5.Осы оқулықтағы МАЗМҰНДЫ маған әр оқушыға түсіндіріп, ұғындырып жеткізуге не көмектеседі? Жауап: «оқыту механизмдері». Олар: 1) Оқыту формалары, 2) оқыту әдістері мен тәсілдері, 3) оқыту құралдары.
6.Оқыту формалары 4 топқа бөлінеді : жеке, жұптық, топтық, фронтальді. Мысалы, жеке – 1 оқушымен, жұптық – 2 оқушымен, топтық – 4-6 оқушымен, фронтальды – жаппай сыныптағы 20 оқушыға сұрақтар кою арқылы.
7. Оқыту әдістері 3 топқа бөлінеді.
1-топ: Сөздік оқыту әдістері (1.Баяндау, 2.Мотивациялық әңгіме,3.Лекция, 4.Кітаппен жұмыс,5.Әңгіме)
2-топ: Көрнекілік оқыту әдістері (1.Бақылау әдісі, 2.Демонстрация, 3.Бейне әдіс)
3-топ: Практикалық оқыту әдістері (1.Жатығу, 2.Лабораториялық әдіс,3.Проблемалы- Лабораториялық)
Сөздік оқыту әдістерінің ішінен мен алгебра сабағынан тақырыпты түсіндіру үшін осы әдістерді қолданамын.
Мотивациялық әңгіме 2) Баяндау 3) Кітаппен жұмыс 4) Әңгіме
Көрнекілік оқыту әдістерінің ішінен мен алгебрадан тақырып түсіндіру үшін осы әдістерді қолданамын.
Бейне әдіс 2) Бақылау әдісі 3)Демонстрация 4) Иллюстрация
Практикалық оқыту әдістерінің ішінен атап айтар болсам, алгебра тақырыбын пысықтауда мен осы әдістерді пайдаланамын
1) Жаттығу 2) Проблемалы-лабораториялық 3) Есеп шығару 4) Тәжірибе
8. Оқыту құралдарына жататындар:
8.1 Оқу – әдістемелік құралдар (оқулық, әдістемелік нұсқалар, есептер жинағы, лабороториялық жұмысқа әдістемелік нұсқа,анықтамалар,нұсқаулар,оқыту программалары)
8.2 Цифрлық ресурстар ( компьютерлік бағдарлама, Kahoot, «BilimLand» білм беру платформасы,GeoGebra,бейнефрагменттер)
8.3 Техникалық оқыту құралдары (интерактивті тақта, компьютер,ноутбук, проектр, телевизор,микрокалькулятор,лингофондық құрылыс)
8.4 Дидактикалық оқыту құралдары (үйлестіру карточкалары, схема,карталар, тірек сызбалар,суреттер,плакаттар,санау материалдары,формула жазылған карточкалар)
9.
Достарыңызбен бөлісу: |