Сөж тақырыбы



бет3/4
Дата21.11.2023
өлшемі23.31 Kb.
#484004
1   2   3   4
12-апта

2.3 Топтарды құру тәсілдері
Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде топтарды құруға ерекше көңіл аударған жөн. Жалпы жұмыстың табыстылығы топтың қаншалықты дұрыс әрі сәтті құрылуына байланысты болады. Топтың көлемі алуан түрлі, жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты ол 3-тен 6-ға дейін өзгереді, бұдан үлкен топтарда топтың барлық мүшелерінің белсенді жұмысы қамтамасыз етілмейді.
Қалауы бойынша топ. Қатысушылар топты өздері құрады, бірақ мұндай жұмыстың нәтижесін болжау қиын. Мұндай топтарда психологиялық сәйкестік жоқ, байланыс жақсы, бірақ топтардың күш шамасы және толықтығы әртүрлі. Кездейсоқ топ. Қатысушылар осы жұмыс үшін ғана бірігеді. Мұндай топтардың сәйкессіздігі дау-дамайға әкелуі және жұмысты мүлдем іске алғысыз етуі мүмкін. Түс, сан және т.б бойынша.
Көшбасшы қалыптастырған топ. Топ құрамы бір текті, өйткені көшбасшы белгілі нәтижеге қол жеткізуге қабілеттілерді таңдайды.
Зодиак белгілері бойынша. Әдетте оқушыларға әсер ететін ерекше шешім. Топтың күш шамасы, топтық өзара әрекеттестікке қатысушылар саны туралы сұрақ ашық күйінде қалады.
Мұғалімнің шешімі бойынша. Мұндай топ құру кезінде социометрия деректеріне сүйенген жақсы.
Мұғалім осы тақырыпқа байланысты оқушылардың төрт типін бөліп көрсетеді:
1 - ең аз деңгейге қол жеткізе алмағандар.
2 - ең аз деңгейге жеткендер.
3 - жалпы деңгейге жеткендер.
4 - озық шығармашылық деңгейге шыққандар.
1-ші типтегі оқушылар кіретін барлық топтар, шартты түрде теңестіру топтарына жатады, оның басты мақсаты - 1-ші типтің оқушыларын 2-ші тип деңгейіне шығару. Мұндай топтардағы жұмыс жоғарғы деңгей оқушыларына да пайдалы, өйткені материалды басқаға түсіндіре отырып, олар материалды өздері жақсырақ меңгеріп алады. Басқа қалған біртекті емес топтар даму топтарына жатады.
Оқушылардың темпераментін ескеруге болады. Мысалы, егер сангвиник пен сангвиникті біріктірсе, атмосфера жайлы болғанмен, өнімділік төмен болады; холерик+холерикпен біріксе қызулы эмоция тым көп болады, тәртіп болмауы да мүмкін; меланхолик + меланхолик ынталандыру болмайды, орнықты, шыдамды, бірақ өзара түсіну жоқ; флегматик + флегматик, бөгеушілік болады. Психология тұрғысынан араластырған жақсы: сангвиник + флегматик, холерик + меланхолик, сангвиник + меланхолик, холерик + флегматик.
Сабақтағы оқушылардың топтық жұмысының құрамдастары (кезеңдері):
Оқушылардың топтық тапсырманы орындауға алдын-ала дайындығы (оқу міндеттерін қою, мұғалімнің қысқа нұсқаулығы, дидактикалық материалдар).
Топта оқу тапсырмасын орындау жоспарын талқылау және құру (бағдарлау жұмысы), міндеттемелерді бөлу.
Топ мүшелерінің саны жасына және орындалатын тапсырмаға байланысты. Бастауыш мектеп үшін - бұл 4-5 адам, негізгі мектеп үшін - 5-6 адам, жоғарғы мектеп үшін - 5-8 адам.
Оқушыларды топтарға қалай біріктіруге болады?
1)Бірінші кезеңде мұғалім оқушыларды әрбір топта мықты оқушылар болатындай орналастырады. Топтағы рольдерді мұғалім өзі бөледі.
2) Мұғалім ұйымдастырушыны тағайындай отырып, топтарға бөледі. Ұйымдастырушы рольдерді бөледі, талқылау барысының дұрыстығын қадағалайды.
3) Мұғалім қабілеттірек оқушылар қатарынан әрбір топ үшін көшбасшы тағайындайды, ал көшбасшылар кезекпен бір қатысушыдан таңдайды, осылайша өз араларында мықтылар мен әлсіздерді тең бөледі.
4) Әртүрлі ашық хаттар мен қағаз парақтарын бөліктерге кию және оқушыларға кез-келген бөлігін тартуды ұсыныңыз. Бір түстің немесе ашық хаттың қиықтарын жинағандар-топ болады.
5)Жұмбақтар. Мұғалім топ басшыларын тағайындайды мысалы, алдыңғы тапсырманы тез және дұрыс жинағандар. Әрбір командир жұмбак мәтіні бар карточка алады (бір тақырыпта болса жақсы болады). Қалған окушылар үстел үстінен жауаптары жазылған парақшаларды алады. Топ басшылары кезекпен жұмбақтарды оқиды, оқушылар жұмбақты шешеді және топтарға бірігеді. Топтар күші жағынан әртүрлі болып шығады, бірақ әрбіреуінін топ басшысы бар.
6) Макалдарды қағаздың жіңішке жолақтарына жазып, бірнеше бөліктерге бөледі. Окушылар мақалдардың бөліктерін алады да, оларды бір бүтінге жинайды. Мақалдар окушыларға таныс болуы тиіс және әртүрлі тақырыптарды қозғауы мүмкін: еңбек-жалқаулық, шындық өтірік және т.б. Оқытудың басында мұғалім мақалдарды өзі таңдайды, кейіннен бұған оқушыларды тартады.
7) Лото. Окушылар лото картинкаларын алады да, үлкен тақырыптық карточкадағы «өз орнын» ын» іздейді: үй жануарлары, солтүстік жануарлары және т.б.
8) Басында мұғалім жұмыс мақсатын түсіндіреді, ал окушылар топтарға бөлінеді. Кім бурінші келсе сол топта. Жана материалды оку кезінде окушыларды «мықты» және «әлсіз», «орташа» және «мықты» жұптарға біріктірген дұрыс. Материалды жалпылап корыту және бекіту кезінде окушылардың күші бірдей болғаны жақсы: мықты-мықты, орташа-орташа, әлсіз-әлсіз. Шығармашылық жұмысты жүргізу кезінде окушыларға қалауы бойынша жұптарға бөлінуге рұқсат етуге болады.
Егер окушы ешкандай топқа қосылғысы келмесе, мәжбүрлеудің қажеті жок. Бутін жылғыз жұмыс жасай берсін, бірақ келесі жолы оған тағы да топқа қосылуға ұсыныс жасап көріңіз.
Егер окушыны топқа шақырмаса, топқа қабылдауды қалай сұрау керек екенін үйрету керек.
Оку тапсырмасын орындау бойынша жұмыс.
Мұғалімнің қадағалауы және топ жұмысын және жеке оқушылардың түзетуі. Топта тапсырманы орындауды бақылау және өзара тексеру. Мысал ретінде сіздің назарыңызға топтың жұмысы туралы есептің бірнеше түрін ұсынамыз. Барлық топ мұғалім тағайындаған окушыға немесе топтың әрбір мүшесі өз бақылаушысына (бұны де мұғалім тағайындайды) есеп береді. Есептің бұл түрі негізінен теңестіру топтары және 2-ші типті қолдау топтары үшін қолданылады. Барлық топтар мұғалімге басқа оқушыларды тарту үшін есеп берей
«Жария қорғау» есептің ең жиі әрі тиімді формасы. Топтың бір өкілі мұғалімнін дауы бойынша тақтаға шығады да, өз тапсырмасын барлық сыныпқа айтады. Басқа шешу жолдары талқыланады, егер ондайлар «қорғау» барысында анықталса. Тапсырманы талқылау барысында окушы шешімнің жеке қадамдарын негіздейді, тапсырма бойынша және оған жалғас теория сұрақтарына жауап береді, өзі сұрақ қояды. Stu
Топтардың және жалпы сынып жұмысының жеке-дара бағасы (рефлексия, топтық жұмыс және әр топтың жетістігі туралы жалпы шешім).
Топта рөлдік бөлудің мысалы ретінде:

  • Ұйымдастырушы (көшбасшы) - топ жұмысын ұйымдастырады.

  • Хатшы топ шешімін ресімдейді.

  • Ханнының көмекшісі-топ мүшелерінің барлық ұсыныстарын жазып отырады

  • Спикер топ жұмысының нәтижелерін береді

  • Спикердің көмекшісі топтағы ережелердің орындалуын қадағалайды. • Уақыт сақтаушы топ жұмысы регламентінің сақталуын қадағалайды. Әрбір қатысушы бір мезгілде «идеялар беруші», «түсінуші», «сыншы» ролінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет