Көшпелі және отырықшы өркениет
Ұлттық мәдениетімізді сипаттағанда әртүрлі атаулар қолданылып жүргендігіне (түркі өркениеті, көшпелі мәдениет, дала өркениеті т.б.) қарамастан біз соңғы қала мен даланың синтезі іспеттес Ұлы дала өркениетіне басымырақ ден қойып жүрміз. Өзара мәдени байланыстар мәселесі отандық тарихнамада жоғарыдағы ұғыммен талданғаны белгілі. Қазақ халқының көшпелі өркениеті кез-келген басқа әлемдік өркениеттер сияқты біртұтас, өзінше тұйық, сонымен қатар біртекті әрі жан-жақты.
Ендеше тарихымызбен мәдениетімізде ерекше із қалдырған қала мен дала мәдени синтезі немесе көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің өзара байланысы мен өзара ықпалы мәселесінің тарихнамалық негіздерін талдай отырып, түркі дәуірінде орын алған өзара мәдени байланыстар мәселесінің зерттелуінің жалпы бағыттарын анықтай аламыз. Сондықтан мәселенің зерттелуін қарастыру барысында мына мәселелерге баса назар аударамыз:
- қала мен дала мәдени байланыстары мәселелерін зерттеудің басталуы мен қалалық мәдениет пен оның қалыптасуы мен дамуындағы көшпелі халықтардың рөлі туралы тарихи білімдердің жинақталуы, олардың сипаты мен тарихи тұжырымдар.
- көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениет ошақтарының өзара байланыстары туралы тарихи ой-пікірлер эволюциясы мен көшпелі халықтардың рөліне жаңаша көзқарастардың қалыптасуы
1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуына байланысты қазақ археология мектебі қалыптасты. Қазақстандық архелогтар біз қарастырып отырған мәселенің зерттелуіне зор үлес қосты. Ә.Х. Марғұлан бастаған ОҚАЭ неолит, энолит дәуірлері мен қола дәуірі ескерткіштерін ғана емес, ортағасырлық түркі ескерткіштерін де зерттеп, Орталық Қазақстан тек көшпелілер елі ғана емес, сонымен қатар отырықшы және қала мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдеп берді [10].
Кең көлемде жүргізіле бастаған археологиялық зерттеулер күн тәртібіне қала мен дала мәдени байланыстарының жалпы заңдылықтары мен жолдарын анықтау мәселесін қойды. Сондай-ақ әртүрлі жазба деректердің ғылыми айналымға түсуіне байланысты көшпелі халықтар мен олардың отырықшы өркениеттер арасындағы байланыстары туралы мәселе қайта көтерілді. [12]
Адамзат тарихының даму кезеңдерінің соңғы ғасырларында жалпы дамуы жағынан көп артта қалған көшпелі халықтар тарихы көптеген зерттеушілер тарапынан “тарихы жоқ” халықтар есебінде бағаланып, назардан тыс қалдырылғаны белгілі. Қазақстан жеріндегі көшпелілік пен отырықшы өмір салтының дәстүрлері ұштасқан аудандарында аталған аймақтардың саяси, экономикалық, мәдени, этникалық қарым-қатынастары өзара байланыста дамыды. [16]
Алайда бұл қарым-қатынастардың сипаты мен мазмұнына
зерттеушілердің көзқарастары бірдей емес. Алдыңғы тарауларымызда да атап өткеніміздей тарих ғылымында көшпелілер «адамзаттың арамтамақтары» ретінде қарастырылып, көшпелі және отырықшы әлемнің мәңгілік қарама-қайшылығы туралы пікір үстемдік алды. Бұл пікір бойынша көшпелі халықтар қоғамдық дамуы жағынан арта қалған, жабайы, кемшін мәдениет иелері есебінде сипатталып, мәдени байланыстар тұрғысынан алғанда өркениетке қосар үлестері жоқ, сондай-ақ өркениетті халықтардың жетістігін де шығармашылықпен игере алмайтын құлықсыздар қоғамы ретінде көрсетілді.
Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде көшпелілер туралы: “отырықшы егіншілермен тұрақты күрес жағдайында, олар өз жолындағының бәрін жайпап өтеді және гүлденген жазираны өлі шөл далаға айналдырады” деп жазылды [11, 400-405 бб.]. Шығыстың, соның ішінде Қазақстан мен Орта Азияның көшпелілері көбіне көнерген мәдениетті қиратушылар ретінде ал олардың өркениет дамуына ықпалы тек бүлдірушілік тұрғыда ғана болды, деп қарастырылды. Мысалы, Орта Азияның тарихы отырқшы Иран өркениетін көшпелі түркілердің бірте-бірте жаулап алып, күйретуінің тарихы деп саналды [12, 18-19 бб.].
Ал Орта Азияның қалалық мәдениетіндегі көшпелілер мәдениетінің анық ықпалын кей зерттеушілер қалалық мәдениеттің “жабайылануы” деп бағалай отырып, бірақ бұл процесс кең етек алмады, қалалық мәдениет өз дамуының бұрынғы дәстүрлерін сақтады деп қорытындылайды. Алайда бүгінгі таңда көшпелілер мен егіншілер арасында тығыз байланыстар орнатылғаны анықталып отыр. Ендігі тұста мәселе көшпелі халықтардың “егіншілік-жазиралы алқаптар мен қалалық мәдениет ошағын қиратушылар ретінде” ғана емес, керісінше егіншілік пен көшпеліліктің өзара әсері мен бірлігі тұрғысында қойыла бастады. Тарихи зерттеулердің бағытындағы бұл өзгерістер көшпелілік пен көшпелі өмір салтына деген жалпы ғылыми ойсананың өзгерістеріне тікелей байланысты болды.
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б.з.б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери демократия болды. Сақтардың құрамына көптеген тайпалар кіреді.
Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.{41-56,}
Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады.{18-36}
Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады.
Сақ тайпаларына байланысты археологиялық ескерткіштер Қазақстан аумағының барлық жерлерінен кездеседі. Сақтардың өмір сүрген аумақтары көбінесе өзен аңғарлары маңайында болған. Көбінесе Жетісу және Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарында кездескен. Сақтардың өмірі, тқрмысы, мәдениеті туралы мол мәлімет беретін археологиялық ескерткіштер қатарына «Есік» обасы, «Бесшатыр» қорымы және т.б жатады. «Есік қорғаны» - алғашқы «алтын адам» табылғандығымен әйгілі. «Алтын адам» сол замандағы өмір туралы мәлімет беретін ең құнды жәдігер болып саналады. Қару – жарағы, әшекейлер, киіміндегі салынған суреттердің барлығы сақтардың дүниетанымын сипаттайды.
Мысалы, бас киімініің маңдайшасында алтыннан жасалған мүйізді, қанатты жылқы бейнеленге, ал екі шетінде тау сілемдері, барыс және таутекелер бейнелленген.
Сақтардың мәдениетінің ең басты ерекшелігі «Аңдық стиль». Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді..
Достарыңызбен бөлісу: |