Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады


ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУДА Повестегі ең кішкентай тарау



бет20/29
Дата06.12.2023
өлшемі169.81 Kb.
#485689
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Mienin\' atym K\'ozha - Bierdibiek Sok\'pak\'baiev

ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУДА

Повестегі ең кішкентай тарау

Мектептен келе жатып Сұлтанды көрдім. Біздің қаша­ға сүйеніп, қолына бүктеп ұстаған дырау қамшыны етігіне ұрғыштап, тықыршып, менің жолымды тосып тұр. «Жоқ, тоғайға бүгін бармаймын, – деген ойға келдім. – Сабақ, оқимын. Ертең «Қысқы кешті» жаттап­ баруым керек. Одан басқа да тапсырмалар толып жатыр».­


Қара Көже, таста кітабыңды. Кеттік.
– Мен бүгін бара алмаймын.
– Неге?
– Сабаққа дайыңдаламын. Үйге тапсырманы сондай көп берді.
– Ой, Қара Көже. Сол да сөз бе екен. Жүрші, мен саған не әкелгенімді көрсетейін. – Сұлтан мені қораға ертіп кірді. Тор ат байлаулы тұр. Жеп-жеңіл бүктеме шиті мылтық ердің қасында ілулі. Теңкиген былғары қоржынның екі басы тола картоп, нан. Қанжығада дөң­гелек қара шелекше. – Міне, не керектің бәрін тауып әкелдім. Оқ дегенің жетеді. Сұлтан қалтасынан шүпіл­деген бір қорап оқ алып көрсетті. – Елу оқ. Тағы біреу жүз оқ тауып берем деп Уәде қылды.
Мен солқылдай бастадым. Мынаның бәрін көре тұрып Қалайша солқылдамассың.
– Онда біз кешке ертерек қайтып келейік. Мен үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек.
– Жарайды, орындарсың.
Тор аттың сып-сып еткен аяңымен тоғай ішіне келіп кірдік. Қоян, қырғауыл көрінсе атпақшы болып, Сұл­тан мылтығын оқтап, дайын ұстап келеді. Бірақ, сауыс­қаннан басқа ештеңе кездесе қоймады. Сұлтан екеуіміз кезектесіп ат үстінен сауысқан атқылай бастадық. Тигі­зе алмадық.
Мынау міне, кешегі балық аулаған қара суымыз. Ат­тан түсіп, тал үңгірімізге кірдік. Торымыз бен ұстаған­ балығымыздың барлығын кеше осында қалдырып кет­кенбіз. Мәссаған, талға тізіп қойған балығымызды бір нәрсе түгін қалдырмай жеп кетіпті. Бас сүйектер мен қылтанақтың жұғын-жұрнағы ғана шашылып жатыр. Не жеуі мүмкін? Ит пе, құс па? Қасқыр ма, түлкі ме? Басымызды қанша қатырып ойласақ та, байыбына бара алмадық. Әйтеуір адам алмағаны ақиқат. Адам бүйтіп, бүкіл балықты шикілей жемеген болар еді және ол торды да қоса әкетер еді. Ойламаған жерден жолыққан бұл жағдай бізді секемдендіре түсті.
Шешініп тастап, тағы да тор сала бастадық. Міне қызық, кешегі өріп жүрген көп балық бүгін көрінбейді. Азайып қалғаны ма, жоқ әлде басқа жаққа ауып кетті ме? Еңбегіміз жанбады, мардымсыз азғантай ғана балық ұстадық. Бірақ оның рақаты кешегіден артық болмаса, кем болған жоқ. Жылымсыған тұзсыз құр балықты отқа пісіріп жегендей емес, картоп турап, қатырып сорпа жасап іштік.
Балық болса, жоқ. Енді не күн көреміз? – дедім Сұлтанға.
– Қоян, қырғауыл аулаймыз.
– Ол да жоқ қой.
– Неге жоқ. Осы тоғайдың арасы толған қоян мен қырғауыл. Тіпті елік те бар. Бірақ оларды не таң азаннан­ өйтпесе кешкі салқында жайылымға шыққанда аулау керек. Күндіз олар қыбыр етпей бұта-бұтаның түбінде, шіліктің арасында жатып алады.
Біз мынаған келістік: ертең күн – сенбі. Төсеніп-жамылатын бірдеңелерімізді алып, қонуға осында келе­міз. Түней жатып, кешінде тоғайдан аң аулаймыз. Түн­де қара жолға шығып, қарақшылық істейміз – жүргін­шілерді тонаймыз.
– Келістік қой?
– Келістік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет