СөЖ-2 Тақырып: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі. Кестелік талдау


Қазақ балалар әдебиетінің 70-жылдардан кейін зерттелуі



бет3/5
Дата06.03.2022
өлшемі61.24 Kb.
#456010
1   2   3   4   5
БӘ.СӨЖ

Қазақ балалар әдебиетінің 70-жылдардан кейін зерттелуі.
Балалар әдебиеті саласында ойлы пікір айтқан ғалымдар мен қаламгерлер қатарын кейінірек Б.Ысқақов Қ.Мырзалиев, Ә.Табылдиев, З.Серікқалиев, Е.Елубаев, С.Қалиев, Қ.Ергөбек, Б.Сарбалаев, Б.Ыбырайым, Ә.Бөпежанова және т.б. құрады. 70-80 жылдары С.Өскенбаевтың «Қазақ балалар прозасының даму тенденциялары», Г.Нұғыбаеваның «Детская литература Казахстана 1970-80-е годы» тақырыптарында кандидаттық диссертациялары қорғалды.
90-шы жылдары К.Матыжанов «Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы»
Ә.Ӛтегенова «Жанрово-художественные особенности современного казахского детского рассказа (70- 80-е годы)» тақырыптарында кандидаттық, Б.Ыбырайым «Қазіргі қазақ балалар повесінің көркемдік ерекшеліктері» атты тақырыпта кандидаттық және
«Қазіргі қазақ балалар прозасы және рухани эстетикалық даму мәселелері» тақырыбында докторлық диссертацияларын қорғады. 2000 жылдардың ішінде қорғалған зерттеу жұмыстары ретінде Б.Қапасованың «Қазіргі қазак балалар лирикасы»,
А.Ақтанованың «Қазіргі қазақ балалар драматургиясы», Ж.А.Рүстемованың «Қазақ балалар прозалық әдеби ертегісі», Б.Ақыштың «Балалар прозасындағы жеткіншектер бейнесінің жасалуы», Г.Қажыбаеваның «Қазіргі қазақ балалар поэмасы(1960-90)», Ә.Жәкімнің «Қазақ балалар поэзиясы және Мұзафар Әлімбаевтың көркемдік тағылымы», Ш.Жанаеваның «1960-80 жылдардағы қазақ балалар поэзиясы және Қ.Мырза Әли шығармашылығы» такырыптарында қорғалған кандидаттық диссертацияларын атауға болады. Қазақ балалар әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан ақын-жазушылардың жекелей өмірі мен шығармашылығына қатысты қорғалған Е.Құлымбетовтың «Өтебай Тұрманжановтың ақындығы», Б.Баткееваның «Мұзафар Әлімбаевтың лирикасы», Ж.Бұлтанованың
«Қабдыкәрім Ыдырысовтың шығармашылық мұрасы» атты кандидаттық диссертацияларын
да атаған жөн. Қ.Мырзалиевтің «Сөз сиқыры»(1982), Б.Ыбырайымовтың
«Көркемдік көкжиегі», К.Ісләмжанұлының «Рухани уыз», Қ.Ергөбектің «Мейірім шуағы», «Ӛтебай Тұрманжанов», «Арыстар мен ағыстар»(1 том, 2003)
кітаптарында қазақ балалар әдебиеті мәселелері сөз болады.
Қ.Ергөбектің құрастыруымен жарыққа шыққан «Сөзстан» (1983), «Қазақ совет балалар жазушылары» жинақтарында балалар ақын-жазушыларының шығармашылық өмірбаяндары жайында мол мағұлмат беріледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет