1. Жобаның титулдық парағы Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек: кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы; кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі; құрылтайшыларының заңды мекенжайлары; жобаның атауы мен мәні (3 - 5 тармақ ); жобаның толық құны, қаржының болжалды көздері мен олардың құрылымы ( заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар ); коммерциялық құпияны сақтау туралы өтініш. - Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )
- Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.
- Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.
- Жобаның мәні
- Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек ,Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру.
- Маркетинг жоспары
- Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің қлайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету.
- Өндіріс жоспары
- Бұл бөлімнің басты мақсаты – барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.
- Инвестициялық климат пен тәуекелдер
- Бұл бөлімде инвестициялық климаттың жеке басты факторларына баға беріп, олардың даму үрдістерін жақсару немесе нашарлау жағдайында қарастыру қажет.
- Жобаның сәтті жүзеге асырылуымен байланысты тәуекел факторларын бағалау қажет. Бизнес-жоспарда (ең болмаса ұлғайтылған) тәуекелдердің талдауы және оларды төмендетудің амалдарының барлығы осындай жобалардың пайдасына есептеліп, инвесторлардың қызығушылығын арттырады.
- Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар)
- Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек :
- жаңадан жасалған заңды тұлғаның меншік нысаны (серіктестіктер бойынша жасалу және серіктестік шарттары көрсетіледі, АҚ бойынша басты (жарғы капиталының 5 % жоғарысына ие) акционерлер мен олардың үлесі көрсетіледі ); егер бұл ашық АҚ болса, онда қанша акция шығарылды және қанша шығарылатынын көрсету керек;
- директорлар кеңесінің мүшелері, олардың телефондары, кәсіби мамандықтары, қызмет туралы тізімі, осы саладағы жұмыс тәжірибесі көрсетілген қысқаша биографиялық анықтамалар;
- басшылық құрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлісу, кім қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие.
- Тәуекелдерге баға беру
- Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.
- Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін.
- Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |