Білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
№
|
БӨЖ тапсырмалары
|
Бакылау формасы
|
Тапсыру мерзімі
(апта)
|
1
|
Бірінші модуль бойынша тапсырмалар:
1. Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі.
2. Жеке білім беру бағдарламасы және олардың ерекшеліктері.
|
реферат
|
4 апта
|
2
|
Екінші модуль бойынша тапсырмалар:
1. Балалардың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулардың жіктелуі және түрлері
2. Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен негізгі компоненттері
|
жоспар - конспект
|
7 апта
|
3
|
Үшінші модуль бойынша тапсырмалар:
1. Инклюзивті оқытудың математикалық біліктері мен дағдыларын игерудің ерекшеліктері.
2. Көру қабілеті бұзылған балалармен түзету-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері.
|
презентация
|
11 апта
|
4
|
Төртінші модуль бойынша тапсырмалар:
1. Толеранттылық инклюзивті білім беру процесі ретінде.
2. Психикалық дамуы тежелген балаларға Математиканы оқыту туралы.
|
Эссе
|
14 апта
|
МӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттерге көрсетілген әдебиеттерді, дәрістерді, берілген оқу материалын неғұрлым сенімді игеру үшін, сондай-ақ өздік жұмыстарға жоспарланған материалдарды оқып үйрену үшін пайдалануға кеңес беріледі. Студенттер курстың негізгі тақырыптары бойынша практикалық тапсырмаларды орындауға міндетті. Өзіндік жұмыстың мақсаты, яғни студенттердің сабақтан тыс уақытта берілген тапсырма бойынша орындайтын жұмысы - бұл дәрістер мен практикалық жаттығулар курсын терең түсіну және игеру, тест тапсырмаларын орындауға дайындық, кәсіби шеберлік пен тәжірибені, шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекеттің тәжірибесін игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |