әр түрінің тіршішлігі басқа өсімдіктер мен жануар компоненттерімен,табиғат комплексінің абаиотикалық факторларымен тығыз байланысты.Сондықтан аз кездесетін өсімдіктерді қорғау жұмысы,олар енетін өсімдіктер бірлестігін,олардың тіршілік ортасын қорғау арқылы жүруі тиіс.Мысалы,табиғи жайылымдар мен шабындықтардың құрамына ТМД флорасының 60 проценті енеді.Бұл жерлерде жүргізілетін шаруашылық жұмыстарында өсімдік түрлерін қорғау шаралары естен шықпағаны жөн.
Өсімдіктер қорғау ТМД тек мемлекет аумығында емес халықаралық аумақта да қолға алынды.ТМД Одағының қатысуымен құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың сауда қатынысын жасау жөнінде 80 мемлекет қатысқан Конвенцияға қол қойылды.Бұл үлкен жұмыста аз кещдесетін өсімдіктердің қорына зиян кедмеу жағы қатты қадағаланады.
1981 жылы жарық көрген «Қазақ ТМД Қызыл кітабына « енген барлық өсімдіктердің 20 түрінің құрып кету қаупі бар,237 түрі – аз кездесетін,48 түрі – басқа жередерде көп тарағанмен Қазақстанда аз кездесетін өсімдіктер.Қорғауға алынған өсімдіктерге жеке адамдар да айтарлықтай зиян келтіріді.Мысалы,Қазақстандық Алтай мен Жоңғар Алатауында шипалық мәні жығынан атақты женьшеньге жақын келетін қызғылт семізот/радиола розовая/ немесе алтын тамыр өсімдігі көптеп жинап өздері ойлап тапқан рецептімен пайдаланады. Кейбіреулер бұл өсімдікті еңбексіз қосымша пайда табудың жолы ретінде пайдаланатың көрінеді.Мал азақтық, шипалық мәні өте жоғары маралтамыр өсімдігі жөнінде де осыны айтуға болада.Шығыс Қазақстан облысының Кендірлік бойында бұдан он жыл бұрын шырғанақтың жеткілікті тоғайы бар болатын.Зайсан аудананың кейбір тұрғындары бұл бығалы өсімдіктің жемісін қолмен жинауды қиынсынып техниканы пайдаланыпты.Нәтижесінде ол жерде аздаған жұлым-жұлым шығанақ тоғайы ғана қалды.
Қорыта келген жердің негізгі байлығы- өсімдіктерді қорғау жұмысына бүкіл халық болып ат салысу керек.Осыған байланысты халық арасында қоршаған оратны қорғау жөнінде үгіт- насихат жұмысын жүргізудің үлкен мәні бар.
Негізгі әдебиеттер: [1-5] (128-135, 298-331)
Қосымша әдебиеттер: [1-2] (86-97, 112-169)
Достарыңызбен бөлісу: |