Сөж тақырып: Менің мансаптық және кәсіби өсуім Пән: Психология Орындаған: Бектемесов Мунарбек Ержанұлы Тексерген



Дата26.03.2023
өлшемі81.42 Kb.
#471142
Психология СРС


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультеті: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»
Кафедрасы: «бизнес-технологиялар»
СӨЖ
Тақырып: Менің мансаптық және кәсіби өсуім
Пән:Психология
Орындаған:Бектемесов Мунарбек Ержанұлы
Тексерген: Борбасова Г.Н

Жоспар:


-Кіріспе
-Менің мамандығымды таңдауым
-Кәсіби өсу
-Қорытынды

Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.


Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.
Жалпы, үлкен өмірге қадам басқан сәттен-ақ көп дүниелерге таңдау жасауға тура келеді.Ата-аналарымыз бала күнімізде үнемі біз үшін таңдау жасап,болашағымыздың жарқын болуна ықпал етсе,енді міне,есейіп,бойжеткен шағымызда барлық таңдау тікелей өзіміздің қалауымызбен жасалатын болды. Сәби күнімізде ойыншық таңдап,оқушы шағымызда мектептегі пәндер мен дос-құрбылар таңдай бастасақ,ал қазір міне мамандық таңдап,болашақты айқындайтын сәтте жетіп қалды. Мен болашақ кәсібімді таңдауға келгенде көп қиналып,ұзақ ойланған жоқпын.Өйткені менің табиғатым кішкентай күнімнен сатуға ,өте жақын болды. Бизнес дейтін құдіретті өлкенің шынайы сыры мен жырынан сәлде болса хабардар болып өстім. 5-ші сынып табалдырығын аттаған кезімде, мені осы мамандық өзіне ерекше баурап алды
Менің ойымда сан мыңдаған арман-тілектер,жоспарлар мен самсаған мақсаттар тұр. Содан,бір күні мен «осы мақсаттарыма жету үшін маған тек қана журналистика мамандығы көмектесе алады» деген ойға келдім.Өз қалауыммен дәл осы мамандықты таңдай отыра, ерекше құлшыныспен,шынайы сүйіспеншілікпен армандадым.Дәл бүгінгі уақытта мен өзім жылдар бойы мақсат еткен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне логистка мамандығы бойынша грант иегері болып оқуға түстім. Мен үшін бұл жеңіске жету – өте қиын, күрделі көпірден өткенмен тең болды. ҰБТ сынағынан да сүрінбей өту үшін қажырлы еңбек еттім деп айта аламын. Еңбегім еленіп, бағым жанғанына шын қуанамын,өзімді бақытты санаймын. Өйткені, арманымның тең жарты бөлігі логистка мамандығымен, осы жоғарғы оқу орнымен тығыз байланыста.Болашақта өзімнің жеке компаниямды ашқым келеді. Елімді елең еткізетін тың дүние ойлап шығару жоспарда бар. Елге көмектесіп,өзге ге де ,өзіме де пайда тапқанды жаным сүйеді.Болашақта өзім үшін емес,елім үшін адал қызмет атқаратын халқымның қалаулы,елімнің елеулі логисті болсам деген асқақ армандарым мені әрдайым алға жетелейді.
Жалпы, жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие шаралары т.б. жағдайлар əсер етеді. Бұл ықпалдарды көптеген зерттеушілер жұмысынан байқауға болады. Б.С. Круглов, А.В. Петровскийлердің, оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дəстүрлі емес нысандар құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына əсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кəсіпке бейімделуге септігін тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кəсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен əсер тигізетін тұлға ұстаз болып табылады. Ол ұстаздың оқыту процесін ұйымдастыруына жəне оның мазмұнына байланысты. Кəсіпке дайындалу жүйесі адам өмірінде ұзақ жылдар қалыптасып, біртіндеп индивидтің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Индивидтің бойындағы кəсіпке дайындалу қандай деңгейде болса да, ол өзінің маңызы бойынша адамды сипаттап, əлеуметтік жағдайларда адам мінез-құлқын саналы түрде басқарып, реттеп отыратын əрекетте өзінің ерекше орнын көрсетеді.
Осылайша, кəсіпке дайындық адамның мақсатына жетудегі барлық іс- əрекетін басқаруға əсер етіп отыратын ерекше сипатымен түсіндіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет