Сөж тақырыбы: Ауески ауруы



бет3/7
Дата03.01.2022
өлшемі1.74 Mb.
#451423
1   2   3   4   5   6   7
sro(20160437-285012) (1)

Дерттенуі

Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр жэне жас ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әр түрлі өтеді. Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал басқа жануарларда баяу көбейеді. Аз уақыттан кейін ол жүйке мен сөл жолдары арқылы миға жетеді де, вирустың көбеюі ми мен оның қабықтарының жіті қабынуына әкеп, соғады. Бұндай жағдай жануарларда, әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар торайларда энцефаломиелиттің клиникалық белгілері білінеді. Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай қоймайды. Вирустың пантроптылығы әсіресе шошқада байқалады да, соның нәтижесінде қоздырушы барлық ішкі ағзаларда жиналып, жүйкені зақымдаумен қатар өте ауыр септицемия тудырады. Оның нәтижесінде дененің ыстығы көтеріліп, әртүрлі ағзаларда домбығу мен қанталау (геморрагиялық диатез) байқалады. Аурудың нэтижесінде минерапьдық заттар белок жэне көмірсу алмасуы бұзылады, орталық жүйке жүйесі мен теріде ацетилхолин мен гистаминнің мөлшсрі өзгереді де, дене қышынады (гиперестезия). Дерт процесі тыныс және ас қорыту жүйесін қамтығанда өқпе домбығып, пневмония байқалады, іш өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет