II.II. Жерге орналастырудың тиімділігі
Жерге орналастыру шешімдерінің нәтижесінде пайда болатын тиімділік өндірістің, еңбектің және жерді пайдаланудың өзара байланысты түрде ұйымдастырылуымен себептеледі.
Жерге орналастырудың тиімділігі өндірістің дамуымен және табиғи ресурстарының пайдалануымен бірге қарастырылады. Оның үш түрін айырып белгілеуге болады: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік.
Жерге орналастырудың экологиялық тиімділігі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды орынды пайдалану мен ұдайы өндіру қажеттілігінен туындайды. Ол жерді эрозиядан сақтауды, табиғат қорғау әрекеттерін жүзеге асыруды, топырақ қыртысын қалпына келтіруді және т.б. қамтитын жерге орналастыру шараларының қоршаған орта мен жердің өңделуіне әсер етуі арқылы байқалады.
Жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі өндірістің қолайлы салалық құрамы мен территориялық реттілігін қалыптастыру және шаруашылық жүргізу жағдайларын жақсарту нәтижесінде пайда болады.
Жерге орналастырудың әлеуметтік тиімділігі болып жер қатынас тарының нығаюы, жер иеленушілері мен пайдаланушылары құқықтарының сақталуы және ауыл еңбеккерлерінің мәдени-тұрмыс жағдайларының жақсаруы болып табылады.
Кейде үкімет, құқықтық және экономикалық шаралармен қатар, жер қорын басқаруда, жерге орналастыру арқылы аграрлық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі саяси шарларды да қолданады.
Бұндай жағдайда жерге орналастыру әлеуметтік-экономикалық маңызбен қатар, саяси сипатқа ие болады және үкіметтің аграрлық саясатты жүзеге асыру құралына айналады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, азаматтардың, шаруашылық құрылымдарының агроөнеркәсіп кешендерде және басқа да өндірістік кешендерде, сонымен бірге өндірістік емес салада жұмыс істелуіне себепті, жерге орналастыру тиімділігі халықшаруашылық және шаруашылық-есептік түрлеріне бөлінеді.
Бірінші жағдайда жерге орналастыру жер қорын категорияларға, жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға, алаптарға бөлу құралы болып табылады және осы ретінде жалпы халық шаруашылығына, сондай-ақ аграрлық экономикаға әсер етеді. Бұнда жерге орналастырудың халықшарушылық тиімділігі халық шаруашылық индикативтік жоспар лаумен, жер ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі бас, облыстық және аудандық схемаларды әзірлеумен, сонымен қатар, белгілі бір шамада, шаруашылықаралық, ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналас тырумен байланысты.
Жерге орналастырудың шаруашылық-есептік тиімділігі, белгіленген территориялық реттіліктің еңбек ұжымдарының өндірістік бағдарламаларды орындауына және жыл сайынғы өндіріс шығындарының азаюына әсер етуін қамтыа көрсетеді.
Тәжірибенің көрсетуінше, ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары игерілген ауылшаруашылық кәсіпорындарында, басқаларына қарағанда, бір жұмысшыға алынатын өнімнің көлемі 20% жоғары болады екен. Өкінішке орай, ІШЖО жобаларының жүзеге асырылуы өте төмен. Оның үстіне 90-жылдары орын алған дағдарыс бұрдай жұмыстардың толық тоқталуына әкеліп соқты.
Енді ІШЖО және учаскелік жерге орналастыруға қатысты жұмыстарды қаржыландыру міндеті жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өздеріне заңды түрде жүктеліп отыр. Бұл, аталған жобаларға тапсырыс күрт қысқарады деген сөз. Ақыр аяғында, дер кезінде жүргізілмеген ІШЖО салдары ауыспалы егістіктер жүйесінің, жалпы ішкішаруашылық территория реттілігінің бұзылуына, жердің иесіз қалуына әкеліп соғады. Соңғысы жер иелері мен жер пайдаланушылардың өздерінің заңда қамтылған жерді тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттерін толық орындамауға себеп болады. сондықтан, жер қатынастары мен жалпы жерге орналастыру жүйесін әрі қарай жетілдіру, жерге орналастыру ғылымында көпшілікпен танылған оның өндірістік процесін, жобаларды жасау, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негіздеу реттілігін қалпына келтіру, бүгінгі күннің ас маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр.
Жерге орналастыру жұмыстарының іс жүзіндегі тиімділігі тек бірер жыл өткесін ғана анықталуы мүмкін. Мысалы, жыртылған жерде ауыспалы егістің айналымы (ротациясы) аяқталғаннан кейін. Осыған байланысты жерге орналастыру жобаларының «күтудегі экономикалық тиімділігі» деген ұғымды қолданған дұрыс, ал іс жүзіндегі тиімділігі авторлық қадағалау барысында анықталуға тиіс.[3]
Достарыңызбен бөлісу: |