Сырмалы конвейердің жетек білігін технологиялық үрдісін жетілдіру



бет2/13
Дата10.01.2023
өлшемі0.72 Mb.
#468295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сырмалы конвейер

1. Техникалық бөлім
Сырмалы конвейерлерге конструкциясы бойынша әртүрлі жүк тасымалдаушы машиналар жатады, оларда жүкті ашық немес жабық қозғалмайтын науада сымдау арқылы немесе тартқыш элементіне бекітілген қозғалатын сырмалы конвейерлерыдың көмегімен, тікбұрышты немесе дөңгелек қималы құбырдың бойымен орнын ауыстырады. Тартқыш конвейердің негізгі белгілері сырмалытың пішіні мен биіктігі болып саналады.
Сырмалы конвейерлерді шаң тәріздес, түйіршікті және ірі кесектерді тасымалдау үшін, сондай ақ, салқындатуға қажетті ыстық жүктерді: күлдер, коқыстар т.б. тасымлдау үшін қолданады.
Иілгіш тартқыш элементтер ретінде негізінен шынжырлар (таспалар мен арқандар) қолданылады. Толық тарту элементі кезінде сырмалы қадамы тізбектің қадымынан еселенген. Конвейердің жұмыс тармағы әдетте төменгісі, кейде жоғарғысы болып саналады, олармен жүк біруақытта екі жаққа орын ауыстыра алады. Шынжырдың төменгі жүк көтеруші тармағы каркастың ішінен өтеді және соңғы жұлдызшаларды айналып өтеді, кері (бос) тармақ каркастың жоғарғы бөлігінде орналасады және бағыттаушы жолдар немесе роликтер бойымен қозғалады.
Сырмалы конвейерлер көмір шахталарында, байыту фабрикаларында, химия және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында, мал шаруашылығы кешендерінде кеңінен қолданылады.
Сырмалы конвейерлер (сурет 1) екі түрге бөлінеді, олар өзара материалдың орын ауыстырумен және құрылымдық орындалуымен ерекшеленеді.
1) Материалдарды жеке үлестермен сымдайтын конвейерлер, оларды үлестеп сымдайтын немесе биік сырмалары бар конвейерлер деп атайды. Сырмалы конвейерлердің биіктігі науаның биіктігіне шамамен тең және тартқыш тізбектің биіктігінен бірнеше есе жоғары;
2)Тұтас сырмалы конвейерлер, оларды батырылған сырмалары бар конвейерлер деп атайды. Осындай сырмалы конвейерлердің биіктігі науаның биіктігінен бірнеше есе аз және осы конвейерлерде тарту тізбегінің биіктігіне жақын. Бұл конвейерлерде тасымалданатын материал жеке үлеспен емес, науаның жұмыс қимасын толтыратын немесе оның үлкен бөлігінде орналасатын жалпы массамен тасымалданады. Жалпы сымдау үрдісінің негізделуі – сырмалы қабырғалары тегіс науаға орналасқан, төгілетін материалдар арқылы өткен кездегі кедергісі конвейер науасының түбі мен қабырғасына үйкелу кедергісінен жоғары болуы.
Дөңгелек немесе тік бұрышты тегіс сырмалары бар, немесе мүлдем сырмалары жоқ таза конвейерлерді бөлек топқа бөлуге болады, онда жүкті құбырмен қозғалатын шынжырмен ілу арқылы тасымалдайды.

1 Сурет - сырмалы конвейерлердің сызбасы
а-с - биік тұтас сырмалы конвейерлерымен,
б-с – батырылған төмен сырмалы конвейерлерымен,
в-контурлы сырмалы конвейерлеры,
г- құбырлы конвейер, 1-сырмалы, 2-бағыттауыштар, 3-жүргізуші катоктар, 4 тарту тізбегі.
Төменгі сырмалары бар конвейерлерде жүк науада тегіс қабатпен тасымалданады, оның биіктігі сырмалы конвейерлерыдың биіктігінен 2-6 есе жоғары.
Ені 200-320 мм сырмалы конвейерлерыы бар конвейердің қозғалыс жылдамдығы V-0,1-1,0 м/с; ені 400-1200 мм сырмалы конвейерлерыы бар конвейерлерде V-0,5-0,63 м/с.
Сырмалы конвейердің негізгі параметрі сырмалытың немесе сырмалы тізбегінің ені, ал құбырлы сырмалы конвейерлер үшін – құбырдың сыртқы диаметрі болып саналады.
Жүкті тасымалдау бағытына сәйкес сырмалы конвейерлер көлденең, көлбеу, тік және аралас болады.
Тізбектің кеңістікте орналасуы бойынша конвейерлер тігінен- және көлденең-тұйықталған болып келеді.
Қозғалыс сипаты бойынша сырмалы конвейерлер үздіксіз үдемелі және қайтарымды-үдемелі қозғалыстармен орындайды: қатты штангаға тұтас топсалы бекітілген тегіс сырмалы конвейерлерымен немесе сырмалы-тиектермен қатты бекітілген штангалы сырмалы конвейерлер.
Сырмалы конвейерлер стационарлық және жылжымалы болуы мүмкін.
Биік сырмалары бар конвейерлер ұнтақталмайтын, немесе ұнтақтау арқылы сапасы төмендемейтін үйінділерді (тас көмір, торф, күл, құм т.б.) тасымалдау үшін қолданылады. Ұнтақтау кезінде сапасы төмендейтін материалдарды (мысалы, кокс) бұндай конвейерлермен тасымалдауға болмайды.
Жоғары сырмалары бар конвейерлерге қарағанда сырмалары батырылған конвейерлер материалдарды аздап ұнтақтап тасымалдайды, себебі ол сырмалы конвейерлерыдың әрекет ету аймағынан тыс орналасқан, олармен жанаспайды.
Сырмалы конвейерлермен тасымалдауға болмайтын материалдар:
а) кесектерінің беріктігі жоғары материалдарды, себебі қатты кесектер шынжырдың буындары мен қабырғалары арасында, және науаның түбінде қалады, конвейерлердің қалыпты жұмысын бұзады;
б) жабысқақ материалдарды;
в) құрылымдық тұтқырлығы жоғары материалдар (жоңқа типтес);
Сырмалы конвейерлердің артықшылықтары - конструкцияның қарапайымдылығы, дайындау кезінде жоғары дәлдіктің қажет еместігі, конвейер трассасының бойымен тиеу және түсіру құрылғыларының орын ауыстыру мүмкіндігі, жанатын және өрттенетін жкүтерді қымтап тасымалдау мүмкіндігі.
Кемшіліктері - жоғарыда айтылған ұсақтау тасымалданатын материалды ұнтақтауы, энергияның айтарлықтай шығыны (жүріс бөлігінің науаға үйкелуі) сырмалы конвейерлеры мен науалар арасында жүк кесектерінің тұрып қалуы ( кесектері қиын бөлінетін жүктерді тасымалдау кезінде), қажақты материалдарды тасымалдау кезінде науа мен жұмыс органдарының тез тозуы, сондай-ақ, жүк пен конвейер элементтерінің науаға және бағыттауыштарға үйкелуінен туындайтын шу.
Сырмалы конвейерлер көбінесе көмір өнеркәсібінде, байыту фабрикаларында, химия және тамақ өнеркісібінде кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет