ГЛОССАРИЙ
Сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
Сәйкестiктi растау – нәтижесі техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;
Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган ол арқылы өнімнің және (немесе) онымен байланысты процестің, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;
Сәйкестiк белгiсi – өнімнің және көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларға ақпарат беруге арналған белгі;.
Техникалық регламент – нормативті-құқықтық акт болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, процестің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген. Техникалық регламент – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат.
КІРІСПЕ
Сертификация сөзі латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалды» дегенді білдіреді. Өнім «дұрыс жасалғанына» көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сай келетінін және осы сәйкестіктің сенімді дәлелін қалай алуға болатынын білу керек. Халықаралық тәжірибеде бундай дәлелдің жалпы мойындалған тәсілі ретінде сертификация жүреді.
Өнімнің әрі қарай қолданылуы немесе тутынылуы үшін шығарылатынын белгілі. Өмірлік ағымның жалпы тізбегінде өнім даярлаушы «бірінші жақ» болып есептеледі және ол әрине жақсы өнім шығарды деп есептейді, тутынушыларды қанағаттандыратындай.
Бұл тізбектегі «екінші жаққа» сапаны өнім алуды қалайтын тутынушы жатады.
Тұтынушының бағалауына өнімнің кейінгі тағдыры тәуелді.
«Үшінші жақ» яғни арбитріне тутынушы мен даярлаушыдан тәуелсіз ұйым немесе тұлға жатады. Сәйкестікті бағалаудағы халықаралық тәжірибеде ең көлемді және өнімді болып үшінші жақ өткізген сынақ нәтижесі жатады.
«Сертификация» терминінің алғаш рет стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның сертификация сұрағы бойынша кеңес анықтап, ұйымдастырған (СЕРТИКО) және 1982 жыл №2 ИСО мәлімет жетекшілігіне енгізілген. «Стандарттау, сертификация және сынақ зертхананың аккредитация аймағындағы анықтамалар мен жалпы терминдер». Осы құжатқа сәйкес сертификация сәйкестік белгілі немесе сәйкестік сертификаты нәтижесімен куәландірілетін әрекет ретінде анықталды, мұндағы киім немесе қызмет нақты бір стандартқа немесе басқа нормативті құжатқа сәйкес келеді. Бұл анықтама бүгінгі таңда «сертификация жүйесінде» қолданылған сертификация ұғымының негізіне қойылған. Қазіргі таңда сәйкестік сертификаты ұғымы арқылы үшінші жақ қызметтік түсінуге болады.
1982 жылы берілген анықтамамен салыстырғанда «сәйкестік сертификаты» ұғымына бірнеше өзгерістер енгізілген.
Біріншіден, сертификация енді үшінші қызметінен байланысты, олар қарастырылған сұрақта қатысатын жақтан тәуелсіз болып есептелетін орган немесе тұлға болып есептеледі. «Үшінші жақтың» өте нақты ұғымы сәйкестік сертификациясының анықтамасындағы басқа терминдер сияқты жөнінде қарастыралады.
Екіншіден, сәйкестікті бағалау бойынша қызмет міндет қызмет болып жүргізіледі, бұл нақты ереже, процедура және басқаруға қойылатын сертификацияның қатаң жүйесінің бар екендігі жөнінде дәлелденді. Үшіншіден, сәйкестік сертификациясын тарату аймағын барынша кеңейту. Қазіргі таңда оларға өнім, процесстер және қызметтер жатады, сонымен қатар кәсіпорындағы сапа мен персональды басқару процесстері.
Достарыңызбен бөлісу: |