Білімді бақылау түрлері:
Бақылау жұмыстары: семестрде 15 (семинар)
СӨЖ: семестрде 14
СОӨЖ тапсырмаларын оқытушы өзі қарастырады
Қорытынды бақылау: сессия уақытында
Білімді бағалау критерийлері
Бақылау жұмыстары
|
60
|
Тапсырмалар(СӨЖ,СООЖ)
|
Қорытынды бақылау
|
40
|
Аралық бақылау лекция және семинар сабақтарында оқытылған теориялық және тәжірибелік сұрақтар бойынша 7 және 15 аптада өткізіледі.
Бағалар шкаласы
Әріптік жүйедегі
бағалау
|
Бағаның сандық баламасы (GPA)
|
Проценттік баламасы
|
Дәстүрлі бағалау
жүйесі бойынша
|
A
|
4
|
95-100
|
"Өте жақсы"
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
"жақсы"
|
B
|
3
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
" қанағаттанарлық "
|
C
|
2
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1
|
50-54
|
F
|
-
|
0-49
|
"қанағаттанарлықсыз"
|
Жазба жұмыстарын бағалау барысында (реферат, конспект, бақылау жұмысы) төмендегі критериилер ескеріледі:
сабаққа қатысу;
семинар сабақтарына белсенді қатысу;
негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу;
СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын орындау;
тапсыру мерзімін сақтау және жұмыс талаптарын орындау;
жазба жұмыстарында қолданылған дерек көздеріне сілтемелер берілуі қажет;
Аяқталмаған жұмыстар есептелмейді.
Академиялық мінез-құлық пен этика саясаты
Оқытушы мен курстастар арасында толерантты, ашық және ізгілікті болу. Сабаққа кешікпеу. Сабақ барысында өзге жұмыспен айналыспау, тақырыптан тыс сөйлемеу. Ұялы телефондарды сөндіру. Сабақтан қалмау, ауырған жағдайда анықтама әкелу. Қатыспаған сабақтарға байланысты берілген қосымша тапсырмаларды орындау. Тапсырмаларды толық орындамау жағдайында қорытынды баға төмендейтіндігін білулері керек. Үй жұмыстарын уақытылы және мазмұнды орындау. Барлық сабақтарда кері байланысты конструктивтілікті ұстану. Пунктуалды және жауапкершілікті болу.
СОӨЖ тапсырмаларын орындау, оны тапсыру мен қорғау, өтілген тақырып туралы қосымша материалдар төңірегіндегі кеңес алу оқытушының офис сағаты кезеңінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Болашақ» университеті
Білім беру және педагогика жоғары мектебі
Жаратылыстану және спорт кафедрасы
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері
пәнінің
Лекциялық кешені
(5В011300-Биология)
(күндізгі)
Қызылорда, 2020 ж.
Дәрістік сабақтың тезистері
1 тақырып. Халықаралық және Қазақстан республикасының қызыл кітабы
Дүние жүзінде саны азайып, жер бетінен жойылып кетуге жақын өсімдіктер мен жануарлар түрлері бар. Жер бетінен жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды 1948 жылдан бастап Халықаралық табиғатгы қорғау қоғамы (ХТҚҚ) бүкіл дүние жүзінде тізімге алып, оларды сақгап қалуға жағдай жасауда. Табиғатта құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тіркелген кітапты Қызыл кітап дейді. Қызыл кітапта азайып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар есепке алынып, олар дүние жүзінің қай елінде тіршілік ететіні, өсіп-өнуі мен санының қандай мөлшерде қалғаны көрсетіледі.
Біздің еліміз Қазақстан Республикасында республикалық "Кызыл кітап" бар. Оған қазақстандық ғалымдардың ұсынысы бойынша, жойылып кету қаупі бар аң-құстардың 73 түрі енгізілген. Тек Қазақстан жерінде ғана емес, бүкіл дүние жүзінде соңғы 2000 жыл ішінде 106 түрлі жануар жер бетінен мүлдем жойылып кеткен. Олардың жер бетінен мүлдем жойылып кетуіне адамдардың әсері мол болды. Мысалға, Солтүстік Америкада XVIII ғасырда 70 млн. бас бизон болса, қазір 30 мындайы ғана тіршілік етеді. Адамдар Африкада өсетін пілдерді оның мүйізін (сойдақ тісі) алу үшін ғана аулаған. Ал Қазақстан жерінде XX ғасырға дейін тоғай бүғысы, қос өркешті жабайы түйе, өзен құңдызы, жолбарыс көптеп кездескен, қазір жоқ. Арал теңізінің суының азаюы онда тіршілік ететін жан-жануарлардың өмір сүру жағдайын нашарлатты. Бір кезде Еуропада көптеп кездескен тур (жабайы сиыр), тарпан (жабайы жылқы), мұхигга тіршілік еткен теңіз сиыры (немесе стеллер сиыры) есепсіз аулану салдарынан жер бетінен жойылып кетті. Жойылып бара жатқан зубрларды (жабайы бұқа), құланды аулауға тыйым салынып, адамдар қорғап қалды. Көп аулаудың әсерінен мұхитта тіршілік ететін киттің 7 түрі жойылуға жақын.
Қазақстанның Қызыл кітабына тау барысы, құлан, қаракұйрық, қоқиқаз, бүркіт, ақ тырна және тағы басқа аңдар мен құстар енгізілген.
Дүние жүзінде құрып кету қаупі бар жануарларға Пржевальский жылқысы мен қос өркешті түйеден басқа мына хайуанатгар жатады: тақ мүйізді Азия мүйізтұмсығы (Индия), Цейлон пілі (Шри-Ланка), Азия арыстаны (Аравия), Тасман қалталы қасқыры (Тасмания), шиншилла (Оңтүстік Америка), эскимос кроншнебі (Солтүстік Америка), кернейші ақку (Солтүстік Америка), ақ тұмсық тоқылдақ (Оңтүстік Америка), гаттерия (Жаңа Зеландия) және т.б
Ұлыбританиялық жаратылыстанушы Бейтс Генри Уолтер Амозонка өзені бойында тек жәндіктердің 14 мың түрін жинап, зертгеген. Оның 8 мыңы бұрын ғылымда белгісіз болған.
XX ғасырдың екінші жартысында адамдардың шаруашылық қызметі әсерінен дүние жүзінде табиғи ортаға келген аса ірі апатгар 1959 жылы Жапониядағы Миномата шығанағының суь сынап қалдығымен ластанған. Содан ондағы барлық тірі организмдер, оның ішінде балық та уланған. Уланған балықты жеген 6728 жапондық ауырып, ауруханаға түскен.
1967 жылы Атлант мұхитында Торри Каньон мүнар таситын танкер апатқа ұшырап, 50 мың тонна шикі мұнай теңізге төгілді. Мұның әсерінен Франция мен Англия жағалауларымұнай қалдықтарымен залалданды.
жылы Атлант мүхитымен мұнай таситын "Амоко-Кадис" танкерінде болған апат салдарынан 220 мың тонна шикі мұнай теңізге төгілген. 44 км2 теңіз айдынына мұнай жайылған. Табиғатқа келген зиянның құны 1,2 млн. франк.
жылы АҚШ-та Три Майл Айленд АЭС-да болған апат салдарынан 3170 отбасы зардап шеккен.(
1984 жылы Үндістандағы "Юньон Карбаид компаниясында болған апаттан 170 мың адам зардат шегіп, 4 мың адам қайтыс болған.
1986 жылы Чернобыльдағы атом электр станциясынд болған жарылыс салдарынан қаншама зиян келіп экологиялық апатқа соқтырды.
1989 жылы Аляска жағалауындағы "Экссон Вальдес танкерінде болған апатта, 37 000 тонна мұнай Аляска жағалауына төгілді.
Дүниедегі әр бір тіршілік иесі /хайуан не өсімдік/-өзінше қайталанбас бір әлем,өзінше сұлу да тамаша тұлға.Еліміздің Конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтары табығатты сақтауға жөне табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»/36-бап/ деп нақтыланған.Яғни, әлемде нендей тіршілік иесі бар,солардың бәрі сол табиғи бостандықта,сол алуан түрлілігімен сақталуы тиіс. Дүние фаунасы /хайуанаты/ мен флорасы /өсімдігі/тек біздер үшін ғана жаратылған,олар қорғалып, сақталып ұрпақтан-ұрпаққа тапсырулуы тиісті аманат дүние.Өкінішке орай,тумысынан аз жаратылған,кейбір себептермен саны сиреген,тіпті жоғалып біткен, құрып бара жатқан организімдер бар.Олардың саны Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабында» /1 басылым 1978ж » ал кейбір ғылыми деректерге жүгінсек,жүзден де асып кеткен.Тек құстардың саңының өзі республикамызда 55 болса,36 құс Кенестер Одағының «Қызыл кітабына» орын алған.
Ендіше бұларды атып- аулау түгілі,қыстайтын,жайлайтың, үя сататын мекендерін ластап бүлдіруге де, мазалауға да болмайды. Соңғы үш жүз жылда Қазақстаннан аңдардың 7 түрінің көзі жойылған.Мысалға ,Қазақстан құланы,Тұран жолбарысы, геперд т.б. Сондықтан біз де өз өңіріміздегі жан- жануарларды азайып – сиреу қарқынына қарай жіктеп беруді жөн көрдік.
I.Құрып кету қаүіпінде түрғандар- мәрмәр шүрегей, жорға дуадақ,ақтырна, ұзынқұйрық ақиық, қарақал, қарақұйрық,Қаратау арқары,Қызылқұм қойы,Орта Азия құндызы, құлан, арқар,Сырдария тасбекіресі,Арал албырты, шортан тәрізді ақмарқа.
II.Шапшаң қарқынмен азайып бара жатқандар – шұбар күзен, шағыл мысығы,қызғылт және бұйра бірқазандар, жалбағай, бүркіт,субүркіт,тарғақ өгіз шағала, қарақүс,дала қыраны,аққұйрықты субүркіт, ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық,қылқұйрық аққулар.
III.сирек кездесетін түрлер- үш башайлы ергежейлі қосаяқ сабаншы,елік,балықшы,жыланбүркіт,бақалтақ /ергежелі/ қыран,сексеуіл жорға торғайы.Бұлардың саны да, таралу аймағы да аз.
Ал жұмбағы шешілмеген мына түрлер слс кептер,ақбас үйрек, кіші аққұтан,аққұйрықты қызғыш т.б. туралы толық мәлімет жоқ.Яғни бұларды аты аталған түрлер келешекте қалпына келтірілгендер дәрежесіне жеткізілуі керек.
Ал облысымыздағы аты аталмаған көптеген фаунамыздың да маңдайынан жел есіп түрған жоқ.
Мысалы, кәдімгі аты әртүрлі өсектерге арқау болып жүрген есек Халықыралық табиғат қорғау Одағының «Қызыл кітабына»тіркеліпті.Оны да хайуанаттар паркіндегі арыстан , жолбарыстарға беру үшін өз қолымызбен қырдық емес пе?Міне, біздің табиғатқа қамқорлығымыз!
Өңіріміздің аспанын бермей,бағаналар арасындағы сымдар үстінде қаз- қатар тізіліп отыратын «адамның адал досы»атанған әсем қарлығаштар қайда кетті?Далаға барсан алдыңнан шығатын тасбақалар мен жыланды іздегенде әрең табатын болдық емес пе?Үйіндегі сүтке маза бермейтін кірпілер мен даланың жұмыр бас кесірткелері де бас сауғалап кеткен сыңайлы.
Міне, ғылым мен техниканы қарыштап дамытып отырған адамзат баласы өзінің асыраушысы табиғаттағы осылайша аянышты күйге әкелуде.
Негізгі әдебиеттер: [1-5] (12-35)
Қосымша әдебиеттер: [1-2] (125-179)
Достарыңызбен бөлісу: |