5-тақырып. Жануарлар әлемін қорғаудың заңды құқықтық аспектілері.
Тапсырмалар. Төмендегілерді категорияларға бөле отырып картаға түсір.
Түркістан сілеусіні ( Туркестанская рысь, TURKESTAN LYNX). Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауырда тараған; ормандарда, таудың орманды және субальпі белдеулеріндегі қалың бұталар мен тасты үйінділерін мекендейді. Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда сирек. Алматы қорығында 10-ға жуық аң тіршілік етеді. Санының кемуінің негізгі себептері – қоректенетін объектілер санының азаюы және қасақылық. Екі қорықта және төрт қорықшада қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі кезде таралған жерлерде қорғау шараларын жақсарту қажет.
Барыс (Снежный барс, SNOW LEOPARD) Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында тараған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны – 200 бастан аспайды, санының кемуінің негізгі себептері – қасақылық және негізгі қоректік аймақтарының азаюы. 1976 ж. және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар паркінде өсіп-өнген. Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет.
Түркімен құланы(Туркменский кулан, CENTRAL ASIAN WILD ASS). Сирек, Қазақстанда 1953 ж. жерсіндірілген. 1982 ж. Қапшағай мемлекеттік аңшылық-қорық шаруашылығында, 1986 жылдан – Бетпақдала, 1991 ж. Маңғыстауда жерсіндіру жұмыстары жүргізіле бастады. Шөл және шөлейтті жерлердің жазықты және төбелі жерлерінің жазықты, төбелі және қиыршық тасты жерлерін мекендейді; аласа таулар мен тау бөктерлерін де жайлай береді. Қазақстанда жалпы саны – 700 бас. Алматы мен Қарағанды хайуанаттар паркінде бағылады және көбейеді. «Алтынемел» ұлттық паркінде, Барсакелмес қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Түркіменстаннан қан жаңарту үшін жаңа құландар әкеліп, Оңтүстік Балқаш өңіріне жерсіндіру қажет.
Тоғай бұғысы (Тугайный Благородный олень, BUNHARA RED DEER). Қазақстанда 50 жылдары жойылған. 1981 ж. Іле өзенінің бойына жерсіндірілген. Өзендер жайылмаларындағы қалың тоғайларда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны – 200 бас; санының кемуіне негізгі себептер - өзен жайлымдарын шаруашылық қызметіне дұрыс пайдаланбау және қасақылық. Алматы қорығында өсіп-өнеді. Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығында қорғауға алынған. Сырдария өзенінің атырауына қайта жерсіндіріп, ол жерлерде қорық ұйымдастыру қажет.
Әдістемелік нұсқау: № 5 тақырыптың лекциялық тезистеріне, сонымен бірге негізгі [1–5] және [1–2] қосымша әдебиеттерге қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |