Әпсананың тақырыбы – Өсиет,махаббат
Әпсананың негізгі идеясы – Әкенің мұрасы маңызды
Оқиғаның басталуы : Бір қнанның баласы болмапты,сол үшін 9 әйел алыпты ең соңында бір баласы туылыпты, атын Асан қойған екен.
Оқиғаның дамуы: Хан өлер шағына таяған уақытта орнына Асанды тағайындапты.Есейіп ел билер жасқа келген кезінде үш затты беруді тапсырыпты ,сосын мерт болыпты. Есейгеннен кейін уәзірлері Асанды таққа отырғызып ,әлгі үш затты,яғни, құлын тұлпар, күшік тазы, балапан қыранды тапсырыпты.
Оқиғаның шиеленісуі: Бір күні Асан уәзірлерімен аңға шығып,бір киікті қуған екен. Бірақ киік жеткізбепті. Қуып –қуып алыс жол жүріпті.
Оқиғаның шарықтау шегі: Бірнеше жерге келгеннен кейін бір елге кездеседі.Бір үйден су сұрап тұрғанында,ханның қызы көріпті.Өзінің сарайына алып қонақ қылып күтіпті.
Оқиғаның шешімі: Қыз бен Асан некелеседі.
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі: Асан,Хан,уәзірлер,Ханшайым
Әпсана болудың себебі: Өмірдің көкейкесті мәселелері баяндалады. Мысалға, Асанға әкесінің мұра ретінде құлын тұлпар,күшік тазы,балапан қыранды және тағын мұра ретінде қалдырады. Кейін басқа елдің ханының қызына ғашық болып,оған үйленеді.
Діни-кітаби хикаяттар
Нұх пайғамбар туралы әпсана
Көктен түскен төрт кітаптада баяндалады.
Нұх - Исламда аса құрметтелетінз пайғамбарлардың бірі.Нұх Пайғамбар Аллаһтың әмірімен тұтқа табынып келген өз халқын бір Аллаһқа сыйынуға шақырды. Біраз уақыттан соң адамдардың бір бөлігі оның насихатын қабылдайды.Сенбеушілер егер пайғамбар болсаң кереметіңмен бізді жазала деп қасарыса түсті. Солай Нұх Пайғамбар Құран Кәрімде Құдайдан медет сұрайды.Аллаһ Нұх пайғамбарға кеме жасап,өзіне ергендер мен жақындарын және дүниедегі тіршілік иелерінен бір-бір жұптан кемеге мінгізіп алуға бұйрық береді. Сенбеушілердің қатаң жазалануын тілейді. Содан кейін, тандыр пештен қайнап шыққан су мен көктен саулап құйылған су жер дүниені топан болып басады.
Дінсіздер қырылып, Нұх пайғамбар кемесіндегі оның жақындары,оған сенгендер ғана аман қалады.
Кемеге мінуден бас тартып, топан судан тауға барып паналамақ болған Нұх пайғамбардың бір баласы қаза болады. Бір деректерде Жуди тауы десе,енді бірі Қазығұрт тауының басына тоқтаған деседі.
Достарыңызбен бөлісу: |