Сурет – 1.
Ауески ауруына шалдыққан қой.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер
Шошқа, күзен және бүлғыннан басқа өлген жануарлардың денесінде үйкелген жерлерінің жүні түсіп, терісі бүлінген, тері астындағы шел жалқақтанып, қанталаған. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары домбыққан, толық қанды. Ет қоректілердің қарны көп жағдайда желінбейтін заттармен аралас қоректік заттарға толы болады. Қарын мен ішектің кілегейлі қабығы гиперемиялы қанталаған. Үл- першек ағзаларда қан іркіліп, эпикардтың асты жолақтанып қанталаған, қуық несепке толып, кілегейлі қабығы қанталаған. Ми қабығының қан тамырлары білеуленіп, ми мен оның қабығы домбыққан. Шошқада, негізінен, өліеттеніп ойылған тонзилит жэне өкпенің домбығуы қатарлы бронхопневмония ошақтары кездеседі. Әр түрлі үлпершек ағзаларда, лимфалық үлпаларда, оның ішінде жұтқыншақ сөл түйінінде жекелеген немесе көптеген бозғылт-сары үсақ өліеттенген ошақтар кездеседі. Екі айға дейінгі торайларда эдетте ми мен жұлын қабынып, ми домбығады, ал оның бүйіріндегі қарыншаларында едәуір сүйық зат жиналады.
Балау
Алдын-ала диагнозды індеттанулық және клиникалық белгілері, патанатомиялық тексерудің нэтижесі арқылы қояды. Аурудың басты белгісі - қышынып, терінің үйкелуі. Шошқа қышынбайды. Торайларда энцефалиттің белгілері, ал ересек шошқаларда түмауратқан пневмонияның белгілері басым болады. Иттер мен мысықтардың арасында болған ауру мен өлімді, кемірушілердің жаппай қырылуын ескеру қажет. Түбегейлі диагноз зертханада міндетті түрде үй қояны мен жас мысыққа қойылатын биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялық тексерудің нәтижесін ескере отырып қойылады. Зертханаға ұсақ жануардың өлексесін түтастай, ал ірі малдың басын немесе миын, ішкі ағзаларының (шошқаның міндетті түрде өкпесінің) кесінділерін жэне сөл түйіндерін жібереді. Жаздың күні материалды 50% глицеринмен немесе ас түзының қаныққан ерітіндісімен консервілейді. Материалдан алынған суспензияны зертханалык жануарға бұлшық етіне жібергенде 3-5 күң өткенде елігіп, қасынып Ауески ауруына тэн белгілер пайда болады.
Емі
Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына қарсы гиперим- мунді сарысу мен иммунді глобулин қолданылады. Емдеу уақыттылы, жануар ауыра бастағанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер жэне симптоматикалық ем үшін витаминдер қолданылады.
Сурет – 2. Ауески ауруын қолдан жұқтырудан өлген қоянның санындагы қажалым.
Қолданылған әдебиеттер тізімі Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сайдулдин Т. « Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары» Алматы,2013ж. (36 – 50 б).
Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, 1999ж.(125-127 б).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!
http://dereksiz.org
Достарыңызбен бөлісу: |