Сөж тақырыбы: Клетка дифференцациясы Орындаған



бет1/2
Дата13.04.2024
өлшемі48.5 Kb.
#498615
  1   2
Цитология СОӨЖ 7 Амангелді Инабат


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті



СӨЖ

Тақырыбы: Клетка дифференцациясы

Орындаған: Амангелді Инабат
Қабылдаған: Шолпанқұлова Гаухар

Тараз 2023


Жоспары:
1. Клетка дифференциациясына әсер ететін факторлар
2.Дифференциациялануда ядроның ролі
3.Дифференциация процесіндегі цитоплазманың рөлі
4. Индукция процесі
Жасушалар дифференциясы (дифференциация клеток); (лат. Differentia — ерекшелік, айырмашылық, өзгешелік, гр. Kytos – жасуша) – біркелкі (индефферентті) жасушалардан, даму және жетілу процесі нәтижесінде маманданған әркелкі жасушалардың түзілу процесі.
Жасушалар жіктелуі – жасушалардың интерфазалық кезеңінде жүзеге асады. Жасуша ядросының генетикалық аппаратында әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуі нәтижесінде түрліше өзгерістер жүреді. Осындай пайда болған жаңа айырмашылықтарға сәйкес, биохимиялық жолдармен тек осы жасушаларға тән арнайы протеиндер синтезделіп, жалпы органеллалардан басқа кейбір жасушаларда белгілі бір қызметтер атқаратын арнайы органеллалар (тонофибрилла, миофибрилла, нейрофибрилла, кірпікшелер, микробүрлер және т. Б.) түзіледі.
Ядро (лат. Nucleus, гр. Κάρυον) — хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Диаметрі — 3-10 мкм.
Интерфазалық жасуша ядросы хроматин дәншелерінен (хромосомалардың микроскоппен көрінетін бөліктері), ядрошықтан, кариоплазмадан (ядро сөлі) және кариолеммадан (нуклеолемма) тұрады. Сыртқы және ішкі жарғақтардан құралған кариолеммада цитоплазмамен қатысатын диаметрі 80-90 нм тесіктер болады.[1] Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.
Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді. Ядросыздарда сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады және ол тікелей цитоплазмада жатады.
Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет