2.2. Тұтас төмен сырмалары бар конвейерлер
Төменгі сырмалары бар сырмалы конвейерлер жабық каркасты болып келеді, каркастың төменгі бөлігі науаны құрайды, тізбек тік тұйық орналасады, ол жетекті және керу жұлдызшаларын айналып өтеді және жүріс катоктарымен бағыттауыштарға тіреледі. Жүк конвейердің науасында тұтас қабатпен қозғалады, оның биіктігі һ сырмалардың биіктігінен 2-6 үлкен. Сырмалытың биіктігі науаның жиектерінің биіктігінен бірнеше есе аз. Жүк науаға бос тармақ пен қақпақтағы тесік арқылы салынады. Тізбектің төменгі тармағы жұмыстық (жоғары) тармағы болып табылады, ал кері (жоғарғы) тармағы бағыттаушы жолдармен немесе роликтермен қозғалады. Екі жұмыс тармақтармен орындалуы мүмкін, олар жүкті түрлі бағыттармен тасымалдайды. Төмен сырмалары бар конвейерлердің көлбеу бұрыштары 60º градусқа дейін жетеді.
Төгілетін, шаң тәрізді, түйіршікті, ұсақ кесектерді қалыпты және жоғарғы температураларда (700ºС дейін) көлденең және көлбеу тасымалдау үшін қолданылады, тізбектің орналасуы тік тұйықталған.
Тұтас төмен сырмалары бар сырмалы конвейерлердің негізгі параметрлері: трассаның көлбеу бұрыштары 60º градус дейін, тасымалдау ұзындығы 100 м дейін, өнімділігі 700 т/сағ дейін, науаның ені 125-1000 мм; тасымалдау жылдамдығы 0,1-0,4 м/с.
Кемшіліктері: шынжырлардың, сырмалар мен науалардың тозуы, тасымалданатын жүктің үстінен тізбектің орналасуы.
Сырмалары батырылған қсырмалы конвейерлердің тарту элементіне 160 және 200 мм қадамы бар пластина төлкелі және роликті немесе арнайы тізбектер қолданылады.
Сырмалар жалпақ профильді және табақты жолақтан жасалады. Бір тізбекті конвейерлерде сырмаларды тізбектің буынына перпендикуляр немесе 85º градус бұрышпен дәнекерлейді. Екі тізбекті конвейерлерде сырмаларды қалың шплинттердің көмегімен буындарға бекітеді.
Конвейердің науасын қалыңдығы 2-4 мм табақ болаттан жасалған бірыңғай дәнекерлеу каркасы түрінде, немесе швелерлерден және табақша болаттан дайындалатын екі бөлек науалар түрінде шығарылады.
Конвейерлердің жетегі – редуктор. Бұрылыс және ауытқу құрылғылары ретінде бағыттаушы блоктар, жұлдызшалар және қозғалмайтын шиналар қолданылады. Тарту құрылғысы – бұрандалы немесе серіппелі-бұрандалы.
Ыстық жүкті тасымалдаған кезде, оның температурасын сақтау үшін каркасты қос болат қабырғалармен дайындайды, олардың ортасында жылу оқшауламалы материал орналасады. Ыстық жүкті салқындату үшін, конвейер науасының түбін салқындатқыш камерамен жабдықтайды, оның секциясында үздіксіз суық су беріледі, ыстық жүктер жұқа қабатпен кішігірім жылдамдықен қозғалады. (0,01–0,16 м/с2).
Тізбек, сырмалар, қайтару блоктары мен жұлдызшалардың конструкциясы әдеттегі орындалатын сырмалы конвейерлеріне ұқсас, бірақ арнайы болаттардан дайындалады. Қарау және жөндеу люктарында асбестті төсемшелер болады .
Достарыңызбен бөлісу: |