Бейорганикалық фосфор. Организмде фосфордың 85%-ы сүйек ұлпасында кездеседі. Бұлшық ет ұлпасында (8-9%), жүйке ұлпасында (0,7% дейін), және қанда (0,2% дейін) кездеседі. Қышқылды-сілті тепе-теңдігін реттеуге қатысатын қанның фосфат буфері құрамына енеді; ақуыз, май, көмірсу алмасуына, сондай-ақ фосфорлау процесіне қатысатын ферментативті процесстерді белсендіреді, аденозинмонофосфат, аденозиндифосфат, аденозинтрифосфат және т.б. құрамына кіреді.
Қандағы жалпы фосфордың құрамына екі фракция кіреді: бейорганикалық фосфор (фосфор қышқыл тұздары) және органикалық (фосфатид, липоидты фосфор), нуклеопротеид фосфоры (фосфопротеид), қышқыл еріткіш органикалық фосфор (эфир байланысты қосылыстар – аденозиндифосфорлы және аденозинүшфосфорлы қышқылдар, гексозофосфаттар, триозофосфаттар). Қан сарысуында клиникалық маңызға зор ие бейорганикалық фосфорлар.
Қан жасушаларында фосфор тек органикалық қосылыстар ретінде кездеседі, ал қан сарысуында негізінен бейорганикалық фосфорлар болады.
Фосфордың сорылуы сілтілі орта әсер ететін ащы ішекте жүреді. Кальций мен магнийдің ішектегі құрамада артық болуы және D витаминінің жетіспеуінде фосфордың ішекте сорылуын төмендетеді. Организмнен фосфордың экскрециясы негізінен несеппен, аз бөлігі нәжіспен жүреді; лактация кезінде негізінен фосфор сүтпен бөлінеді.
Организмде фосфордың негізгі реттеушілері – қалқаншамаңы безі, Д витамині, қалқанша безі және бүйрек болып табылады.
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерін анықтау үшін ванадат-молибдат реактивімен, Коромыслов пен Кудрявцева модифицирлеген Пулс әдісі арқылы анықтайды; эйконогенмен Фиске мен Суббароу және аскорбин қышқылымен Ивановский модифмицирлеген Аммон және Гинсберг әдістері анықтайды. Қан сарысуының ұзақ қалпында органикалық фосфаттың диализі жүреді, бейорганикалық фосфаттың концентрациясы жоғарылайды, сондықтан анализді жаңа алынған қан сарысуында немесе белоктарды үш хлорлы сірке қышқылы арқылы белоксыз фильтрат алып жасаған дұрыс.
Қан сарысу құрамындағы неорганикалық фосфорды вандат-молибден реактивімен анықтау (Пулс бойынша В.Ф.Коромыслова және Л.А.Кудрявцева). Принцип. Белоксыз фильтратта фосфор ванадат-молибден реактив әсерінен лимонды-сары түс береді. Боялу дәрежесі фотоэлектроколориметрмен өлшенеді.
Реактивтер: 20%-дық үш хлор сірке қышқылының қоспасы; фосфор реактиві. Оны 500 мл 0,234% аммоний ванадат ерітіндісі, 1000 мл 2,5 н тұз қышқылы ерітіндісі мен 1000 мл 3,53% молибден қышқылды аммониясын қосу арқылы жасайды. 0,234% аммоний ванадат ерітіндісін 2,34 г заттың 500 мл дистилденген ыстық суда ерітуімен оған 1,19 тығыздықтағы 28,0 мл концентрленген тұз қышқылын қосып, 20°С дейін суытып, оны 1 л дистилденген суға дейін жеткізеді. 3,53% молибден қышқылды аммоний ерітіндісін жасау үшін 35,3 г тұзды 700 мл дистилденген суда ерітіп, барлық санын өлшегіш колбаға ауыстырып, дистилденген суды қосу арқылы 1 л көрсеткішіне дейін жеткізеді. 2,5 моль/л тұз қышқылының ерітіндісін 207,5 мл концентрленген тұз қышқылының дистилденген сумен 1 л дейін жеткізу арқылы жасайды. Фосфор реактивін 2 айға,қара шыны ыдыста сақтайды;
Негізгі қалыпты фосфор ерітіндісі 4,394 бір араласқан фосфор қышқылды калий (КН2РО4), эксикаторде концентрленген күкірт қышқылының бірқалыпты массаға дейін кептіріп, үстінде 1 л дистилденген суда ерітеді. 1 мл фосфор болады. 5 мл%-дық қалыпты жұмыс фосфор ерітіндісі: 5 мл негізгі қалыпты фосфор ерітіндісін өлшегіш колбада 100 мл дистилденген сумен көрсеткішке жеткізеді.
Құрал-жабдықтар: фотоэлектроколориметр, коникалық термо төзімді 1 л колбалар, 50, 100, 500, 1000 мл өлшегіш колбалар, электр плиткасы, пипеткалар, пробиркалар, центрифуга.
Анықтау барысы: центрифуга пробиркасына 2,5 мл дистилденген су, 0,5 мл сарысу, 2 мл үшхлорсірке қышқылының ерітіндісін енгізіп, араластырып, 10 минуттан кейін 15 минут 3000 айн/мин центрифугалайды. Шприц және пипитка арқылы тұнбасына тигізбей 2,5 мл центрифугат алып, 2,5 мл фосфор реактивін қосып араластырып, 10 минуттан кейін жуандығы 1 см көкшіл жарық фильтрлі кюветіңде ФЭК арқылы дистилденген суға қарсы колориметрлейді. Бір мезетте стандарт үлгісін дайындайды. 0,5 мл жұмыс стандартын 5 мг%-ды фосфор ерітіндісіне 2,5 мл дистилденген су және 2 мл үшхлорсірке қышқылының ерітіндісін қосады. Содан кейін бұл ерітіндінің 2,5 мл алып, пробиркаға енгізеді, оған фосфор реактивінің 2,5 мл қосып, 10 минуттан кейін сарысу үлгісі сияқты режимде колориметрлейді.
Есептеуді мына формула арқылы жүргізіледі.
х=(А/Б)*5
мұндағы, х-100 мл сарысудағы фосфор мөлшері,мг; А-зерттелінетін үлгінің экстинкциясы; Б-қалыпты ерітіндінің экстинциясы; 5-мг% аудару коэффиценті.
ммоль/л-де фосфор құрамын табу үшін коэффицент ретінде 1,615 немесе мг%-дың жоғарылығын 0,323-ке көбейтеді.
Ескертулер. Қан сарысуынан эритроциттерді 1 сағатта алуы керек. Ол гемолиз, липемия, сарғыштанудан таза болуы керек. Сарысуды немесе плазманы бөлме температурасында бір тәулік, -4-8С° температурада 4 тәулік бойы сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |