Сөйлемнің түрлері


-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен



бет5/5
Дата14.10.2023
өлшемі61 Kb.
#480757
1   2   3   4   5
Сөйлемнің түрлері. Шешендік өнер

6-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар. Олардың айтылу сазына қарай айырмашылықтарын түсіндіріңіздер. 
Нағыз шешен болу үшін тек шеберлік жеткіліксіз. Табан астында тауып сөйлейтін тапқыр, топқа тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болу қажет. Шешендік өнердің қиындығы туралы айтатын болсақ: 
Көш бастау қиын емес, Шабатын жерде жау бар.
Қонатын жерде су болса. Шаршы топта сөз бастау қиын,
Қол бастау қиын емес, Шешуін адам таппас дау бар,
- дейтін сөз соны аңғартады. 
Бүгінгі таңда қазақ халқының шешені болу үшін, өз заманының озат ойшылы, оқыған, саналы, білімді, мәдениетті азаматы болуға тиіс. 
Жалпы шешендік өнер халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны – халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айырылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген шешендік өнермен айтылған. 


7-тапсырма. Берілген сөйлем түрлеріне мысалдар келтіріңдер.




Хабарлы
Лепті Сұраулы Бұйрықты





Білгенге маржан. Үш жүз туралы біліп алыңыздар.

Үш жүз. Қазақ халқы үш жүзден тұрады. Олар: Бекарыс – Ұлы жүз; Ақарыс – Орта жүз; Жанарыс – Кіші жүз. Ұлы жүз: Үйсін (Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі, Жалайыр, Қаңлы, Шанышқылы). Орта жүз: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ. Кіші жүз: Үш топ Алшыннан құралады. Олар: Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ыссық, Қызылқұрт); Әлімұлы (Әлім, Шөмен, Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті); Жеті ру (Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Телеу, Табын, Тама, Рамадан). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет