Сөж тақырыбы: Қазақ мәдениетін танытатын мақал-мәтелдерді тізу, сұрыптау және интерпретация беру(реферат, жазбаша) Орындаған: Нұрқыдыр Аружан Тексерген: Ахметбекова А. К. Алматы 2023 Мақал мәтелдер



Дата04.10.2023
өлшемі61.52 Kb.
#479856
түріРеферат
МАК Нұрқыдыр Аружан


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Шығыстану»
Кафедрасы «Қиыр Шығыс»

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ мәдениетін танытатын мақал-мәтелдерді тізу, сұрыптау және интерпретация беру(реферат, жазбаша)

Орындаған: Нұрқыдыр Аружан


Тексерген: Ахметбекова А. К.

Алматы 2023
Мақал мәтелдер
Пышақты өзіңе сұқ
Ауырмаса өзгеге сұқ.”

Өзге адамды ренжіту, өзгеге қастық жасау оңай. Бірақ өз басымызға келгенде, ол бізге үнамайды. Түпкі түйін: алдымен «өзіңе қастандық жасалса ұнар ма еді?» деген сұрақ қою, жауабы «әрине, жоқ», онда ешкімге зұлымдық жасамау керек.


Абыройың артқан сайын арқалар жүгіңде ауырлайды”


Бұл жерде мақалдың мәні мынада, адамның лауазымы өскенімен, оған артылар жауапкершілікте өседі. Атқаратын іс, жауапкершілік және адамдардың көз-қарасы өзгереді. Алайда мансапты қумай, елдің қамын ойлап, бұрынғыданда көп жұмыс жасайтын адамдның абыройы өседі.


Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.”


Қастық – бұл достықтың қарама-қайшылығы, сонда да дос екіжүзді болса, барлығын бетке тура айтатын дұшпан артық болады.


Өзіңді өзің сыйламасаң,


Өзгеден сый күтпе.”

Бұл мақалдың мәні егер өзіңізге сыймен қарамасаңыз, өзіңізді бағаламай, кемсітсеңіз, басқа адамдар да сізге солай қарайтын болады.


Ауырып ем іздегенше,


Ауырмайтын жол ізде.”

Дертке шалдығып, денсаулықты қалай қалпына келтірудің жолын іздегеннің орнына ауыруға шалдығудың алдын алу керек.


Асыл текті балапан ұясында ән салар”


Егер баланы кішкентайынан өнерге баулыса, келешекте көрнекті адам болып өседі.


Сақау баланың тілін шешесі біледі.”


Әр ана баласына өз өмірін арнайды, тәрбе беріп, әлпештеп өсіреді. Баламен күнтүнсіз уақыт өткізетін болғандықтан туғанын бес сауғындай біледі. Кейде тіпті барлығын сөзсіз-ақ түсінеді.


Керексіз сатып алсаң, кейін керегіңді сатарсың”

Яғни сатып алынатын заттарға жауапкершілікпен келіп, ақшаның босқа шашылмауын қадағалау маңызды.


Жаманға сөз қатпағанның өзі жауап”


Бұл жерде сөзді түсінбейтін адаммен айтысудың мәні болмайтыны туралы айтылған.


Араға ерсең бал татарсың, қоңызға ерсең қиға батарсың”




Ара еңбекқор және оның қоршаған ортаға пайдасы мол, хош иісті гүлдердің арасында ұшып жүреді, яғни ара сияқты еңбексүйгіш адамның артынан еру керек. Қоңыз болса өз қара басы үшін ғана жұмыс істейді, ондай адамның артынан ерсең құрдымға кетесің.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет