Сөж тақырыбы: Ауески ауруы



бет4/7
Дата03.01.2022
өлшемі1.74 Mb.
#451423
1   2   3   4   5   6   7
sro(20160437-285012) (1)

Өтуі мен симптомдары

Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн, кейде 3 аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына жэне та- биғи төзімділігіне жэне вирустың уыттылығы мен енген жеріне байланысты. Ауру жіті өтеді. Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланыс- ты. Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тэбеті бұзылады, кейде құсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошқалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда атапған белгілерімен қоса мұрынынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жүтқыншағы мен көмейі салдану байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді. Бордақыдағы үлкейген торайларда, егер тұмаудың вирусы, салмонеллалар мен пастереллалар қабаттасса, өкпесі қабыну жиі байқалады. Мегежіндердің сүті қайтып, жаппай іш тастайды, не өлі туады. Ауру еметін және енесінен бөлінген торайларда өте зілді өтеді.

Ауруды өлі тиген, эпилепсиялық дел-сал жэне аралас түрлерге бөледі. Жаңа туған торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалиттің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың жылжуға, емуге жэне дыбыс беруге шамасы келмейді. Қалшылдап, сілекейі ағып, жүтқыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп қачады.10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менинго-энцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41°С жэне одан да жоғары көтеріледі, жабырқау тартып, әлсіреп қүсады, шөлдейді. Кейінірек орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері байқапып, не қозу (эпилепсия), ңе тежеу (дел-сал) процестері басым болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет