Тақырып 14. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу
1 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1 есеп. Аудандық сотқа іс жүргізу трибуналынан (француз жалпы юрисдикциялық бірінші сатыдағы сотынан) Парижде болған жол-көлік оқиғасы бойынша Францияда талап қойылғандықтан, куә ретінде азамат А.С. Маратовтан түісінік алу туралы сұрап соттық тапсырма келіп түскен. Тапсырма француз тілінде жазылған және куідан түсінік алу туралы және оны француз іс жүргізу заңнамасы бойынша процессуалдық құжат түрінде рәсімдеу туралы сұраған. Тапсырмаған Франция АПК-нің тиісті баптары тіркелген. Қазақстандық сот не істеуі керек?
№ 2 есеп. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына Ағылшын Жоғары сотының шешімін мәжбүрлеп орындау туралы өтініш келіп түсті. Аталмыш шешім бойынша Д. Леклердің П.Ю. Сабитовтен мүлікке келтірген шығынның өтемі ретінде 20 мың фунт. стерлинг өндіру туралы талабы қанағаттандырылған. Өтінішке тіркелген құжаттарды зерттеу барысында Алмалы аудандық соты құжаттардың ішінде істің қаралу уақыты мен жері туралы жауапкерді уақытылы және тиісінше хабарлауын дәлелдейтін дәлелдеменің жоқ болуын анықтады.
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты не істеуі керек?
Достарыңызбен бөлісу: |