Сөж тақырыбы: Өз-өзіне қол жұмсау және оның негізгі түрлері Орындаған: Қаирбекқызы А



бет3/4
Дата28.11.2023
өлшемі72.24 Kb.
#484661
1   2   3   4
өз-өзіне қол жұмсау

Эгоистік суицид – адамдардың жеке қоғамның үлкен әлеуметтік бірліктеріне сәтсіз интеграцияланған қоғамдарда немесе топтарда кездеседі. Эгоистік суицидте адам ақша, рахаттану, қызметте тез көтерілу т.с.с. бірден қанағаттандыруы мүмкін емес қажеттіліктерді қолынан келмегеннен өзін өлімге итермелейді. Бұл типте басқа дін өкілдеріне қарағанда протестанттар басым бөлігін құрайды.

  • Альтруистік суицид – кінәлілік сезімінен туындайды. Мысалы, қылмыскер өз-өзіне қол жұмсауы арқылы өзінің кінәсінен айырылдым деген сезімнен туындайды. Бірақ қылмыскерлер арасында суицидқа әрекет ететіндер аз. Альтруистік суицидке мысал ретінде Үндістандағы сати дәстүрі бойынша жесір әйел өзінің күйеуінің жанып жатқан денесінің жанына өз еркімен барып, өзіне қол жұмсауын айтуға болады.

  • Аномиялық суицид – адам өзін үлкен әлеуметтік қоғамның жалғыз атомындай сезінуінен туындайды. Қазіргі қоғамның тез дамуына байланысты түрлі мәселелер туындайды. Мысалы, моральдардың, діндердің , отбасылардың ыдыраулары; жұмыссыздық, төмен жалақы сияқты. Осы мәселелермен сәйкес қызғаныш сезімінен суицид көрсеткіші өскен.

  • Фаталистік суицид – бұл артық реттеуден туындайды, адамдардың дәрменсіз ережелер алдында түкке жарамсыздығынан туындайды. Кітапта бұл суицид түрі толық қарастырылмаған.

    Дюркгеймнің суицидтің себептерін тек әлеуметтанумен байланысты, психологиямен емес деп зерттеген. Оның ойынша адамдардың іс-әрекеттері тікелей адамдардың айналасындағы қоғамға байланысты деп есептеген. Мысалы, әлеуметтік қоғам адамды қоғамда артық, оның жалғыз, отбасынсыз болуы т.б. оның қоғамда ешқандай рөл ойнамайтынын санасына құю арқылы суицидке итермелейді және сол арқылы өзінен бас тартқан адамдарға өш алуға болады .

    • Осы оймен Дюркгейм суицидтің басты себебі бұл – жалғыздық деп түсінген. Суицидтің себептері тек әлеуметтік, психологиялық себептері болмайды деп түсінген.

    • Басқа авторлар суицид тек ақыл-есі дұрыс емес, ауру адамдарда т.б. болады деп түсіндірген. Дюркгейм осы ойларға қарсы факттер келтірді, мысалы, евреейлер арасында ақыл-есі дұрыс емес адамдар саны көп, бірақ олардың арасында суицид көрсеткіші төмен. Бұдан қорыта келсек, әйелдер арасында 20%, ал еркектер арасында 80% суицид орын алады және суицидке деген бейімділік балалық шақтан басталып, қартайғанға дейін болу мүмкін.

    • Ал басқа авторлардың ойынша суицид ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады, суицид көрсеткіші ұлт-өкілдеріне байланысты деген тұжырымдамалар айтты. Бірақ Дюркгейм бұл тұжырымдамаларды жоққа шығарды. Себебі егер бұл тұқымқуалайтын болса, суицид 5 жасқа дейін неге байқалмайды деген.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет