Сөж пәні: Масс-медиа тілінің прагматикасы Тақырыбы



бет6/6
Дата30.09.2022
өлшемі421.52 Kb.
#461668
1   2   3   4   5   6
Еркімбек Аяулым ММТП 2

Фирма жарнамасы мынадай мақсатты ұстанады:

  • тұтынушыларда фирманың белгілі бір бейнесін қолдану;

  • фирмаға деген жақсы қарым- қатынас туғызу;

  • сұранысты арттыру;

  • тұтынушыны тұрақты сатып алушы етуге ұмтылу;

  • басқа фирмаларға сенімді серіктес бола алатын жағдай туғызу;

Фирма жарнамасынан басқа тауар және қызмет көрсету жарнамалары да бірдей мақсатты алдына қояды:

  • берілген тауар немесе қызметке қажеттілік пен сұраныс туғызу;

  • тауар мен қызметті пайдалануға ұмтылдыру;

  • тауар айналымын жылдамдату;

  • тауар мен қызмет таңдауға тұтынушыларға көмек көрсету;

Жарнамалық топ өз жұмысын жарнаманың бірнеше түрін қолдану арқылы жүргізеді.
Шолу жарнамасы. Бұл түр жарнама обьектісін негізгі құрал етеді. Оның мақсаты – тұтынушыны сендіру, сенімсіздікті жою яғни психологиялық тұрғыдан әсер ету.
Мәртебелі жарнама. Онда мекеме тарихының елеулі жақтарына, жоғары кіріс мөлшеріне, қамқорлық пен демеушілік еткен істеріне тоқталады. Бұл екі жарнама барлық жағдайды қамти отырып, кең аудиторияға орналастырылады. Жарнама теориясында бұл «ПР» саласына енеді.
Жарнама мақсаттарына жетуде жарнама мәтінінің (сценарий), ұсыну түрі мазмұнын баяндау, стилі мен жарнаманың түсі туралы шешімдердің маңызы зор.
Жарнама мәтінінің мазмұны (AIDA) (attention-назар, interest-қызығу, desire-тілек, action-әрекет) формуласына сәйкес жасалады. Адамдардың назарын аударып, қызықтыру үшін тауардың артықшылығы мен тигізетін пайдасын атап көрсеткен жөн. Сатып алушының ықыласын тудыру үшін оны белгілі бір әрекеттерге апаратын жарнама обьектісін сенімді дәлелдермен көрсету керек.
Үндеулерді таратуға бағытталған шығармашылық тәсілдер:
1. Сауда маркасының нарықтағы позициясына шоғырлану. Мысалы, «Philips» компаниясының: «Өмірді жақсартайық» деген үндеуін келтіруге болады.
2. Жарнамалық үндеу сатып алушының талғамына әсер ететін мотивациялық ыңғайға негізделеді.
3. Тауарды қолданудың жаңа саласы мен мүмкіндіктері. «Reebok» компаниясының жарнамаларында өзінің аяқ киімдерінің тек спортпен шұғылданғанда ғана емес, күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын көрсетеді.
4. Жарнамаланатын тауар мен бәсекелестердің тауарлары арасындағы айырмашылықтар да шығармашылық тәсіл қатарына жатады. «Burger King» компаниясы өзінің бургелерін майға қуырмай, отқа қақталатынын хабарлайды.
5. Үндеу идеясы тұтынушыларды бақылау негізінде және олардан пікір сұрау жүргізгенде пайда болуы мүмкін.
Жарнама үндеуі тауар артықшылығын атап көрсеті де, шынайы болуы да, жарнамаланған тауардың бәсекелестер тауарынан несімен ерекшеленетінін атап көрсетуі керек. Бұл талаптарға қол жеткізу өте қиын. Жарнамаланған тауарлардың немесе қызметтердің жақсы жақтарын асырып айтудың нәтижесінде қазіргі кезде көптеген тұтынушылар жалпы жарнаманың шынайылығына күмән келтіреді.

ҚОРЫТЫНДЫ
БАҚ-тағы жарнама – белгілі бір мақсатты көздеп, нақты бір уақыт кезеңін қамтитын іс-шара. Жарнама дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өте тиімді және шығарылатын өнімнің тез, әрі үзіліссіз өндірілуіне себепші бола алады. БАҚ-тағы жарнаманы жоспарлау кезінде мақсатты аудиторияны анықтап, жарнама компаниясының мақсатын, негізгі идеясын, оны берудің әдісін таңдап, материалды жариялаудың оңтайлы мерзімін белгілеп, ықтимал шығындарды есептеп алу қажет. Жарнама прагматикасы – жарнамалық хабарламаны оқыған аудиторияны мақсатты әрекетке талаптандырып, белгілі бір коммуникативтік нәтижеге қол жеткізуге жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы. Бақ-тағы жарнама технологиясы. 2010 ж.

  2. Назайкин А.Н. Эффективная реклама в прессе. - М.: Международный институт рекламы. 2001.

  3. Скороделов К. В. Планирование рекламной кампании рекламным агентством. Маркетинг в России и за рубежом

  4. Аренс Б. Современная реклама. М.: 1995 ж..

  5. Назайкин А.Н. Медиапланирование на 100% .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет