Сөж тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері. Орындаған: Аубакирова Аружан Тобы: а-9-20


Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері



бет3/6
Дата01.06.2022
өлшемі25.06 Kb.
#458879
1   2   3   4   5   6
Бастауыш сыныптардағы жазудың мақсаттары мен міндеттері (Аубакирова Аружан )

2.Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмыстың негізгі мақсаты – балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету.Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қана қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жазса,оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр.Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады. Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.
Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Әріптің көлемі біркелкі болуы 1,2 сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.
2 – 3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған.Кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм.
Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет