Сөж тақырыбы: Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау Орындаған: Есенғалиев Д. Тексерген: Муратбаев Д. Семей 2015 ж. Жоспар


Жануар қан сарысуындағы аскорбин қышқылындағы бейорганикалық фосфорды анықтау



бет7/7
Дата19.09.2023
өлшемі255.33 Kb.
#477927
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-46732

Жануар қан сарысуындағы аскорбин қышқылындағы бейорганикалық фосфорды анықтау.
Принципі. Ақуызсыз центрифугатта бейорганикалық фосфор молибден қышқылы пайда болатын фосфорлық-молибдені қышқылмен әсерлесіп, көк фосфор-молибденді кешенімен аскорбин қышқылымен қалпына келеді. Боялу дәрежесіне органикалық фосфордың концентрациясына байланысты.
Реактивтер: хлорлы қышқыл -20мл; 50% үшхлорсірке кышлылынын ерітіндісі (ҮХСҚ)-100 мл (флакон 1); 5% молибденат аммонии ерітіндісі - 100 мл (флакон 2); Аскорбин қышқылы-1 г (флакон 3); негізгі стандартты фосфор ерітіндісі - 100 мг% (ампула); 1 н. тұз қышқылы-10 мг.
Жұмыс ерітінділерін дайындау. 10% ҮХСҚ ерітіндісі: бірінші флакондағы құрамы колбаға ауыстырып, көлемін дистелденген сумен 500 мл дейін жеткізеді. 100 мл дайындауға да болады, ол үшін:колбаға 20 мл 50% ҮХСҚ ерітіндісіне дистилденген су құйып, 100 мл өлшеміне дейін құяды. Егер ерітінді түбінде тұнба пайда болса, онда ол ерітіндіні фильтрлейді. 5% молибден аммоний ерітіндісі (флакон 2) жұмысқа дайын. 0,1 н. тұз қышқылы: флакон ішіндегі (10 мл) 1 н. тұз қышқылын
өлшегіш колбаға ауыстырып, үстіне 100 мл дейін жеткізу үшін дистелденген су құяды. Аскорбин қышқылы ерітінді: 3 флакон құрамдағы 100 мл 0,1 н тұзды қышқылында ерітеді. Бұл ерітіндіні қолдану алдында ғана жасайды. Фосфордың калибрлі (стандартты) жұмыс ерітіндісі: өлшегіш колбаға 100 мл немесе 5 мл негізгі стандартты фосфор ерітіндісін қосады және дистилденнен су көмегімен белгіге дейін жеткізеді. Онда 5 мг% фосфор ерітіндісін алады.
Анықтау барысы: Тәжірибелік үлгісі. Центрифугалық пробиркаға 2,5 мл дистилденген су, 0,5 мл қан сарысуын және 3 мл 10% ҮХСҚ ерітіндісін енгізеді. Шыны таяқшамен араластырады. 10 минуттан кейін 20 минут 3000 айн/мин. Шприц көмегімен абайлап 3 мл центрифугат таңдап алады, оған 0,6 мл молибденат аммоний ерітіндісін, 0,12 мл аскорбин қышқылы ерітіндісін және 1,3 мл дистилденген суды қосады. Араластырып 20 минуттан кейін 1 см жуандылықты қызыл жарықты фильтрі бақылауға қарсы кюветте колориметрийді.
Бақылау. 10% 3 мл ҮХСҚ ерітіндісіне 0,6 мл молибденат аммоний ерітіндісін, 0,12 мл аскорбин қышқылы ерітіндісін, 1,3 мл дистилденген суды қосады.
Стандартты ерітінді. 2,5 мл дистилденген суды, 0,5 мл 5 мг/% фосфор ерітіндісін, 3 мл ҮХСҚ ерітіндісін араластырады. 30 минуттан кейін бұл қоспаның 3 мл басқа пробиркаға ауыстырып, 0,6 молибденат аммоний ерітіндісін 0,12 аскорбин қышқыл ерітіндісін, 1,3 мл дистилденген су қосады, 20 минуттан кейін тәжірибелік үлгіні жасау шарттары сияқты колориметрийді.
Қан сарысуында фосфор мөлшерінің азаюы – гипофосфатемия – рахит, остеомаляция, гиперпаратиреоз, ірі қара малдың созылмалы гематуриясы кезінде байқалуы мүмкін. Жоғарылауы – гиперфосфатемия – бұлшық ет артық күш жұмсауында, гипопаратиреоз, Д гипервитаминозы, сүйек сынуының қайта жазылуы, нефрит, пиелонефрит, нефросклероз, нефроз, бауырдың сары атрофиясында, гемобластоз кезінде байқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кондрахин И.П., Архипов А.Р., Левченко В.И.и др. «Методы ветеринарной клинической лабораторной диагностики.» - М.:Колос, 2004- 520с.

  2. Практикум по внутренним незаразным болезням животных. Под редакцией В.М. Данилевского и И.П. Кондрахина. – М., Колос, 1992.

  3. М.А.Молдағулов, А.Н.Ермаханов, Ө.К.Есқожаев, А.З.Дюсембаева, А.Т.Қамбарбеков, А.И.Көлдеев, Б.Д.Айтжанов, Ж.І.Қазиев, С.Т.Сиябеков. «Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы». Алматы, 2007ж. 183-184-185-186-187 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет