СөЖ Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі



Дата13.11.2022
өлшемі15.08 Kb.
#464718
Медетова Ұлжан СӨЖ А. Байтұрсынұлы


Медетова Ұлжан
ББ 22-04
СӨЖ
Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі
Ахмет Байтұрсынұлы – көрнекті қайраткер, ағартушы ғалым, лингвист, аудармашы, ақын, «Ұлт ұстазы». Ахмет атамыздың есімін естісек бірден ойымызға Алаш партиясы, қазақ тілі, ұлтшылдық, тәуелсіздік үшін болған талай күрестер келеді.
Ұлт ұстазымыз 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының ұлтжанды болып өсуіне әділ әкесінің бауырларымен бірге жазықсыз Сібір жеріне жер аударуы себеп болады. Дара тұлға өз еңбек жолын балаларға сабақ беруден, ұстаздықтан бастайды. Саясатқа 1905 жылы келе отырып, Қарқаралы петициясының авторларының бірі болды. Сол кездегі белсенділігі үшін 1909 жылы Семей түрмесіне қамалады. Бірақ 1 жылдан кейін Орынборға жер аударылғанда, Ахметтің қоғамдық саяси қызметі, белсенділігі арта түседі. Орынборда А. Байтұрсынұлы идеялас тұлғаларды Ә. Бөкейханов пен М. Дулатұлын жолықтырады. Осы тұста 1913 жылы олар бірігіп тұнғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып, осылайша қазақ баспасөзінің негізін қалайды. «Қазақ» газетінің әрбір басылымы рухани санаға, ұлт санасына үлкен сілкініс әкелді. Осы жерде Ахмет атамыздың қазақ тіліндегі, қазақ әдебиетіндегі рөлі жайлы айтқым келіп отыр. Латын әліпбиі шықпай тұрып, халық араб тілінде жазатын. Араб жазуы біз білетіндей оңнан солға қарай жазылады. Осы тұста Ахмет Байтұрсынұлы латын әліпбиін құрады. Бағана айтып өткеніміздей Ахмет ұстаздықпен айналысқан. Яғни балаларға осы латын әліпбиін үйретіп, қазақтардың хат танып, оқуына ықпалын тигізген.
Ары қарай Алаш партиясы туралы айтатын болсақ, Алаш партиясы 1917 жылы қазақ халқының тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында құрылды. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісті көре отырып, Алаш зиялылары құр қол отыра алмады. Алаш партиясы негізінде бірден тәуелсіздікті көздеген жоқ. Олар қазақтардың Ресей құрамында қалатынын айтып, бірақ орнына қазақтарға жерлер қайтарылуын, дін жақтан қысым көрсетпеуін, жастардың, балалардың оқуына рұқсат етулерін, және тағы басқа талаптарды орындауын ұсынды. Алаштықтардың «жоспары» бойынша осылай ақырындап, асықпай, шайқассыз, қан төгіссіз, тәуелсіздікті ақылмен алу болды. Осы 1917 жылы «ақтар мен қызылдардың» соғысы жүріп жатты. Алаш партиясы екі жақты да қолдады. Екі жақты да қолдады деп айтуымның себебі ақтар Алаштықтар сияқты тәуелсіздікті қалады. Бірақ алаштықтарға қызылдармен байланыс үзу теріс шешім болып көрінді. Себебі қызылдармен байланысын үзсе жоғарыда айтылған «жоспарлары» іске аспай қалатын еді. Сонда да ақтарға жақынырақ болды. Бұл тұста зиялыларымыз өздерінің ату жазасына кесілетінін, жазаланатынын, барлығын біліп отырды. Осы жерде С. Сейфуллиннің Ахмет Байтұрсынұлы туралы: «... өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бар басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл» - деп өз ойын білдіреді.
1918 жылы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газеті жабылады. Бұның ең басты себебі газетте сол кездегі қазақтардың жағдайы жайлы, Кеңес үкіметінің билігі жайлы ащы шындық жазылып отырды. 2 жылдан соң Алаш партиясын да жабады. Себебі Кеңес үкіметі олардың «жоспарын» сезіп қойды десек те болады. Ендігіден бастап Кеңес үкіметі қазақтардың арасынан білімді, ақылды, белсенді тұлғаларды басып отырды. Осылайша 1931 жылы Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесіліп, 1937 жылы атылады.
Ахмет Байтұрсынұлының іс-әрекеті, патриотизмі тек сол кездегі халыққа ғана емес, мына қазіргі кездегі халықтың да санасын оятуы қажет деп ойлаймын. Ол кезде халықтың ұлт санасының оянбауын ресейліктердің іс-әрекетінен түсінуге болады. Бірақ әттеген-ай қазіргі заманда осындай тәуелсіз елде тұрып, қазақ зиялыларымыздың өлеңдерін оқымай, тарихымызға қызықпаймыз ғой. Егер оқып, қызыққанымызда ұлт санамыз оянар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет