Алматы қорығы. Республикамыздың бас қаласы — Алматы қаласынан 25 км жерде Алатау қойнауында, Талғар өзендерінің құйылысында Алматы мемлекеттік қорығы орналасқан. Бұл қорық алғашқы рет Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастыр-ылды.Қазір қорықтың 89,6 мың га жері бар. Бір-бірінен оқшау жатқан екі участоктен тұрады. Оның бірі — Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ (көлемі 71,7 мың га), екіншісі Қалқан шөлді аймағы (көлемі 17,8 мың га). Осы участокте тамаша табиғат ескерткіші «Әнші тау» бар. Алатауға сән беріп түрған қылқан жапырақты ормандар 1400—2800 метр биіктікте кездеседі. Ормандағы негізгі ағаш түрі — Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы. Бұл өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш. Сондықтан да қорық территориясында шыршаны көбірек өсіріп, оның есу, қалыптасу процестерін зерттеу, оны басқа тау аймақтарына жерсіндіруге жол ашады. Қорықта шыршалы орман келемі — 5,3 мың гектардай.Қорықта елік, таутеке, арқар, марал, қоңыр аю, бар сілеусін, борсық, ақкіс, қызыл тулкі, қарсак, кузен суcap, ак тиін сияқты аңдардың 40-тан астам түрі тіршілІ етеді. Санаққа алып, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу аркылы сан мөлшерін арттыруға бағытталған көптеген жұмыстарды жүзеге асыруға әбден болады.
Алматы қорығын көруге бара қалған табиғат єуесқойларының көзіне бірден түсетіні — құстар. Онда өздерінің құлпырта салған әнімен қызықтыратын қанаттылардың 200-ден астам түрі мекендейді. Олар көпшілігі торғай тұқымдасына жатады. Шыршалы орман ішін бүкіл жыл бойы самырсын құсы, шырша торғайы, қызылқұйрық қоныстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |