2.3. Контурлы сырмалары бар конвейерлер
Контурлы сырмалары бар конвейерлердің науасы жабық, ол екіге бөлінген, ішінде фигуралы сырмалары бар тізбектің жұмсы және кері тармақтары қозғалады, науа қимасының үш қабырғасы қайталанып келеді. Үйінді жүктерді көлденең, көлбеу және тік жазықтықтарды тасымалдауға қолданылады. Фигуралы (контурлы) сырмалар үйінді жүктерді айналып, оны жеке үлестермен емес, көлденең жазықтықта науаның толық қимасын толтыратындай етіп жалпы массамен тасымалдайды. Контурлы сырмалар төмен тегіс сырмаларға қарағанда өте тиімді, олар қозғалыс күшін үйінді жүктің толық қимасына жібереді, жүктің көлбеу және тік жазықтықтарда орын ауыстыруына мүмкіндік береді .
а,б,в – тік тұйықталған;
2 – көлденең тұйықталған
Сурет – Контурлы сыпмалары бар конвейерлердің жүру бөлігі:
Контурлы сырмалары бар конвейерлердің жүріс бөлігі тік және көлденең тұйықталып орналасады (сурет 7).
а – тік тұйықталған;
в – көлденең тұйықталған
Сурет – Контурлы сырмалары бар конвейерлердің көлденең қималары:
Көлденең тұйық конвейерлерді таратқыш ретінде(сурет 7) қолданады, тік тұйық конвейерлерде көлденең, көлбеу тік бөліктері бар трассалары болуы мүмкін тартқыш тік жабық конвейерлер болуы (сурет 8.) мүмкін ж»не шаң тәрізді, жеңіл төгілетін, түйіршікті және сұрыпталған ұсақ кесекті жүктерді тасымалдауға қолданылады. Контурлы сырмалары бар конвейерлердің негізгі параметрлері: өнімділігі 60 т/сағ; трассаның ұзындығы 50 м; көтеру биіктігі 15-20 м; орын ауыстыру жылдамдығы 0,1-
0,25 м/с.
контурлы скребкалары бар конвейерлермен абразивті, ылғалды, және жабысқақ жүктерді, сондай-ақ сырмалар мен науа арасында тұрып қалып, кедергі тудыратын және барлық қондырғының істен шығуына алып келетін қатты кесектері бар жүктерді тасымалдауға болмайды.
а – көлденең;
б – көлбеу;
в – аралас;
1 – тарту құрылғысы;
2 – жұмыс істемейтін
тармақ;
3 – жетек;
4 – жұмыс тармағы.
Сурет – Контурлы сырмалары бар тік тұйық конвейерлер трассаларының схемалары
а – тік конвейерде тиеу және түсіру аймақтарының орналасу бөліктері; б – трассаның бұрылу бөлігі; г, д – көлденең бөліктері бар конвейерлерде тиеу және түсіру аймақтарының арналасуы; 1 –сыртқы тармақ; 2 – науа; 3 – бос тармақ; 4 – жетекті жұлдызша; 5 – сырмалы; б – бұрылмалы барабан; 1 – шашылған жүкті қаутаруға арналған келте құбыр.
Сурет – Контурлы сырмалары бар конвейерлердің элементтері
Контурлы бағыттамалары бар конвейерлердің артықшылықтарына мыналар жатады: трассаның герметикалығы, аралық тиеу мүмкіндігі, орын ауыстыру трассаларының әр түрлілігі, қоректендіргіштерді пайдаланбай жүктеуді өзін-өзі реттеу. Контурлы конвейерлердің кемшіліктері: сырмалардың, тізбектер мен науаның қарқынды тозуы, қатты қосылыстары бар жабысқақ жүктер мен жүктерді тасымалдаудың мүмкін еместігі.
Конвейерлердің тартқыш элементі пластиналы, бөлшектелген немесе тармақталған болып табылады. Контурлы сырмалар болаттан, шойыннан немесе пластмассадан дайындалады немесе тізбек буындарымен бірге жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |