Әпсананың тақырыбы - Аллаға деген сенім.
Әпсананың негізгі идеясы – Алла Тағалаға сену. Алланың бар екеніне сене білу қажеттігін,одан басқа тәңірдің жоқ екеніне сену қажеттігін көрсетеді. Сенбеген жағдайда,оған басқа біреді теңеген жағдайда Алланың қаһарына ұшырайтыны туралы айтылады.
Композициялық талдау
Оқиғаның басталуы – Нұх пайғамбар Алла Тағалаға сыйыну қажеттігін насихаттайды.
Оқиғаның дамуы – Алладан жәрдем сұрайды. Алла Нұх пайғамбарға кеме жібереді.
Оқиғаның шиеленісуі – Алла Нұх пайғамбардың жақындарын және жердегі тіршілік иелерінен бір-бір жұптан алуға бұйрық береді. Аллаға сенетіндер кемеге отырады.
Оқиғаның шарықтау шегі – Жерді топан су басады. Аллаға сенбегендер мерт болады.
Оқиғаның шешімі – Алланың бар екеніне сенушілер аман қалады. Қазығұрт тауына барып тоқтайды.
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – Нұх Пайғамбар, Алла , Нұхтың баласы
Жер-су аттары – Жуди тауы, Қазығұрт тауы
Тәрбиелік мәні – Барша адамдарға Аллаға сену қажеттігін үндеу етеді.
Әпсана болудың себебі: Діни-кітаби әпсаналарға жатады. Себебі, бұл әпсанада ислам дінінің ұстанымдары уағыздалады. Яғни,Алладан басқа Тәңір жоқ деп Аллаға сенгендерді кемеге алып аман қалады. Ал сенбегендер қаза болады. Сонымен қатар,Исламдағы аса құрметтелетін пайғамбарлардығ бірі Нұх Пайғамбар Алланың елшісі ретінде баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |