Саттар Ерубаев ақындарды балалар әдебиетіне үлес қосуға шақыру мақсатында былай дейді: «… нақтылы міндеттемелер алыңыздар, балалар көркем әдебиетін жасауда өздеріңізді жауапты деп санаңыздар. Болайын деп отырған жазушылар съезінде мәселе көтеріңіздер. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер”
Саттар Ерубаев хат иелері - кішкентай оқырмандар жөнінде былай дейді: «Бұл оқушылар - кітапқа, қызғылықты өмірге, күреске құмар оқушылар, бірақ қызғылықты кітап жоқ, ал болса аз» дейді.
Жазушылардың ішінде балалар әдебиетіне ептеп көңіл аударған Қалмақан еді. Ол да ең соңғы рет балаларға өмір бойы азық қылыңдар деп «Тәтті қауынын» тарту етті де, соңғы уақытта балалардан ол да қол үзіп кетті. Мүмкін, Қалмақан балаларға «Тәтті қауын» есейіп, ер жеткенше қорек етуге жетеді деп жүрген болар. Бірақ балалар бірнеше
«Тәтті қауын» сияқты тәтті әдебиет жемістерін күтіп отыр. Қалмақанның мұнысына да рахмет. Басқа ақын-жазушылар «Тәтті қауын» түгіл балалардың әдебиет қорына бір уыс бүлдірген де қосқан жоқ» деп жазады Б.Бұлқышев.
З.Серікқалиев ойынша, қазақ балалар ақындары үшін орыс балалар қаламгерлерінің балаларға арналған шығармалары әрқашан да үлгі.
І.Жансүгіров “Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады”- деп өтірік өлеңге бірінші рет анықтама береді.
«Халықтың көкейкесті ой – арманын, тілегін бейнелеген, оның рухани және эстетикалық қажеттеріне сай келген халық ауыз әдебиеті тәрбиелік, білімділік, танымдық, эстетикалық қасиеттері мол мәңгі өшпес үлгілерімен де балалар әдебиетін дамытудың сарқылмас қайнар бұлағы ретінде қызмет етіп отырғандығымен де қымбат» - дейді М.Қ.Қаратаев.
|