Сөж тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері. Орындаған: Аубакирова Аружан Тобы: а-9-20



бет4/6
Дата01.06.2022
өлшемі25.06 Kb.
#458879
1   2   3   4   5   6
Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері (Аубакирова Аружан )

Көрнекілік принципі жазуға, әсіресе көркем жазуға үйренудің негізі. Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың методикасын жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалардың заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту мен тәрбие процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілік қолданудың нәтижесінде сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныпта сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеру әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді. Көрнекіліктің тәрбие процесінде де маңызы өте зор. Мысалы, бұған дәлел, біріншіден, мұғалімнің, ата – ананың, ересек адамдардың мінез –құлқы, жүріс – тұрысы, іс - әрекеттері балалар үшін үлкен өнеге. Олардың өнегесін, әдет – ғұрпын балалар тікелей бақылайды, көреді, өзінің бойындағы қасиеттерімен салыстырып, үлгі алуға тырысады; екіншіден, тәрбие жұмыстарының барысында ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы саласындағы белгілі жаңашыл адамдармен, Ұлы Отан соғысының батырларымен, совет барлаушыларымен олардың адамгершілік, патриоттық, интернационалдық істерімен оқушылардың экранды – динамикалық, дыбысты техникалық құралдар арқылы таныстыру жеңіл де және түсінікті де болады.
Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту мен тәрбие материалдарын, әсіресе теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше. 
Көркем жазуда оқушы ғана түсіндіру, тапсырма беру көп қиындық тудырады. Бұған қоса мұғалімнің жазу үлгілеріне жазып көрсетуі қолтаңбаның дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді.
Оқушылар түсіне отырып жазуының маңызы зор.Мәселен, оқушылар көлбеу жазудың не үшін керектігін түсіне отырып жазу керек. Сонымен қатар көркем жазудан алған оқушылардың білімдерінің кейбіріне ереже ретінде қарау керек. Мысалға, оқушылар гигиеналық талаптарды, әріп элементтеріне қойылатын талаптарды білу керек. Ережелерді оқушыларға біртіндеп үйретіледі. Ең бірінші ереже – гигиеналық және әріптің солдан оңға қарай көлбеу жазуы.
Екінші ереже – элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. 1,2 сыныпта оқушылар бұл ережелерді қайталап, өз айтқандарын көрсете білуі керек.
Түсіне отырып жазу оқушылардың өзінің немесе өзгенің қатесін түзетуге үлесі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет