Сырттай түскен жарықты жасыруға болатын AutoСolor құралы қосылды. Бұл


графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата11.09.2023
өлшемі4.23 Mb.
#477195
түріҚұрамы
1   2   3
6 лекция

графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы 
түсінік.
8,9 - дәріс.  Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық 
графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы 
түсінік
Дәрістің мақсаты: CorelDraw бағдарламасының ерекшеліктерін студенттерге 
таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 CorelDraw бағдарламасына түсінік.
2 CorelDraw бағдарламасының артықшылықтары.
3 CorelDraw бағдарламасын пайдалану ортасы.
Дәрістің тезисі: Corel Draw суреттік графика жұмысына арналған 
интеграцияланған объектілі – бағытталған бағдарламалар пакетін құрайды. 
«Біріккен кешен» ұғымын былай түсінуге болады. Corel Draw 9 әр түрлі 
көптеген міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалардың кешенін құрайды. 
Бірігуін мына мағынада түсіну керек: бұған кіретін бағдарламалар мәліметтермен 
жеңіл алмаса немесе әр түрлі әрекеттерді сол және басқа да мәліметтермен 
бірізділікпен орындай алады. 


Біздің дәрістер курсымыз Corel Draw суреттерді дайындау бағдарламасы-
қуатты пакеттің бір ғана құрылымына арналған. 
Суретті графика машиналық графиканың қолданбалы тармағын құрайды. 
Суретті графика аймағына суреттер, жарнамалық хабарламалар, қыстырмалар және 
т.б көркем өнімдер деп атауға болатындардың бәрі жатады. Суретті графиканың 
объектілері басқа қолданбалы объектілерден өзінің алғашқылығы мен ерекшеленеді 
– олар суретшінің немесе дизайнердің қатысуынсыз автоматты түрде кейбір 
бастапқы мәліметтермен құрыла алмайды. Олардан айырмашылығы диаграммалар 
(іскерлік графика), сызбалар (инженерлік графика), функцияның графикасы (ғылыми
графика) сияқты графикалық тәсілін ұсынады. 
«Объектілі-бағытталған» терминін мына мағынада түсіну керек, бейнені құру 
және өзгерту үрдісінде орындалатын барлық операцияларды, қолданушы бейненің 
семантикалық-жүктелген элементтер-объектілермен жүргізеді. 
Екінші ерекшелігі мынада: объектілердің әр стандартты кластарына 
сәйкесінше басқарушы параметрлердіғң немесе кластардың атрибуттарының бірегей
жиынтығы қойылады. 
Үшінші ерекшелігі мынада: Объектілердің әр стандартты кластарына 
стандартты операциялардың тізімі анықталған. Corel Draw 9-тың объектілі-бағыты 
қолданушыға жұмыста шексіз икемділік береді. Бейненің жеке объектілерді 
ерекшелеуге және жұмыстың кез-келген кезеңінде өзгертуге болады. 
Windows стандарттарына сәйкес тақырып жолының астында меню өте күрделі,
яғни саны көп меню ішіндегі менюлер мен командалар. Жұмыс кеңістігінің сол жақ 
бөлімінде жұмыс тәртібін (режим) таңдауға арналған элемент интерфейсі-құралдар 
тақтасы (Toolbox) орналасқан. Таңдау тәртібі құралдар тақтасындағы кез-келген 
батырмаға тышқанға шерту арқылы орындалады. 
Құралдардың кейбір батырмаларының төменгі оң жақ бұрышынд үшбұрыш 
жабдықталған, ол дегеніміз бұл батырмамен бірнеше құралдар байланыстылығын 
көрсетеді. 
Меню жолынан кейін құралдық жол (Toolbars) орналасу мүмкін. Кез-келген 
құралдық жол тәуелсіз тақта түрінде экранның кез-келген жерінде еркін жағдайда да
болуы мүмкін. 
Ол үшін жолақтың сол жақ бөлігіндегі аймақты екі сызықпен басып алып және
сәйкес тақырыппен тақта түрін алған жолды орналастыру қажет. Қайтадан жолға 
айналдыру үшін тақырыпты басып алып және оны жоғары орналастыру керек. 
Сол және басқа жолдарды шығару Windows (Терезе) менюі Toolbars (Құралдық
жолдар) командасы арқылы шақырылатын Options (Параметрлер) диалог 
терезесіндегі Customize (Баптау) бөлімінде қамтамасыз етіледі. 
Стандартты құралдар тақтасында (Standart) файлдарды ашуға, файлдарды 
ашуға, файлдарды сақтауға, алмасу буфері жүйелерінің операциялары және т.б 
сәйкес жиі орындалатын командалар-басқару элементтері орналасқан. 
Стандартты тақтадан төмен Атрибуттар тақтасы (Property Bar) немесе 
қасиеттер тақтасы орналасқан. Ол ерекшеленген объектінің және стандартты 
операциялардың басқару параметрлеріне сәйкес келетін, оларды таңдалған 
құралдың көмегімен орындауға болатын барлық басқару элементтерінің жиынтығын
ұсынады. 


Corel Draw терезесінің төменгі бөлігінде қалып-күй жолы (Status Bar) бар. 
Онда жұмыс үрдісіндегі ерекшеленген объект жайлы мәліметтер шығады. Жұмыс 
кеңістігінде суреттеме орналасатын баспа бетінің бейнесі көрініп тұр. 
Көлденең орналасқан айналдыру жолағының сол жағында беттен бетке көшуге
болатын, беттің атымен аталған батырмалар мен таңбашалар, яғни навигатор деп 
аталатын басқару элементі орналасқан. 
Айналдыру жолақтары, координаталық сызғыштар (координаталарды өлшеу 
үшін). Түйісілетін терезе (Dockers) ерекше роль атқарады. Докерлер 
бағдарламасының функциясына кіруді қамтамасыз етеді. Әр түрлі міндеттер үшін әр
түрлі докерлер арналған, олар оннан астам. Оларды қажет кезінде ашады. 
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары: 
CorelDraw бағдарламасында жұмыс жасау. 
CorelDraw бағдарламасында құралдары.
CorelDraw бағдарламасында мәтіндермен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет