Сыѕєырла, соѕєы ќоѕырау


( 11 сыныптардың әдеби-әуендік монтажы)



бет3/3
Дата19.09.2022
өлшемі51 Kb.
#460914
1   2   3
songy konyray2

( 11 сыныптардың әдеби-әуендік монтажы).
Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Құрметті қауым! Ендігі оқу жылындағы 11 сынып оқушыларын – мектепті бітіріп кетіп бара жатқан оқушыларының орнына шақырамыз.
( Аманат тапсыру үшін бітіруші түлектерге сөз кезегін береміз. )
Жүргізуші:
Аманат тапсыру құрметін мектеп бітіруші түлек Ерғали Еркебекке тапсырылады, аманат қабылдап алу құрметі 10 сыныптың үздік оқушысы Қабаева Жазираға беріледі.
( Ортаға түлек шығып аманат тапсырады).


Жүргізуші:
Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі – жетекші бапкерлерде.
(сынып жетекшілері Шара Жатайқызы мен Әзина Сексенқызы
өз шәкірттерін құттықтауы)
Жүргізуші:
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ –Еліміздің шын тілегі.
Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,
Бірінші сыныптың «Мен» деген әр түлегі.
( 1сыныптардың әдеби-монтажы)
Ән «Ұстазым» орындайтын 4 сынып оқушысы,1 сынып 11 сыныпқа және
11 сынып 1 сыныпқа сыйлықтар беріледі.
4 сынып оқушыларының вальсі.


Жүргізуші:
Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! ( Шашу шашылады)
(Мектеп бишілерінің орындауында«Шашу биі»)
Жүргізуші:
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың.
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып оқушысы
және мектебіміздің «Алтын белгіге» үміткер түлегі Бейсебеков Алмазға беріледі.
Жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.


Музыкалық нөмір: «Сәт сапар , түлектер!»орындайтын Шәріпхан Бақытнұр

Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау болыңыздар.


Мәлік Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебі




Дайындаған:


Зеренді қазақ орта мектебінің
тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Д.Айдосова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет