Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес жоспар. Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі. - Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады:
- Бизнес-идея. Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек.
- Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс.
- Клиент. Кәсіпкер болашақ клиентінің кім болатынын жақсы білуі тиіс. Ол үшін кәсіпкер «Менің ықтимал клиенттерім кімдер? Олар қайда орналасқан? Менің клиенттерім нені бағалайды?» деген сынды сұрақтарға жауап беруі керек.
- Бизнесті ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастыру барасында кәсіпкер өз клиенттеріне өнімді (тауарды немесе қызметті) шығару және оны сату үдерістері қалай, қашан ұйымдастырылатынын, оның қандай көлемде шығарылатынын ойластыруы тиіс.
- Ақша қозғалысы. Кәсіпкерге жаңа бизнестің кірісі мен шығысын, теңгерімін болжау сияқты қаржылық құжаттарды жасау қиынға түседі. Дегенмен, ақшаның қозғалысын елестетіп көру қажет.
- Тәуекелдер. Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын: инфляция, несиелер, клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы, төтенше жағдайларға байланысты немесе серіктесіңіз тарапынан алданып қалу сынды барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет.
- Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:
- Жобаның титулдық парағы.
- Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ).
- Нарық пен сала жағдайына талдау.
- Жобаның мәні.
- Маркетинг жоспары.
- Өндіріс жоспары.
- Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.
- Ұйымдық жоспар ( басқару және кадр лар
- Қаржылық жоспар.
- Қосымшалар.
|