Сөж тақырыбы: Ұлы, Орта, Кіші жүздердің пайда болуы



бет2/3
Дата15.10.2022
өлшемі42.65 Kb.
#462763
1   2   3
Жүздердің қалыптасуы

Орта жүз
Қазақ хандығы мен жүздерінің қалыптасуынан көп жыл бұрын, сонау Алтайдан Дунайға дейінгі атырапта Қыпшақ тайпалық одағы өмір сүрді. Олар көптеген қазақ тайпаларының этникалық құрамына енді. Уақыт өте келе Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде Орта жүз бірлестігі қалыптасты. Олардың тікелей түп төркіні Көк орда мен көшпелі өзбек мемлекетінің құрамындағы тайпалар еді. Оның ішінде әсіресе, Орта жүз бірлестігін қалыптастырудағы Арғын тайпасының ықпалы мен орны өзгеше болатын. Сондықтан да халық Орта жүз қазақтарын «Орта жүз арғын» атандырған. Оның құрамына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ және қоңырат тайпалары енеді.
Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатып да, жазда Тобыл, Есіл, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен-жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. XVII ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген еді.
XVI-XVII ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қоластындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеді. XVIII ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке және Күшік хандардың дербес хандықтары; Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке-дара өмір сүрді. Мұндай феодалдық бытыраңқылық қазақ жерінің айтарлықтай бөлімін XVIII ғасырдың басында Жоңғар мемлекетінің жаулап алуына мүмкіндік туғызды. Айталық, наймандар мен керейлерді Алтайдан, Ертіс бойы мен Тарбағатай өңірінен; арғындарды Орталық және Оңтүстік Қазақстанның шығысынан Орталық Қазақстанның Солтүстік-батысы мен Оңтүстік өңіріне ығысуға мәжбүр етті. Бірақ Орта жүз жұртшылығы Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның басында Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Шақшақ ұлы Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Сүйіндік, Бұқар жырау, Олжабай батырлар тұрды. Ұлы жүз тайпаларының мекен-жайы түгелдей Жоңғарлар билеуіне көшті де, Төле би Ташкентте отырып, Жоңғар хандығына бағынышты жағдайда салық төлеп тұруға мәжбүр болды.
Ал, Кіші жүз елі солтүстіктен казактар, башқұрттар, батыстап Еділ бойы қалмақтарының толассыз шабуылының нәтижесінде Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге арқа сүйеуге мәжбүр болды. Сөйтіп, олардың Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жоңғарға қарсы жүргізілген шайқастардан тыс қалғандары да шындық. Тіпті, Жоңғар мемлекетінің күйреуі кезінде Шығыс Түркістан шегінен өтіп жауға ойран салған да Бөгенбай, Қабанбай батырлардың айбынды қолдары болатын.
XVIII ғасырдың екінші жартысында, Жоңғар хандығының күйреуінен кейін Орта жүз тайпалары өздерінің атамекеніне оралды. XVIII ғасырдың соңына қарай олар Ырғыз, Торғай өзендеріне, Ресей шекарасынан Сырдарияның ортаңғы ағысына дейінгі аралықты алып жатты.
XVIII ғасырдың 40-жылдарында Орта жүз Ресей патшалығына бодандыққа түсуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы мүлде күйреген соң, Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп, 1771 жылы үш жүзге хан сайланды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдыц басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен-жайы да кеңейе түсті. Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824-1859 жылдар аралығында Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл. Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуандарды құрып, оларды дуанбасы төрелер басқаратын етті. Дуан 1520 болыстан, әр болыс 1012 ауылдан тұратын. Мұндай әкімшілік жүйесі XIX ғасырдың 60 жылдарына дейін өмір сүрді.
Патшалы Ресей тарапынан қазақ хандығын жою халықтың мемлекеттігін, өз алдына елдігін жою әрекеттері отарлау саясатының негізгі мақсаты болғандығы даусыз. Сондықтан қазақ мемлекеттігі үшін күрес толастамады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы 1837-1847 жылдар арасында азаттық үшін күрес жүргізді. Кенесары қазақ халқының соңғы ханы болды. Оны халық ақ киізге отырғызып хан көтерді. 1847 жылы патша генералдары астыртын айдап салған Алатау қырғыздарының қолынан қаза тапты. Осы тұста азаттық қозғалыс туыс халықтың қан төгісіне ұласқанын да айту керек.
1868 жылы саяси реформа бойынша Қазақстан жері облыстарға, уездерге, болыстарға және ауылдарға бөлінді. Қазан революциясына дейін Орта жүз жұртшылығы негізінен Торғай, Ақмола, Семей және жартылай Жетісу, Сырдария облыстарында мекендеген. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде Маңғыт немесе Ноғайлы тайпалар одағы қалыптасқанды. Бұл одақтың құрылуына ішкі себептермен қоса, сыртқы дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет