СманқҰлова жанат ерекенқызы қазақстан республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің Қалыптасу және даму тарихы


«1991-2000 жылдарындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің тарихи қалыптасуы»



бет10/17
Дата17.01.2023
өлшемі202.48 Kb.
#468493
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
автореф колледж

«1991-2000 жылдарындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің тарихи қалыптасуы» деп аталатын екінші тарауда аталмыш жылдар аралығындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің қалыптасу тарихы және олардың еңбек нарығына бейімделуі жан-жақты қарастырылады.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялап, нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның даму бағыты қүрт жаңаша арнаға ауысқан жағдайда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де қайта құрылудың бұрынғы өзгерістерден мүлдем тың да жаңа кезеңіне енді. Бұл тұста Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Білім туралы» Заңы да қабылданып, бұрыңғы кәсіби-техникалық мектеп лицейге, ал техникумдар колледждерге айналды. 1991-1999 жылдар аралығында экономикалық, одан туындаған әлеуметтік және еңбек нарығындағы дағдарыстарға байланысты кәсіби-техникалық училищелер және оған қабылданатын оқушылар саны айтарлықтай қысқарды. Осы жылдарда кәсіби-техникалық оқу орындарының саны 471-ден 1998 жылы 302-ге дейін қысқарды, оның ішінде 97-і селолық училищелер еді.
Кейбір жекелеген облыстарда да осы жылдарда кәсітпік-техникалық оқу орындарын тым көп қысқартылды. Мәселен, Қарағанды облысы бойынша – 16, Жамбыл облысы бойынша – 9, Қостанай облысы бойынша – 10, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 5, басқа облыстарда осы тәріздес оқу орындары қысқаруға түскен. Сонымен қатар оқушылар саны 225 мыңнан 94,9 дейін, яғни 2,5 есеге кеміді. Дайындалған жұмысшылардың саны 146 мыңнан 50,6 мыңға кеміген. Міне, осындай жағдайда кәсіптік-техникалық лицейлер дағдарысқа ұшырады. Бұл оқу орындары өздерінің пайда болып, өмірге келген кездерінен бастап-ақ дағдарысқа ұшырауының терең негізі қаланған. Оларды бітіргендердің кәсіби мамандығы төмен болды, олар мектептерде үлгірімі нашар, тәртіп бұзған оқушылар есебінен толықтырылды. Кеңестік кезеңде оларды бітіргендер жұмысқа жолдамамен іске асырылды, жұмыс беруші оның шеберлігі, икемділігі жоқ болса да қабылдады.
Кәсіби-техникалық оқу орындарын бітіргендер жұмыс таба алмай жатқанымен жаңа меншік иелері өз шаруашылықтарын жүргізу үшін маман жұмысшыларды күн сайын қажет ете бастады.
1988 жылы республика кәсіби-техникалық комитеті және оның жергілікті ұйымдары таратылды да, бұл жүйе Халық ағарту министрлігіне және әр түрлі салалық министрліктерге бөлініп берілді. Халық ағарту министрлігінде кәсіби-техникалық білім бас басқармасы құрылды, ал облыстарда да осындай өзгерістер болды. Халық ағарту министрлігі және оның жергілікті ұйымдары кәсіби-техникалық оқу орындарын осындай ауыр жағдайда басқаруға дәрменсіз болды, тәжірибелері жетіспеді. Міне, осындай еріктен тыс пайда болған экономикалық дағдарыс жылдарында халық шаруашылығының сан қырлы салаларын маман жұмысшылармен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі негізгі мәселенің біріне айналды, қол қусырып қарап отыру мүмкін еместігін өмір талабы көрсетті.
Халық ағарту министрлігінің 1996 жылдың 27 мамыр күнгі № 152 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіби-техникалық оқу орындары оқу-әдістемелік басқармасы құрылымы мен облыстық кәсіби-техникалық білім беру оқу әдістемелік кабинеттері туралы Ереже бекітілді.
Түрлі мамандықтарға даярлауда аймақтық және территориялық ерекшеліктерге сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламасын жасап пайдаланудың және оқу мерзімінің көп қырлы болуы мақсатында Халық ағарту министрлігі «Қазақстан Республикасы кәсіби-техникалық мектептеріне арналған оқу жоспарының жаңа үлгілері» құжатын жасап, бекітті. Бұл оқу жоспарларында жекеленген кәсіп түрлері бойынша өндірістік оқу мен практика үлесі 30–40 пайызды құрайтын болды.
Экономикалық дағдарыстан шығудың сан-салалы тәсілдері іздестірілді. Соның ішінде нарықтық экономиканың талабына бейімделу процесі жүргізілді. Біріншіден, оқу-материалдық базасы нашар оқу орындары базасы жақсы оқу орындарымен қосылды, яғни оқу орындарының санының кемуі сапалық өзгерістерге жеткізді. Республика бойынша 126 селолық лицейлер қалды. Бірігу нәтижесінде ірі оқу орындары пайда болды. Екіншіден, кәсіби лицей ұжымдары еңбек нарығына қажетті мамандарды зерттеді, оларды анықтады, сапалы түрде дайындауға кірісті. Қысқа мерзімде 70 жаңа кәсіп мамандық түрлері пайда болды. Үшіншіден, дағдарыс кезінде қаржының жетіспегендігінен шығу үшін оқу шеберханаларында түрлі бұйымдарды шығарып және селолық лицейлердің оқу шаруашылығынан шығарылған өнімдерді сату арқылы қаржы табуға мәжбүр болды, ал қаржы жалақыға, түрлі саймандар алуға жұмсалды.
Осы ұйымдық жұмыстардың нәтижесінде кәсіби лицейлер дағдарыстан шығып сапалы маман жұмысшылар дайындау ісінде бірсыпыра табыстарға жетті, өз болашақтарының негізін қалады.
Еңбек нарығының талаптарына орай мамандық түрлері де қайта қаралып бекітілді. Оның талабына жауап бере алатын жаңадан өмірге келген кәсіптер: жеке автосервистің ұйымдастырушысы, шағын кәсіп иелері, ауыл шаруашылығы өндірісінің фермер-жалгері, бау-бақша қожайыны, аспаз, наубайшы, кондитер, даяшы, слесарь-жөндеуші, өнеркәсіп жабдықтарын реттеуші, тоңазытқыш қондырғыларының машинисі, электр жабдықтары мен тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету шебері, бармен (шет тілі қоса оқытылады), гувернант (гувернер), конфетші, бисквитші, метродель, тігінші, тігін шеберханасының иесі, шаштараз, макияж жасаушы т.б.
Батыс Қазақстан, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан басқа да облыстардың Алматы қаласының кәсіби лицейлері нарықтық экономиканың талабына тез қарқынмен бейімделе алды.
Республика бойынша 1996 жылдың 9 айы ішінде оқу шеберханалары мен оқу шаруашылықтары шығарған өнімнің көлемі 171,5 млн теңгені құрады, бұл 1995 жылғы көрсеткішке қарағанда 120 млн теңгеге артық еді. Демек, 1996 жылы әрбір оқу орны орта есеппен 507,4 мың теңгенің өнімін өндірген. Алматы облысының кәсіби лицейлерінің 1998 жылдың 9 айында оқу шеберханалары және оқу шаруашылықтары 23 млн теңгенің өнімін, 714 мың теңгенің халық тұтыну тауарларын, 2 млн 210 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін шығарған, коммерциялық іс әрекеттен 1 млн 135 мың теңге табыс тапқан. Облыстың № 5, 2, 4, 6, 13, 8 кәсіби лицейлері белгілі табыстарға қол жеткізді [16].
Мұндай нәтиже жағынан Шығыс Қазақстан облысының оқу орындары – 19,7, Жезқазған – 11,2, Маңғыстау – 8,2, Павлодар – 18,3, Солтүстік Қазақстан – 16,6, Торғай – 13,4 миллион теңгенің бұйымдарын дайындап, іскерлік үлгілерін көрсетті.
Ақтөбе облысында 1997-1998 оқу жылында 15 кәсіптік-техникалық лицей жұмыс істеді, осы мерзімге дейін 9 лицей бірікті. Алға қаласындағы №2 және №6 кәсіптік лицейлер біріктірілді. Ақтөбедегі №5 кәсіптік лицей, №3, №7 және №8 лицейлер біріктірілді. Олар еңбек нарығы талап ететін жаңа жұмысшыларды дайындауға кірісті: аспаз-кондитер, сатушы, әйелдердің жеңіл киімдерін тігетін пішуші – шебер, тігінші, көрме және бөлшек сауда желісінің коммерсанты, шет тілін білетін аспаз-даяшы, бухгалтерлік есепті меңгерген коммерсант. Осы облыстың Ойыл ауданындағы №9 және №10 училищелер бірігіп еңбек нарығының талабына сәйкес фермер-бухгалтер, экономист-менеджер мамандарын дайындай бастады [17].
Батыс Қазақстан облысында 29 лицейден 21-і қалды, қаладағы №4,6 лицейлер №5 лицеймен бірігуі нәтижесінде оның оқу-материалдық базасы әлдеқайда нығая түсті. Лицей ұжымы аса зор ыждағаттықпен қандай жаңа маман-жұмысшылар қажеттігін зерттеуге кірісті. Лицей компьютерде жұмыс істей алатын секретарь-референт, аспаз, тігінші, шаштараз дайындауға кірісті. 1 жыл 10 ай мерзімде оқитын жеке автосервис, автокөлікті өңдейтін және оған қызмет ететін механик дайындай бастады. Бұлар 1998-1999 жылдары түгелдей жұмысқа орналасты. Лицей 2 жыл 10 айда бітіретін банкі ісін білетін ЭВМ-ның оператор-программистерін дайындауға кірісті. 1 жыл 10 айда бітіретін радиотелевизиялық аппаратты өңдейтін және қызмет ететін механиктерді дайындады. Оқытушылар мен оқу шеберлерінің жоғары кәсібі өз істеріне икемділігі, кабинеттер мен шеберханалардың жақсы жабдықталғандығы, еңбек нарығына бейімделгендігі өз нәтижесін берді, лицейдің 840 оқушысының 70 пайызы «4» және «5» деген бағаға үлгерді, 2000-2001 оқу жылында облыстық жарыста лицейдің ағылшын тілі кабинеті бірінші орынды иеленді.
Солтүстік Қазақстан облысында 12 кәсіби лицей бірігіп 16 лицей қалды. Осы облыстың Есіл ауданындағы 3 лицей бірігіп, №19 лицейге қосылды, сөйтіп, 19 мамандық бойынша жұмысшылар дайындауға кірісті.
1997-2001 жылдары қосымша табыс алған лицейдің оқу шаруашылығы көпсалалы оқу-өндірістік құрылымға айналған, ол қазіргі заманғы оқу-материалдық жабдықтармен жасақталған. Лицей бидай, арпа, сұлы, картоп, тамақтық дақылдар, көкөніс еккен, сүт, ет алады, ауылшаруашылық техникалары жөнделеді және оларға қызмет көрсетеді. Лицейдің басқалармен қосылу нәтижесінде 1710 гектар жері, 250 бас шошқа, 28 ірі қарасы, 34 жылқысы болған.
1991-1999 жылдар аралығында экономикалық дағдарыс орта буын мамандар дайындайтын колледждерді де қамтыды. Оларда, егер де 1990 – 1991 оқу жылында 247 мың оқушы болса, 1999-2000 оқу жылында 142 мыңға дейін кеміген, яғни 100 мыңға, ал оқуды бітірушілер саны осы жылдарда 69,8-ден 52,0 мыңға дейін қысқарды. Еліміз нарықтық қатынасқа көшкен жылдарда оқу орындарын ұстайтын қаражат кеми бастады, оқуды бітірушілерге де сұраным азая бастады, олардың кеңестік жылдарда алған мамандықтарының сапасы жұмыс берушілерді қанағаттандырмады.
50 жылдық тарихы бар Астанадағы Қазақстан тұтыну қоғамының сауда-экономикалық колледжі осы жылдарда 120 адамнан тұратын «бухгалтерлік есеп» және «товароведения» мамандарын дайындайтын жыл сайын 500 маман дайындайтын елге танымалы тұтыну кооперациясының 134 арнаулы орта буын мамандарын дайындайтын оқу орындарының ішінде өзінің қадірлі орнын тапқан оқу орнына айналса, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі алғашқылардың бірі болып нарықтық экономикаға тез түрде бейімделіп, жыл сайын орта есеппен мұнай, газ, басқа да өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығына 600-ден астам кәсіби мамандығы жоғары мамандар дайындап келеді. Мұнда 1993-1996 жылдары 400 – 450 оқушылар оқитын болса, 2006 жылы күндізгі бөлімде – 1790, оның 702-сі бюджет есебінен оқыды, мемлекеттік тапсырыс 275, оның 175-і мемлекеттік тілде оқыды. Егер колледжде оқу 1992-1993 жылдарда 8 кәсіп бойынша жүргізілсе, 2006 жылы 31 кәсіп (мамандық) бойынша жүргізілді.
Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі өнеркәсіп, құрылыс және автокөлік саласына әр түрлі салалы мамандар дайындап, оның түлектері ірі-ірі зауыттарды және құрылыс мекемелерін басқарып, өндірістерде еңбек етуде. Сондай-ақ Щучинскідегі гуманитарлық-техникалық, Қарағанды политехникалық, Екібастұз политехникалық колледждерінде білікті жұмысшы мамандарын даярланды және даярланып жатыр.
Колледждер мен лицейлерді бітірушілердің жұмысқа орналасуы да қиындай бастады. Алматы облысында 12 колледж жұмыс істеп, оларда оқушылар 40 кәсіп бойынша дайындалған. 1998 жылы бұл оқу орнына 682 оқушы қабылданса, 1999 жылы 255-ақ оқушыны қабылдады. Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Орал облыстарының оқу орындарын бітіргендер көпшілік жағдайда өздері жұмыссыз қалып, өз беттерінше жұмыс іздеуге мәжбүр болған [18].
Барлық оқу орындары қаржылық дағдарысты бастарынан бір деңгейде өткізген жоқ, олардың кейбіреулері ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде өмір сүрулерін жоғары деңгейде жалғастыра білді, еңбек нарығының талабын түсіне біліп, оған бейімделудің жолдары үшін күресті.
1997-1999 жылдардағы кемшіліктерден сабақ алудың жаңа лебі пайда болды, соның нәтижесінде колледждер қолда бар базаны тиімді пайдаланып, дағдарыстан туындаған кемшіліктерді жеңе білді, өз жұмыстарын ілгері дамытудың алғы шартын жасады. Республиканың колледждері, олардың ұжымдары ел экономикасына орта білімді мамандардың қажеттігін, онсыз экономиканы көтерудің және халыққа қызмет етудің мүмкін еместігін түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет