СөЖ «Оқушылар арасында музыкалық тәрбие шараларын ұйымдастыру»



Дата06.12.2022
өлшемі148.98 Kb.
#466678
Құтбан Асель Мектептен тыс іс шара


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ 4.
«Оқушылар арасында музыкалық
тәрбие шараларын ұйымдастыру».

Мамандық: 6В01401-музыка


Курс: 3
Орындаған: Құтбан Асель
Тексерген: Султанова М.С

«Ән әлемі» жобасы


Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!


2 - жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән әлемі» жобасына қош келдіңіздер демекпін.
1 - жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.
2 - жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.

1 - жүргізуші: Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып - тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.


2 - жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге, өнерге деген құштарлығымен өзін бас - көзге қарамай қамшылап жүргендер.

1 - жүргізуші: «Болар адам - бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. №11 мектепте 8 - 11 сыныптар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Ән әлемі» жобасы оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.

2 - жүргізуші: Шараның мақсаты - Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.
1 - жүргізуші: Сонымен бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры ------------------------------------------- апайға сөз береміз.
2 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Ән әлемі» жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем.
------------------------------------
1 - жүргізуші: Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып салайық!
2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтсем:
Тәрбие ісінің меңгерушісі ----------------------- ағай
Бастауыш бірлестік жетекшісі ------------------ апай
Ән - әуез пәнінің мұғалімі ------------------------ апай

1 - жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ән әлемі» жобасының сарапшыларымен таныстырып өтсем:


-----------------------------------------
2 - жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға номері 1 - ші талапкеріміз
Сілтеу Исламды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Саз әлемі сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады - сахнада 2 - ші номерлі талапкеріміз-------------------------- ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың - дей келе 3 - ші номерлі әнші қызымыз------------------------------ қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Айтса әні алыс шыңға жететін,
Шақырайық Мақсатты ән мен жырды шертетін. Сахнада 4 - ші номерлі әншіміз --------------------------- қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5 - ші номерлі ---------------------------------------- ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 6 - шы номерлі талапкерімізді -------------------------------------- ортаға шақырамыз. Қошемет.
1 - жүргізуші: Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка - өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен 7 - ші номерлі әншіміз ------------------------- қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Қазылар алқасының пікірін тыңдап көрелік.


2 - жүргізуші:: Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 8 - номерлі әншіміз ----------------------------------------------------- ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда.
1 - жүргізуші: Шық аруым жарысқа,
Бір - бірінен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
Мына отырған халықта - демекші бүгінгі сайысымыздың 9 - номерлі әншісі ---------------------------- қарсы алайық. Қошемет.
1 - жүргізуші: Қазылар алқасымен сарапшыларымызға кезек берелік.
2 - жүргізуші:: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе енді сайысымыздың соңғы номерлі талапкерін -------------------------------------------- ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.
1 - жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берелік.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы қорытынды шығарам дегенше тамаша әнге кезек берейік.
1 - жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет