Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды экономикалық негіздеу, ұйымдастыру және құрылыс технологиясы Техникалық-экономикалық негіздеу есебі мекеменің құрылыс негізіндегі экономикалық негізі үшін және ғимараттар мен үймереттердің техникалық-экономикалық негізі үшін құрылады.
Құрылыстың есептеу бағасы техникалық-экономикалық есеп заңымен қарастырылады және ол пландық капиталдық құрылыс құрғанда саналады және құрылстағы ғимаратты жобалағанда қателігі аз болуы керек.
Топографиялық-геодезиялық өндірістің экономикалық-ұйымдастыру ерекшеліктері төмендегілерге:
1) Өндіріс технологиясы;
2) Еңбек объектілерінің физикалық-географиялық және экономикалық талаптарының әртүрлілігі;
3) Еңбектің өзінің ерекше сипаттамасына, жұмыстың түрлері мен процестерінің соңғы нәтижелерінің мазмұны мен белгіленуінің ерекшеліктерімен байланысты.
Өндіріс технологиясымен келісілген ерекшеліктер ең алдымен далалық және камералдық жағдайларда жұмыс істеудің кезектілігінің қарастырылуымен байланысты. Бірақ, далалық жұмыстардың орындалуы қоршаған ортаның (жер бедері, өсімдік жамылғысы, климат және т.б.) әсерімен байланысты және ұзақтығы далалық мерзіммен шектелген. Мерзімділік, далалық жұмыстың орындалуының экспедициялық қажеттілігін ескертеді. Далалық жұмыстардың экспедициялық сипаты бөлімше ішінің және бөлімшенің өзінің жұмыс орындарының тарамдалуымен, сонымен қатар орындаушылардың үнемі орын ауыстыруымен сипатталады. Өндіріс мерзімділігі еңбек күшінің қолданылуының тиімділігін төмендетеді. Далалық жұмыстар өндірісінде бар негізгі қорлар (аспаптар, құралдар, құрал-жабдықтар) далалық мерзімділік уақыт аралығында ғана қолданылады, ал басқа жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайда маңызды ерекшелік - далалық жұмыс процесінде бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына еңбек жабдықтарының орын аустыруында жатыр.
Еңбек жабдықтары мен адамдардың орын ауыстыруы далалық бригадаларды транспортпен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Сонымен, топографо-геодезиялық өндірісте транспорт (автокөліктер, тікұшақтар және т.б.) тікелей өндіріс күші болып табылады. Бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына орын ауыстыруға кеткен уақыт, жұмыс уақыты болып табылады және жұмыстың көп түрлерінде қозғалыс жылдамдығы еңбек өндірісіне тікелей әсер етеді.
Жұмыстың орындалуының экспедициялық сипаты объектіде далалық жұмыс өндірісіне алдын ала дайындық шараларын өткізуге, ал жұмыс аяқталғаннан кейін ликвидациялық шаралар өткізуге қажеттілік тудырады. Бұл шараларға әсіресе сирек қоныстанған, алшақ орналасқан аудандарға кететін шығын жұмыс өндірісіне кететін шығынның маңызды бөлігін құрайды.
Қорытынды: Топографиялық-геодезиялық жұмыстар кешенді ұғым болып табылады. Олар құрылысқа немесе экономикалық қажеттіліктерге бөлінген белгілі бір аймақтың рельефін егжей-тегжейлі зерттеуге бағытталған. Топографиялық-геодезиялық жұмыстар жер бедерінің жағдайы мен рельефі, қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар (жер үсті, жерасты және жер үсті) және басқа да жоспарлау элементтері туралы нақты, шынайы және өзекті материалдар мен деректерді (цифрлық, графикалық және өзге де нысандарда) алуға арналған.
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
2. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
3. Нұрпеиісова М.Б. Геодезия - Оқулық. Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005.